Сатып алу кезінде кешбэктің көмегімен ақша табу өте пайдалы , сол себепті азаматтардың арасында өздерінің клиенттері үшін осы опцияны ұсынатын банктердің және басқа да ұйымдардың ұсыныстары жоғары сұранысқа ие. Қаржы алаяқтары осы танымал маркетинг құралын пайдалана отырып, аңқау тұтынушылар үшін кезекті айланы ойлап тапты.
Кешбэк – бұл тауарды немесе көрсетілетін қызметті сатып алуға жұмсалған ақша қаражатының бір бөлігін қайтару, көбінесе ол баллмен немесе купонмен беріледі.
Телефон алаяқтары клиентке қоңырау шалып, өзін қызмет көрсететін банк қызметкері ретінде таныстырады, олардың кешбэк-сервисін пайдалануға ұсыныс жасайды. Мысалы, алаяқтар барлық бөлшек желілерде сатып алу үшін қолданылатын 8 - 30% аралығындағы жоғары және тиімді кешбэкпен карта шығаруға ұсыныс береді. Мұндай картаға қызмет көрсету, әдетте, тегін, шығару мерзімі барынша аз: 1 күннен 3 күнге дейін, картаны жеткізу карантин шараларының күшейтілуін ескере отырып тегін болуы мүмкін. Егер клиент келісіп жауап берсе, онда жалған менеджер дыбыстық сигналдан кейін жұмысын 1-ден 10-ға дейін бағалауды сұрайды, бұдан кейін операторға қосады, бұл ретте сендіру үшін желіде күтуге арналған банктің әуені ойнайды. Жаңа оператор бәрін, картаны қалай әкелгенде ыңғайлы немесе қандай бөлімшеден алудың тиімді екендігін нақтылайды, клиенттің деректерін қайта тексереді және, назар аударыңыз, картаны шығаруды растау үшін кодты айтуды сұрайды, ол клиентке SMS арқылы келеді. Оператор клиентке ойлануға уақыт берместен, сұрақтарға тез арада жауап беруді сұрайды, бұл – оның қырағылығын сейілту мақсатында жасалатын тәсіл. Қажетті деректер алынған соң оператор сөйлесуін аяқтап, жұмысын 10 баллдық шкаламен бағалауды сұрайды. Бұдан кейін ештеңеден хабары жоқ клиент картасындағы ақшасының жетіспейтініне көз жеткізеді, әрине алаяқтар үшін ақшаны шешіп алу түкке тұрмайды.
Алаяқтар онлайн-дүкендердің, банктердің және өзге де ұйымдардың атынан электрондық пошта арқылы және SMS-хабарламалар жіберу арқылы, танымал сайттар мен әлеуметтік желілерде олжаның орнына жоғары кэшбэк ұсыну арқылы қармақ лақтырып қоюы мүмкін. Атап айтқанда, олар пайдаланушыларға Желіде сатып алу үшін кэшбэк алуды, яғни картадан картаға аудару үшін қаражаттың 30%-на дейін жедел қайтаруды ұсынуы мүмкін. Егер пайдаланушы тиісті батырманы басу арқылы келіссе, онда ол жеке ақпаратты енгізуге арналған нысаны бар фишингтік сайтқа түседі: ТАӘ, карта деректемелері, оның ішінде картаның артқы жағындағы үш таңбалы сан. Алаяқтар осы деректерді пайдаланып, интернет-дүкендерде басқа адамдардың карталарын пайдалану арқылы сатып алулар жасай алады, ал пайдаланушылар жоғары кэшбэксіз және өз карталарында ақшасыз сақалын сипап қалады.
Өзіңізді алаяқтықтың осы түрінен қалай қорғауға болады?
Ашкөздікке салынып кетпеңіз, екіншіден, қырағылық танытып, бейтаныс адамдарға сенуді тоқтатуыңыз керек. Егер Сізге болжам бойынша Банк менеджері қоңырау шалып, сізге бас тарта алмайтындай ұсыныс жасаса, сөйлесуді аяқтап, банкке ресми нөмірлер бойынша қоңырау шалыңыз. Сіздің төлем картаңыз бойынша барлық деректерді қоса алғанда, өте жеке ақпаратты хабарлауды сұрайтын, сондай-ақ әртүрлі қосымшаларды жүктеуді сұрайтын бейтаныс адамдарға сенбеңіз. Сатып алғыңыз келетін интернет-дүкендердің URL-мекенжайларына назар аударыңыз. Құпия ақпаратты, мысалы, құпиясөздерді енгізу қажет сайттарда HTTPS:// префиксінің болуын тексеріңіз.
Толығырақ «Абайлаңыз алаяқтар» бөлімінен оқыңыздар
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Квишинг: алаяқтар казақстандықтардың гаджеттеріне қалай шабуыл жасайды