Fingramota.kz жобасынан 2021 жылғы 31 қаңтардағы ең өзекті сұрақтарға жауаптар
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті халықпен өзара іс-қимылдың барлық мүмкін арналарын пайдаланады. «жедел желі» жұмыс істейді, ол арқылы халық қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде өз құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бізге жүгіне алады және қажетті консультация ала алады. «Жедел желі» іске қосылған сәттен бастап біз 23,2 мыңнан астам азаматтардың қоңырауларын қабылдадық және өңдедік.
Тұрғындар мобильдік қосымшаны белсенді пайдаланады («Fingramota Online» мобильдік қабылдау бөлмесі). Іске қосылған сәттен бастап бізге 2100-ден астам сұрақ келіп түсті.
Ағымдағы жылғы қаңтар айында «Fingramota Online» арқылы келіп түскен өзекті мәселелер қарыздарды өтеуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану, жеке сот орындаушыларының (ЖСО) құқықтық қызметі, коллекторлық агенттіктер іс-қимылының заңдылығы және тағы басқалар болды. Міне олардың кейбіреуі.
Қазақстанда сот орындаушыларының қандай шоттардан ақша алуға құқығы жоқ?
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда, банктер «арнайы» шоттардағы ақшаны қоспағанда, төлем талабын қою арқылы қарыз алушының ағымдағы шоттарындағы ақшасына даусыз (акцептсіз) тәртіппен өндіріп алуға құқылы.
Арнайы шот – бұл «қол сұғылмайтын» банктік шот, оның қаражаты қарыз алушыда қарыз бойынша мерзімі өткен берешегі болса да, үшінші тұлғалардың өндіріп алуынан толық көлемде қорғалған.
ҚР қолданыстағы заңнамасында 2019 жылдан бастап:
Заңнамаға сәйкес арнайы шоттағы ақшаға тыйым салуға, банктер мен банктік емес ұйымдардың төлем талаптары бойынша, сот орындаушыларының инкассолық өкімдері бойынша өндіріп алуға жол берілмейді.
Арнайы шоттарға жоғарыда көрсетілген төлемдер ғана есептелуі мүмкін екенін атап өткен жөн, ал банктер төлем мақсатының тиісті коды және ақша жөнелтуші бойынша осындай шоттарға ақшаның түсуіне бақылау жасайды.
ЖСО шоттар ашуға тыйым салса, БЖЗҚ-дан ақша алу үшін Отбасы банкінде арнайы шот аша аламын ба?
«Төлемдер туралы» Заңның 27-бабына сәйкес клиенттің банктік шотына шектеулер салынуы мүмкін. Әңгіме шығыс операцияларын тоқтата тұру; мүлікті пайдалануды уақытша шектеу; банктік шоттағы ақшаға тыйым салу жайында болып отыр.
Шығыс операцияларын жүргізуге шектеуді уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың өкімдері негізінде, сот актілерінің негізінде соттар және прокурор санкциялаған сот орындаушылары қаулыларының негізінде сот орындаушылары еліміздің қылмыстық-процестік заңнамасында және Атқарушылық іс жүргізу туралы заңда көзделген тәртіппен салуы мүмкін. Сонымен бірге ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг комитетінің терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген ұйымдар мен жеке тұлғалар туралы ақпараты шектеулер үшін негіз болуы мүмкін.
Осы баптың 2-тармағына сәйкес егер уәкілетті мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың өкімі негізінде клиенттің банктік шотындағы ақшаға тыйым салынған болса, банктерге оған жаңа банктік шот ашуға тыйым салынады.
Алайда, «Төлемдер туралы» 27-бабының 3-тармағына сәйкес жоғарыда көрсетілген тармақтың ережелері банктің клиентке «қол сұғылмайтын» банктік шот (арнайы шот) ашу жағдайларына қолданылмайды.
«Арнайы» банктік шотқа - мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді немесе мемлекеттік бюджеттен және (немесе) БЖЗҚ-тан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақыларды, сондай-ақ алименттерді есепке жатқызуға арналған шоттар жатады.
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда, зейнетақы – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін және (немесе) БЖЗҚ-нан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң жиынтығы деп белгіленген.
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 1-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемі (БЗТ) – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда белгіленген тәртіппен салымшы (алушы) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-тан алып қоятын, міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы.
Осылайша, егер уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың өкімдері негізінде шектеулер қолданылса, банктердің біржолғы зейнетақы төлемін аудару үшін жаңа банктік шот ашуға құқысы жоқ.
БЗТ кредиттерді өтеуге пайдалануға бола ма?
БЗТ пайдалану қағидаларының 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемін ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна ретінде салуға, ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыруға, сондай-ақ ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу үшін пайдалануға болады.
Біржолғы зейнетақы төлемін нысаналы пайдалануды (яғни тұтынушылық қарыз) растамай жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шарттары бойынша соманың бір бөлігін төлеу үшін ипотекалық қарыздарға пайдалануға жол берілмейді.
Алаяқтар менің келісімімсіз маған микрокредит ресімдеді. Қандай ұйымда ресімдегенін қалай білуге болады? Не істеу керек?
Сіздің атыңызға кредитті заңсыз ресімдеу фактісін уақытылы анықтауға кредиттік тарих мүмкіндік береді. Кредиттік тарихты қарап отыру – алаяқтардан «сақтануды» білдіреді.
Егер сіз ресімдемеген кредит бойынша берешектің бар екенін білсеңіз, ең алдымен – сіздің кредиттік тарихыңыз туралы мәліметтер алу үшін кредитік бюроға сұрату жіберуіңіз қажет. Кредитік бюролардың дерекқорларында бүкіл Қазақстан бойынша әрбір банктің және кредиттік ұйымның барлық қарыз алушысы туралы мәліметтер бар. Кредиттік тарих туралы ақпарат алу үшін мынадай дереккөздерінің кез келгеніне жүгінуді: Мемлекеттік кредитік бюро: mkb.kz, Бірінші кредитік бюро: 1cb.kz (сондай-ақ оның мобильдік қосымшасы арқылы) немесе egov.kz мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сайтына сұрату жіберуді ұсынамыз.
Кредиттік есепте сізге кредит ресімделген кредиттік ұйымның атауы көрсетіледі. Одан әрі сіз құқық қорғау органдарына және ішкі тергеу жүргізуді талап ете отырып тікелей кредиттік ұйымға алаяқтық туралы ресми өтініш жазуыңыз қажет. Міндетті түрде барлығын ресми түрде жасаңыз және құжаттардың кіріс нөмірлерін алыңыз. Кредитор ұйым құжаттарды беруден бас тартқан жағдайда, сіз Агенттіктің қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағым бере аласыз.
Менде бірнеше кредит бар, оларды уақтылы төлей алмадым. Сондай-ақ менің кредиттік тарихым бүлінді. Оны қалай түзете аламын?
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2020 жылғы 22 наурыздағы № 19 қаулысына сәйкес кредиттік бюро қарыз алушы мынадай талаптарды сақтаған кезде, бұрын 90 күннен астам мерзімінің өтуіне жол берілген кредитке қатысты «Оңалтылды» мәртебесін береді:
1) кредит бойынша берешек өтелгеннен кейін жылдың аяқталуы бойынша.
2) қайта құрылымдау немесе қайта қаржыландыру күнгі жағдай бойынша бар кредит бойынша берешектің сомасы 50%-дан астам өтелген және қарыз алушы қайта құрылымдаудан немесе қайта қаржыландырудан кейін жыл ішінде күнтізбелік 30 күннен астам мерзімінің өтуіне жол бермеген.
3) күнтізбелік 90 күннен астам мерзімі өткен берешек өтелгеннен кейін соңғы күнтізбелік қаттарына 12 ай ішінде күнтізбелік 30 күннен астам мерзімі өтуінің болмауы.
Бұрын төлем мерзімін 90 күннен астам өткізіп алуға жол берілген кредитке қатысты «Оңалтылды» мәртебесі өтелген мерзімі өткен берешекті білдіреді. Бұл ретте, банк қарыз алушының кредит қабілеттілігін өзінің кредит саясатының негізінде айқындау құқылы болады.
1. Кредиттік тарих субъектісі өзі туралы кредиттік есепті кредиттік бюроға ол жөнінде ақпарат келіп түскен кезден бастап алуға құқылы.
2. Жиынтық мәліметтердің негізінде қарыз алушының скорингтік бағасы қалыптасады, ол мәртебесі «жақсы» қарыз алушы немесе «жаман» деп бағаланады.
3. Бұл сіздің негізгі қарыз көрсеткіштеріңізді бағалауға және қажет болған жағдайда оларды түзетуге мүмкіндік береді.
Менің ешқандай қарызым жоқ, алайда мені коллекторлар мазалай береді. Мен өз құқығымды қорғау үшін қайда жүгіне аламын?
Бірінші кезекте кредиттік тарихыңызды тексеріңіз. Ол үшін сіздің кредиттік тарихыңыз жөнінде ақпарат алу үшін кредиттік бюроға сұрау салу жіберу қажет. Кредиттік бюролардың дерекқорында бүкіл Қазақстан бойынша әрбір банктің және кредиттік ұйымның барлық қарыз алушылары туралы мәліметтер жинақталған.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кез-келген азамат күнтізбелік жыл ішінде бір рет дербес кредиттік есеп алуға құқылы екенін білгеніңіз жөн. Кредиттік есепті Мемлекеттік кредиттік бюродан: mkb.kz, Бастапқы кредиттік бюродан 1cb.kz (сондай-ақ оның мобильді қосымшасы арқылы) немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сайтында egov.kz. алуға болады.
Егер коллекторлық агенттік тарапынан құқыққа қарсы әрекеттер жүзеге асырылған жағдайда, сіз коллекторлық агенттіктің банк заңнамасын және заң талаптарын сақтауын тексеру тұрғысынан Агенттікке жазбаша өтінішпен жүгіне аласыз.
Бұл ретте өтінішке кез келген қосымша мәліметтерді, аудио - және бейнежазбаларды қоса беруге болады. Егер тексеру нәтижесінде бұзушылық расталса, коллекторлық ұйымға тиісті шаралар қолданылатын болады.
«Жаңа жылдық фейктер»: мереке қарсаңындағы қарбаласта алаяқтардың қақпанына түспеу жолдары
AQYL дегеніміз не және білім беру депозитін онлайн қалай ашуға болады
Егер сізде бірнеше кредитіңіз болса: оларды мерзімінен бұрын қалай дұрыс өтеуге болады
Онлайн-сақтандыру дегеніміз не және сақтандырушылар балаларға қандай өнімдерді ұсынады?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Криптовалюта дегеніміз не және ол қайда пайдаланылады?