Арнайы резерв: сақтандыру қызметтерін тұтынушылар қалайша «сақтандырылған»

time 7.12.2022
aye 5003
Арнайы резерв: сақтандыру қызметтерін тұтынушылар қалайша «сақтандырылған»

Кепілді сақтандыру төлемдері жүйесі қалай жұмыс істейтіні және 2022 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстанның сақтандыру нарығында қандай жаңалықтар орын алғаны жөнінде Fingramota.kz-ке «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-та айтып берді.

Көпшілік банк салымдарына Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының кепілдіктері қолданылатын біледі. Сол себепті салымшылар өз депозиттері үшін сенімді, бастысы, оның сомасы кепілдік өтемінің ең жоғары сомасынан аспаса болды:

  • ұлттық валютада жинақтау салымдары (депозиттер) бойынша 20 млн теңге;
  • ұлттық валютада карточкалар, шоттар және басқа депозиттер бойынша 10 млн теңге;
  • шетел валютасында карточкалар, шоттар және депозиттер бойынша 5 млн теңге.

Сақтандыру нарығында да ұқсас жүйе бар. 2003 жылы осы мақсаттар үшін «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор, СТКҚ) құрылды.

Қор немен айналысады?

Бұл сақтанушыларға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін Қазақстандағы жалғыз ұйым, ол сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған кезде кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асырады.

СТКҚ акционерлік ұйым нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады, ол өзінің қызметін салалық заңның және құрылтай құжаттардың негізінде жүзеге асырады. Қордың акционерлері өз қызметтерін сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) шеңберінде жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары болып табылады. Оның қызметін бақылау және қадағалауды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жүзеге асырады.

Реттеуші Қорда жиналған кепілдік резервтерінің сақталуы мақсатында оларды есепке алу және сенімді қаржы құралдарына инвестициялау бойынша, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесіне талаптар белгіледі.  Кастодианның тарапынан олардың есебінен кепілді  төлемдер жүзеге асырылатын СТКҚ активтерінің нысаналы пайдаланылуына бақылауды күшейтті.

2022 жылғы 12 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) күшіне енді, ол Заңмен Қордың қолданыстағы өкілеттіктері кеңейтілді.

Сонымен қатар, СТКҚ қызметінің айқындылығын қамтамасыз ету және сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Қорға қаржы ұйымының мәртебесі берілді.

Сақтандыру нарығының тұрақтылығын арттыру бойынша дамыған елдердің тәжірибесін алу, экономикалық, сондай-ақ саяси сипаттағы өзгерістерге сезімтал  сақтандыру төлемдері жүйесін құру, тәуекелдерді басқарудың барабар жүйесін құру үшін СТКҚ 2022 жылы Full Member of IFIGS (International Forum of Insurance Guarantee Schemes) мәртебесін алды.

Толығырақ "Сақтандыру" бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге