Ақпараттық -әдістемелік ресурстар базасы

Құрметті оқырмандар!

Назарларыңызға қаржылық сауаттылық жөніндегі әдістемелік ресурстар базасын ұсынамыз. Бұл жерде сіздер түрлі елдердің қаржы реттеушілері мен ұйымдарынан қаржылық сауаттылық жөніндегі қызықты да пайдалы материалдарды, сондай-ақ түрлі құралдар, әдістемелік материалдар таба аласыздар.

Бұл база халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында ТМД елдерінің өзара іс-қимылы шеңберінде INFE OECD (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) жобасымен, сондай-ақ Орталық Азия және Шығыс Еуропа өңірлеріндегі AFI-мен (Қаржылық қолжетімділік үшін альянс) әріптестік барысында жинақталды.

Аталған база үнемі жаңартылып отырады.

Ресей

https://finuch.ru/ – «Жоғары оқу орындарындағы қаржылық сауаттылық» федералдық желілік әдістемелік орталығы. ММУ-дың экономика факультетінің жобасы. Жастар мен студенттерге арналған қолайлы портал, алайда ол барлық оқырманға пайдалы болады.

https://vashifinancy.ru/ – Ресей Федерациясы Қаржы министрлігінің «Қаржымен достас» жобасы. Түрлі жастағы адамдарға және нысаналы аудиторияларға арналған, қаржылық сауаттылық жөніндегі әдістемелік және ақпараттық материалдардан тұрады.

https://fincult.info/ – РФ Орталық банкінің қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі порталы. Ыңғайлы навигация және қарапайым, түрлі-түсті формат. Материалдар кез келген азамат үшін өзекті.

https://fincult.info/prepodavanie/base/obuchayushchie-materialy/ – әдістемелік және оқытатын материалдар. Оқыту және дәрістер мен семинарлар өткізу үшін пайдалануға болады.

Беларусь

http://fingramota.by/ – халықтың қаржылық сауаттылығының бірыңғай интернет-порталы, Беларусь Республикасы Ұлттық Банкінің жобасы. Бұл жерде сіздер Беларусь Республикасы үшін ғана емес, кез келген азамат үшін өзекті, көптеген пайдалы материалдарды таба аласыздар.

Сонымен бірге сайтта әдістемелік құралдар салынған бөлім бар: http://fingramota.by/ru/documents.

Жас отбасыларына арналған құрал бар бөлімге ерекше назар аудару қажет: http://fingramota.by/files/2020/6/24/637286144589852344.pdf

Сонымен бірге VISA-мен бірлесіп әзірленген чат-бот форматындағы онлайн-ойынға да назар аударыңыздар: https://finance.tut.by/visa.html#ua:finance.tut.by_main_left_service-menu_visa

Өзбекстан Finlit.uz – Өзбекстан Ұлттық Банкінің қаржылық сауаттылық жөніндегі жобасы. Түрлі тақырыптағы материалдары бар қолайлы әрі қарапайым портал. Интерактивті навигациясы бар.

Сонымен қоса қаржылық сауаттылық жөніндегі әдістемелік және стратегиялық материалдармен танысуды ұсынамыз.

МинФин РФ https://minfin.gov.ru/ru/om/fingram/ – Ресей Федерациясы Қаржы министрлігінің Ресей Федерациясында халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға және қаржылық білім беруді дамытуға жәрдемдесетін жоба.
Visa https://www.visa.com.ru/visa-everywhere/about-visa/financial-literacy.html - VISA жобасы және әдістемелік материалдарының жинағы. Онда оқушылар мен студенттерге арналған мамандандырылған материалдар бар.
MasterCard https://clck.ru/QCjAg – MasterCard-тың қаржылық сауаттылық жөніндегі жобалары. Порталда қаржылық сауаттылық жөніндегі ақпараттық материалдар, подкасттар, статистика, ақпараттық графика және бейнематериалдар бар.

Ағылшын тіліндегі материалдар:

Organization for Economic Co-operation and Development (OECD)

https://clck.ru/QCiue – кітаптар, мақалалар кітапханасы және ЭЫДҰ-ның қаржылық сауаттылық жөніндегі зерттеулері

https://www.oecd.org/financial/education/ – ЭЫДҰ-ның қаржылық білім беру жөніндегі жобалары

http://www.oecd.org/finance/financialconsumerprotection.htm – ЭЫДҰ-ның тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі жобалары

Alliance for financial inclusion (AFI)

https://www.afi-global.org/sites/default/files/publications/2018-03/publication-financial-education-workshops-armenia.pdf – Арменияның өңірлерде қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі кейсі

https://www.afi-global.org/events/bnm-afi-joint-learning-program-empowering-consumers-through-financial-education – қаржылық сауаттылықты арттыру арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғауды арттыру жөніндегі жоба

https://www.fenetwork.my/ , https://www.afi-global.org/news/2019/07/malaysias-pm-launches-national-strategy-financial-literacy-2019-2023 – Малазияда қаржылық сауаттылықты арттыру стратегиясы (AFI-мен бірлесіп қалыптастырылған)

https://www.afi-global.org/speeches/2019/11/knowledge-exchange-programme-between-bank-negara-malaysia-bank-thailand-bangko – Оңтүстік-Шығыс Азия өңірінің қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі бірлескен жоба бағдарламасы

https://www.afi-global.org/sites/default/files/publications/2020-05/AFI_DFS_WR_AW_digital.pdf – AFI-ның цифрлық қаржылық қызметтер саласында білім алмасу жөніндегі жобасы