2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 1 769 қарыз алушыға 15,7 млрд теңге сомаға қосымша көмек көрсетілді.
Бағдарламаның үшінші бөлігінің барлық шығысын өтеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 44,6 млрд теңге бөлді. Ипотекалық қарыз алушыларға 2021 жылғы 1 шілдеге дейін көмек көрсетіледі. Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының өлшемшарттарына сәйкес келетін және қарыздарын өтеу үшін қиындық туындап отырған қарыз алушылар Бағдарламаның үшінші бөлігін қолдану аяқталғанға дейін борыш жүктемесін азайту үшін кредитор банктерге жүгінуі қажет.
Егер қарыз алушыда жалғыз баспана болса және ол банктің балансына берілсе, онда қаржы институттарына клиентке жылдық 3%-бен сыйақы мөлшерлемесін тағайындау не оған тұрғын үйді кейіннен сатып алу мүмкіндігімен жалға беру құқығы беріледі.
Қайта қаржыландыру бағдарламасы туралы толығырақ мына жерден оқыңыз
Жаңа жағдайлардағы жеке пәтер: 2026 жылы ипотекамен не болады
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Қандай жағдайларда банк сіздің картаңызды немесе банктік шотыңызды бұғаттай алады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған салық түрлері: нелерді білу қажет?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт