Қандай жағдайларда микрокредиттерді электрондық тәсілмен беру кезінде биометриялық сәйкестендіру және электрондық цифрлық қолтаңба қолданылады?
Жауап:
Биометриялық сәйкестендіруді және электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолдану үш маңызды операция үшін жүзеге асырылады:
- Жеке кабинетте тіркелу кезінде;
- клиенттердің телефон нөмірін немесе банктік деректемелерін ауыстырған кезде;
- микрокредит беру шартын жасасу кезінде.
Агенттік Басқармасының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 77 қаулысына сәйкес "электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 217 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, ол бойынша биометриялық сәйкестендіру мен электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолдану үш сыни операция үшін жүзеге асырылады: - Жеке кабинетте тіркелу кезінде;
- клиенттердің телефон нөмірін немесе банктік деректемелерін ауыстырған кезде;
- микрокредит беру шартын жасасу кезінде.
НҚА сілтемелері: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035148
Ұйымның дербес деректер туралы заңнаманы сақтауына тексеру жүргізуге кім жауапты?
Жауап:
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті дербес деректерді қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Қазақстан Республикасы азаматтарының дербес деректерін сақтау және ұйымның дербес деректер туралы заңнаманы сақтауына тексеру жүргізу мәселесі бойынша.
21.05.2013 ж. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті дербес деректерді қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
НҚА сілтемелері: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1300000094/z13094.htm
Биометриялық сәйкестендіру кезінде ағымдағы кескінді тексеру қалай жүзеге асырылады
Жауап: Кадрда визуалды өзгерістер жасауға бағытталған кемінде үш сигналды және (немесе) командаларды идентификацияланушыға жіберуді қамтитын кескіннің дұрыстығын тексеру рәсімі, одан кейін онда бағытталған сигналдар мен командаларға сәйкессіздіктерді анықтау үшін бейне ағынын талдау.
Банктердің, банк қызметтерінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және микроқаржы ұйымдарының биометриялық сәйкестендіруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 56 қаулысының 2-тарауының 8-тармағына сәйкес сәйкестендірілетін адамның ағымдағы бейнесінің дұрыстығы және ағымдағы бейнені ауыстыруды болғызбау жөніндегі нормалар регламенттелген сәйкестендірілетін тұлға кескіннің дұрыстығын тексеру рәсімі жүзеге асырылған кезде жүзеге асырылады, кадрда визуалды өзгерістер жасауға бағытталған кемінде үш сигналды және (немесе) командаларды сәйкестендірілетінге жіберуді, одан кейін онда бағытталған сигналдар мен командаларға сәйкессіздіктерді анықтау мәніне бейне ағынын талдауды қамтиды.
НҚА сілтемелері: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400034950
Агенттік банктерге және ІІМ-ге Қазақстандағы киберқылмыс деңгейін төмендетуге қалай көмектеседі?
Жауап: Агенттік банктер мен микроқаржы ұйымдары сияқты нарықтың заңды қатысушыларына тиісінше Банктердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларын әзірледі.
Агенттік банктер мен микроқаржы ұйымдары сияқты нарықтың заңды қатысушыларына тиісінше Банктердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларын әзірледі.
Бұл Нормативтік құқықтық актілерде алаяқтардың клиенттің тікелей қатысуынсыз клиенттің атына кредит ресімдеуге немесе оның ақша алуына жол бермейтін қаржы ұйымдарының ақпараттық жүйелерінде, интернет-ресурстарында және мобильді қосымшаларында ақпаратты қорғауға қойылатын талаптар айқындалған.
Алаяқтар біздің атымызға кредит ресімдеу немесе ақша алу мақсатында телефон соғады, себебі біз тікелей қатыспасақ, олар біздің атымызға кредит ресімдей алмайды. Алаяқтар біз тікелей қатысқанда, яғни олар бізге қоңырау шалғанда, олармен сөйлесу барысында ғана атымызға кредит ресімдеп, шоттарымыздан ақша алады. Біздің қатысуымыз қажет болмаса, алаяқтар бізге қоңырау шалмай-ақ сырттай біздің атымызға кредит ресімдеп, шоттан ақшаны алатын еді.
Қаржылық қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін телефон арқылы белгісіз адамдармен қаржылық мәселелер бойынша сөйлеспеңіз.