Алтын орта: оны үнемдеу мен өзін-өзі күту арасында қалай табуға болады

time 12.08.2021
aye 7788
Алтын орта: оны үнемдеу мен өзін-өзі күту арасында қалай табуға болады

Біз өзін-өзі дамытумен айналысып, өз қаржымызды түсінуге тырысқанда, біз жиі шектен шығамыз: біз өте қатты үнемдейміз не ертеңгі күн туралы ойламай-ақ жұмсаймыз. Бірақ үнемдеу - үнемсіздік . Қатаң шектеу мен ойланбастан ысырап арасындағы тепе-теңдікті қалай табуға болады?

Кейінге қалдырылған ләззат немесе зефир сынағы

1960 жылдардың аяғы мен 1970 жылдардың басында Стэнфорд университетінде психолог Уолтер Мишель «Зефир сынағы» атты сынақ жүргізді. Қатысушылар балалар болды. Оларға таңдау жасау ұсынылды – осында және қазір сыйақы алу (зефир, печенье) немесе 15 минут күту, бірақ екі есе сыйақы алу. Кейін зерттеулер сериясы жүргізілді, мынадай заңдылық анықталды: кейінге қалдырылған сыйақыны күткен балалар бірнеше онжылдықтан кейін өмірде анағұрлым жақсы орындарын таба білген. Мұндай тестіні қаржылық шешімдеріңіз үшін де қолдануға болады. Мысалы, күн сайын кофеханадан бір кесе кофе сатып алудың орнына, оны аптасына екі рет жасаңыз.

«Кейінге қалдырылған сый кез-келген іс үшін жақсы мотиватор бола алады», - деді психолог және публицист Мария Загорская Fingramota.kz-де. «Егер сіз жүгіруге бару сияқты бірдеңе жасағыңыз келмесе немесе ұнатпасаңыз, жалпы 10 шақырым жүгіргенде ғана сүйікті шыныаяқ кофесін ішуге болатынын өзіңіз үшін анықтап алыңыз» .

Өзіңді ынталандыру

Егер сіз өзіңізді мотивацияласаңыз және ынталандырсаңыз, қаржылық мақсаттарыңызға жету оңайырақ болады. Сіз өзіңіздің қаражатыңызды бірінші кезектегі шығындарға бөліп, қаржылық мақсатқа ақша бөлген кезде, өзіңізді марапаттауды ұмытпаңыз.

«Теңгерімді сақтау – өте маңызды нәрсе. Егер барлық қалауымызға толығымен тыйым салып, барынша үнемдеуге тырысып бағатын болсақ, сілкініп, ішкі тыйым құрсауларын бұзу қаупі бірнеше мәртеге ұлғаяды. Бір мезеттік сауда жасау негізінен осылай жасалады. Сондықтан, анда-санда өзіміздің кішкентай еркеліктерімізді көтере білу керек», - дейді психолог Анна Селезнева. «Ал егер ақшаны үнемі әрі жиі жаратып тастай берсеңіз, өзіңізді осындай сәтте игере алмай қалсаңыз, онда кәсіби маманға жолығу қажет. Бәлкім, шопинг немесе ойланбай жасалған шығындар сіздің маңызды қиындықтар туралы уақытша ұмытуға бағытталған тәсіліңіз болар».

Парето заңы немесе 20/80 қағидасы

Парето қағидасының мәні аздаған шығындармен көптеген нәтижелерге жету. Ол мына заңдылықты дәлелдейді: 20% еңбек 80% нәтиже береді және керісінше. Бұл қағиданы өз шығындарыңызға қатысты қолдануға да болады. Мысалы, бүтіндей бір торт сатып алғанша, оның бір бөлшегін ғана немесе тәтті нан сатып алуға болады, ол сізге дәл сондай ләззат сыйлайды, бірақ ақшаңыздың 20% үнемделеді.

«Жалпы, мұндай принцип өмірдің көптеген салаларында қолданылады. Мысалы, жұмыста, жаттығуда және тіпті қарым-қатынаста. Бұл  шынымен маңызды нәрсені анықтауға және оған назар аударуға мүмкіндік береді», - дейді әйелдер коучы Наталья Симонова.

Балама іздеу

Сіз қуаныш әкелетін нәрсені сатып алған кезіңіз болады, бірақ содан кейін сіз ысырапшылдық үшін өзіңізді кінәлай бастайсыз. Бірақ өзіңізді қуанту жалпы өзіңіздің ішкі жағдайыңыз бен психологиялық жайлылық үшін өте маңызды.    

Бірақ бұл жерде тепе-теңдікті сақтау маңызды екенін ұмытпаңыз! Егер сіздің сүйікті тортыңызды жасау көп уақытты алса, жарты күнге жуық  уақытты тиімді жұмсауға болатын болса, оны сатып алудың мағынасы бар шығар.

Толығырақ мына бөлімнен оқыңыздар

white-arrow Тізімге