Күн сайын гаджеттерге алаяқтық шабуылдар орын алуда. Қаскүнемдер пайдаланушылардың есептік деректерін ұрлау үшін зиянды трояндық вирустарды таратады. Алаяқтардың мақсаты – сіздің смартфоныңызға және шоттарыңызға қашықтан қолжетімділік алу.
Гаджетіңізді кибершабуылдардан сақтап қалу үшін антивирусты пайдаланыңыздар. Банк қосымшаларының құпиясөздері мен кіру кодтарын телефонда сақтамаңыздар, фишингтік сілтемелер бойынша өтпеңіздер.
Ұялы телефоныңызды жоғалтқан жағдайда не істеу қажет?
Бұғаттауды пайдаланыңыз.Телефонның теңшеулерінде экранның автоматты бұғатталуын қосыңыз, саусақ ізінің немесе Face ID көмегі арқылы биометрикалық құпиясөзді қолданыңыз.
Қадағалау теңшеуін орнатыңыз. Құрылғының орналасқан орнын қашықтан қадағалауға мүмкіндік беретін бағдарламаны пайдаланыңыз. Телефоныңызды жоғалтып алған жағдайда сіз өзіңіздің гаджетіңіздің қай жерде екенін қадағалап, оған қосылып, өзіңіздің барлық деректеріңізді өшіре аласыз.
Резервтік көшірмелер жасаңыз. Міндетті түрде деректеріңіздің резервтік көшірмелерін жасаңыз. Бұл опция теңшеу конфигурациясын, барлық қосымшаларды және жеке ақпаратты сақтау үшін ойлап табылған. Берілген функция жоғалған құрылғыдан деректерді қалпына келтіруге және оларды жаңа құрылғыға көшіруге көмектеседі.
Сақ болыңыз, өзіңізді қорғаңыз және Fingramota.kz-мен қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!
Толығырақ "Абайлаңдар, алаяқтар" бөлімінен оқыңыздар
Авто-айлакерлік: жолдағы алаяқтар қалай жұмыс істейді және сақтандыру неге сіздің қорғаныңыз бола ал...
Қазақстан азаматтарды қаржылық алаяқтардан қалай қорғайды
«Алдымен өзіңе төле»: неге бұл қағида бәріне бірдей жұмыс істемейді
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Қарыз тұзағынан шығудың жаңа мүмкіндігі: Finkelisim платформасы кредиттерді реттеу тәсілін қалай өзг...
Проблемалық кредиттер: банк және микроқаржы омбудсмандарына жүгініңіз