Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің X Конгресінің жұмысы басталды, оған қаржы қоғамдастығының, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысуда. Конгресс аясында Қазақстандағы қаржы секторын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау жоспарлануда.
Конгресс жұмысын Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің Төрағасы Елена Бахмутова ашты. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы қоғамдастығына бейнеүндеу арқылы сөз сөйледі.
Пленарлық отырыс барысында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова Агенттіктің басты міндеттерінің бірі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және қаржы жүйесіне деген сенімді қолдау болып табылатынын атап өтті.
«Жаһандық сыртқы жағдайлардың нашарлауына жауап ретінде Қазақстан экономикасының тұрақтылығын ғана емес, сонымен қатар экономиканың үдемелі өсуін қамтамасыз ету қажет, оның негізгі факторы бизнес субъектілерін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады», - деді Мәдина Әбілқасымова.
Сондықтан Агенттіктің саясаты банктердің орнықтылығын қамтамасыз ету мен экономиканың нақты секторына кредит берудің өсуін қолдау арасындағы теңгерімді қолдауға бағытталған.
Агенттік бизнес-жобаларға кредит беруді тежейтін факторларды, оның ішінде бизнеске кредит беру үшін пруденциялық ынталандыру шараларын қабылдау арқылы жою бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.
Бұл ретте, мұндай шаралар уақытша сипатқа ие және нақты бағытталған әрекет сипатына ие, бұл қаржылық тұрақтылық пен қаржылық даму арасындағы теңгерімді қамтамасыз етеді.
Өз кезегінде, банк секторы қазіргі уақытта жоғары инфляция, ақша-кредит жағдайларын қатаңдату және экономикалық белсенділіктің төмендеуі жағдайында дамуда.
Алайда, күрделі сыртқы экономикалық жағдайларға қарамастан, ағымдағы күні банктерге кредит берудің қалпына келуі байқалады. 9 айда экономикаға кредиттер 14,1%-ға 21,1 трлн теңгеге дейін өсті, бизнеске кредиттер 5,2%-ға 8,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды, оның ішінде ШОБ субъектілеріне кредиттер 6,8%-ға 5,6 трлн теңгеге дейін өсті (активтер 10,9%-ға 41,7 трлн теңгеге дейін өсті).
Жалпы алғанда, соңғы жылдары банктермен бірлесіп банк секторын қалыпқа келтіру және орнықтылығын арттыру және банктерді капиталдандыруды күшейту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Тұрақты AQR енгізіліп, стресс-тестілеу іске қосылды.
«Макроэкономикалық ортаның нашарлауының барлық әлеуетті тәуекелдері 2023 жылғы наурызда аяқталатын стресс-тестілеу сценарийінде қамтылған», - деп атап өтті қаржы реттеушісінің Төрағасы.
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға келетін болсақ, бұл міндет қаржы нарығының конъюнктурасына және экономикалық жағдайға қарамастан Агенттік үшін аса маңызды бағыт болып табылады. Азаматтардың қаржы нарығына деген сенімін арттырудың басым бағыттары жосықсыз практикаларға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ тұтынушылар мен инвесторлардың саналы шешімдер қабылдауы үшін қаржылық сауаттылықты арттыру болып табылады.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау шеңберінде Агенттік тұтынушылар үшін тәуекелдер мен қауіптер дәрежесіне қарай нарық субъектілеріне сараланған реттеушілік жүктемені көздейтін тепе-тең реттеу қағидаттарын қолданады. Мысалы, қор нарығында бөлшек инвесторларды қорғау шаралары қабылданды, олар Агенттіктің лицензиясынсыз инвестициялық консультация беру қызметтерін ұсынуға тыйым салуды көздейді, бірақ осындай қызмет түрін көрсету үшін лицензия алуға қойылатын талаптар азайтылды. Бұл нарыққа жаңа қатысушыларға кіруге кедергі жасамауға мүмкіндік берді.
Жоғары тәуекелдердің жинақталуы байқалатын кепілсіз онлайн микрокредит беру сегментінде жүйелік тәуекелдерді болдырмау үшін Агенттік кепілсіз микрокредиттерді беруді реттеу мен бақылауды қатаңдату жөніндегі реттеушілік шараларды іске асыруда.
МҚҰ капиталының жеткіліктілігіне қойылатын талаптарды саралап арттыру, қарыз алушылардың борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу тәртібін қатаңдату, микрокредиттер бойынша сыйақының шекті мөлшерлемелерін төмендету және өзге де шаралар көзделеді.
«Агенттік қаржы секторын дамыту, қаржылық тұрақтылықты және экономиканың үдемелі өсуін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыратын болады», - деп қорытындылады Мәдина Әбілқасымова.
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Квишинг: алаяқтар казақстандықтардың гаджеттеріне қалай шабуыл жасайды