Қаржыны басқаруға арналған қандай интернет-қосымшалар тіпті балалардың меңгеруіне ыңғайлы екендігі және олардың артықшылықтары қандай болатыны жөнінде сіздер «OYLA» ғылыми-танымдық журналының кезекті санынан білесіздер.
Бай-бақуатты өмір сүргісі келетін адамдардың барлығы жеке қаржысын басқаруды үйренулері қажет. Алайда, тек есептеуге болатын нәрсені ғана басқара аласыз, сондықтан барлық кірістер мен шығындарды жазып отыру маңызды. Оны кәдімгі дәптерге немесе қойын дәптерге жазып отыруға болады немесе мобильдік қосымшаны пайдалануға болады, онда арнайы бағдарламаның өзі-ақ диаграммалар түрінде сандарды бағандар бойынша көрсетеді. Бұл пайдаланушыға өте ыңғайлы, себебі өзіңіздің қаржылық жағдайыңыздың көзбе-көз көріп отырасыз.
Бюджетті жүргізуге арналған цифрлық сервистердің көмегімен күнделікті шығындарды, сондай-ақ жоспарланбаған шығындарды жазып отыруға болады, сонымен қатар қайталанатын транзакцияларды көріп, шығындарыңызды бақылауда ұстап отыру үшін еске салатын функцияларды қосуға болады.
Танымдық ақпарат, глоссарий, түрлі – түсті иллюстрациялар, коллаждар-мұның бәрі жас қаржыгерлерге материалды тезірек игеруге көмектеседі.
Өздеріңізге мәлім, балалар ересектердің іс-әрекеттеріне еліктейді, олардың түрлі нәрселерге, соның ішінде ақшаға деген көзқарасын саналарына сіңіреді. Сондықтан қаржыңызды басқаруда өзіңіз үлгі болу аса маңызды. Балаңызбен дүкенге барған кезде оның назарын тауардың құнына аударыңыз, үнемдеу дағдыларына үйретіңіз және неліктен асығыс сатып алмау керектігін айтыңыз. Уақыт өте келе балаңызға сатып алуларды өз бетінше, соның ішінде онлайн режимінде үйретіңіз, интернеттегі қауіпсіздік ережелерін – цифрлық гигиенаны сақтауға көңіл бөліңіз. Ұлыңызды немесе қызыңызды отбасының бюджетін үнемді жұмсағаны үшін жиі мақтап отырыңыз.
Егер балаңыз балалық шағында ақшаның қалай табылатынын білсе, олармен қалай дұрыс қарым-қатынас жасауды, кем дегенде өз деңгейінде асығыс шығындардан аулақ болуды үйренсе, онда есейген кезінде оған өмірге бейімделу оңайырақ болады. Қаржылық сауаттылық отбасыдан басталады!
Естеріңізге сала кетейік, балаларға арналған қосымшалар Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен «OYLA» ғылыми-танымдық журналында мемлекеттік және орыс тілдерінде шығарылады.
Толығырақ «Балаларға арналған қосымшалар» бөлімінде оқыңыз.
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар
Жылдам, ыңғайлы және пайдалы: неліктен автокөлік иелері Еурохаттамаға назар аударуы керек
Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма