Банк омбудсманын қалай табуға болады?

Жауап: Банк омбудсманының мекенжайы: 050013, Алматы қ., Айманов к-сі, 124, офис 301, телефоны: +7 (727) 983-30-16,  +7 (708) 983-30-16; E-mail: office@bank-ombudsman.kz.

НҚА сілтемелері: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z950002444_#z855


Тексерілетін қаржы нарығы субъектісінің қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда Агенттік/ҚНРДА қандай шаралар қолданады

Жауап: ҚНРДА қолда бар өкілеттіктер шеңберінде тексерілетін субъектілер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны, қаржы ұйымдарының, банк конгломераттарының және (немесе) сақтандыру топтарының қызметіндегі кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді анықтаған кезде әкімшілік іс қозғайды не өзге де шараларды, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқықты шектеу шараларын қолданады.

Мемлекеттік реттеу туралы заңға сәйкес Агенттік қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша Мемлекеттік реттеу және бақылау туралы заңның 15-1-бабында көрсетілген қаржылық емес ұйымдарды бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.

Өз кезегінде, бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-1-бабының 2-тармағына сәйкес Агенттік мемлекеттік реттеу туралы заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыру барысында тексерілетін субъектілер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды, қаржы ұйымдарының қызметіндегі кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді анықтаған жағдайда, банк конгломераттарын және (немесе) сақтандыру топтарын әкімшілік іс қозғайды не өзге де шараларды, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқықты шектеу шараларын қолданады.

НҚА сілтемелері: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z030000474_


Мәжбүрлеп тарату процесіндегі банктен өтемақыны кезектен тыс алуға болады ма?

Жауап: Кредиторлармен есеп айырысу тәртібі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-2-бабында белгіленген.

Таратылатын банктің кредиторларымен есеп айырысудың өзге тәртібі заңнамада белгіленбеген.

Кредиторлармен есеп айырысу тәртібі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-2-бабында белгіленген.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-2-бабының 4-тармағына сәйкес әр кезектің талабы алдыңғы кезектің талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін орындалады. 

Яғни, егер тарату комиссиясы екінші кезектегі кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асыратын болса, онда үшінші кезектегі кредиторлармен есеп айырысу екінші кезектегі кредиторлардың талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін ғана басталады.

Таратылатын банктің кредиторларымен есеп айырысудың өзге тәртібі заңнамада белгіленбеген.

НҚА сілтемелері: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z950002444_#z95


Банктің тарату комиссиясы дебиторлық берешекті сот тәртібімен қалай өндіріп алады?

Жауап: 

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес дебиторлық берешекті сот тәртібінде  өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Тарату комиссиясы дебитордың банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерін тиісінше орындамауына байланысты таратылатын банктің дебиторынан берешек сомасын өндіріп алу туралы сот органдарына жүгінеді.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 1-бабының 1-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сот тарапынан  құқықтық баға берілген мәселелерге араласуға құқығы жоқ.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.11.2020ж. № 114 қаулысымен бекітілген  Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидаларының және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптардың 139-тармағына сәйкес (бұдан әрі - №114 Қағидалар) дебиторлық берешекті сот тәртібімен өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Осылайша, тарату комиссиясы дебитордың банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерін тиісінше орындамауына байланысты таратылатын банктің дебиторынан берешек сомасын өндіріп алу туралы соттарға жүгінеді.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 7-бабының бесінші бөлігіне сәйкес соттың азаматтық іс бойынша шешімдерін тек тиісті соттар АПК-да көзделген тәртіппен тексере алатыны және қайта қарай алатынына назар аударамыз. 

АПК-нің 21-бабының екінші бөлігінде заңды күшіне енген сот актілері, сондай-ақ сот төрелігін жүргізу кезінде соттар мен судьялардың өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары, сұрау салулары және басқа да өтініштері барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар, азаматтар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға жатады деп көзделген. 

АПК-нің 22-бабына сәйкес іске қатысатын адамдар, сондай-ақ сот өздерінің құқықтары мен міндеттеріне қатысты сот актілерін шығарған адамдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен сот актілеріне шағым жасауы мүмкін. 

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 1-бабы 1-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес, сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды. 

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сот құқықтық баға берген мәселелерге араласуға құқығы жоқ.

Сонымен қатар, егер сот талқылауы процесінде немесе атқарушылық

іс жүргізу шеңберінде бітімгершілік рәсімдерді қолдана отырып, дауды реттеу туралы өтінішхат берілсе, тарату комиссиясы медиация немесе партисипативтік рәсім тәртібімен татуласу келісімін немесе дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімді (бұдан әрі – келісім) жасасу мүмкіндігін қарауы мүмкін. Келісім шеңберінде берешекті өтеу мерзімі ай сайынғы тең төлемдермен: 

- жеке тұлғалар үшін 30 айды;

- заңды тұлғалар үшін 24 айды құрайды. 

Келісім №114 қағидаларда көзделген талаптар сақталған кезде жасалады және банктің кредиторлар комитетімен келісілуге тиіс. Банктің кредиторлар комитеті келісімнің талаптарын келіскеннен кейін ол Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа бекітуге беріледі (№114 қағидалардың 141-тармағы).

НҚА сілтемелері: 

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021716

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000377#z21



Лицензиясынан айырылған және тарату процесіндегі банк неліктен пайыздар, айыпақылар (өсімпұлдар мен айыппұлдар) есептейді?

Жауап: «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-1-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, банктің борышкерлері негізгі борышты, сыйақыны және айыпақыны (айыппұлды, өсімпұлды) өтеу бойынша міндеттемелерді жасалған банктік қарыз шарттарына және мәмілелердің өзге де түрлеріне сәйкес орындайды.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-1-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, банктің борышкерлері негізгі борышты, сыйақыны және айыпақыны (айыппұлды, өсімпұлды) өтеу бойынша міндеттемелерді жасалған банктік қарыз шарттарына және мәмілелердің өзге де түрлеріне сәйкес орындайды.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.11.2020ж. №114 қаулысымен бекітілген Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидаларын және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптардың 137-тармағына сәйкес  банктегі тарату процесінің басталуы банктің дебиторлық берешегінің барлық түрлері бойынша айыпақы және сыйақы есептеуді тоқтату үшін негіз болып табылмайды. Банктің дебиторлық берешегі бойынша айыпақы және сыйақы есептеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес және дебитор мен банк арасында жасалған шартта көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

НҚА сілтемелері: 

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z950002444_#z58

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021716


Банктің тарату комиссиясы кредиторлардың талаптарын таратылатын банктің кредиторлар талаптарының тізілімінде танудан бас тартқан жағдайда не істеу керек?

Жауап: Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде кредиторлардың талаптары кредитордың қойған талаптарын қанағаттандыру және оларды кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізу туралы сот шешімінің негізінде  кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілетін талап  көзделген, атап айтқанда:                               кредиторлардың тарату комиссиясы танымаған талаптары; 

жеке баланстық шотта  басқа да кредиторлық берешек ретінде есепке алынған, тарату комиссиясы оларды ұсыну үшін  белгілеген мерзім өткеннен кейін мәлімделген талаптар

Таратылатын банк кредиторлары талаптарының тізілімін қалыптастыру тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.11.2020ж. №114 қаулысымен бекітілген Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидаларын және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптардың (бұдан әрі – №114 Қағидалар) 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 30-тармақтарында белгіленген.

Сонымен бір мезгілде №114 қағидалардың 98, 99-тармақтарында тарату комиссиясы танымаған не тарату комиссиясы оларды ұсыну үшін белгілеген мерзім өткеннен кейін мәлімделген, жеке баланстық шотта өзге кредиторлық берешек ретінде ескерілген кредиторлардың талаптары кредитор ұсынған талаптарды қанағаттандыру және оларды кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізу туралы сот шешімінің негізінде ғана кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізіледі.

НҚА сілтемелері: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021716