Қарыз алушыға арналған жадынама: кредит шартына қол қойғанға дейінгі бес қадам

time 8.02.2022
aye 5250
Қарыз алушыға арналған жадынама: кредит шартына қол қойғанға дейінгі бес қадам

Қаржылық қызметтерді тұтынушылар ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне өз құқықтарын қорғау үшін жиі жүгінуде. 2021 жылы қаржы реттеушісіне жеке және заңды тұлғалардың қаржы ұйымдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің қызметіне қатысты 21,5 мыңнан аса өтініші келіп түсті. 

Өтініштердің негізгі бөлігі – өтініштердің жалпы санының 70%-нан астамы бұрынғысынша банк секторына тиесілі. Азаматтар негізінен берешектерін қайта құрылымдау, кредиттер бойынша төлеу мерзімінің өтуі және банк секторындағы заңнамалық актілерді түсіндіріп беру мәселелерімен жүгінеді.

Егер қаржылық қызметтерді тұтынушылар жауаптырақ болып, кредит ресімдеу сияқты мәселеге саналы түрде, бәрін саралап қарайтын болса, өтініштер саны азайған болар еді. 

Fingramota.kz кез келген шарттың, әсіресе кредит шартының талаптарын әрқашан да мұқият оқу қажеттігін еске салады. Әлеуетті қарыз алушылардың нақты неге көңіл аудару қажеттігін қадам-қадаммен  түсіндіріп берейік.

№1 қадам. Шарттың форматына және титул парағының болуына көңіл аударыңыз;

№ 2 қадам. Шарттың жалпы талаптарын мұқият оқып шығыңыз және, егер бір нәрсе түсініксіз болса, оған қол қойғанға дейін менеджерден нақтылаңыз;

№3 қадам.  Қарызды өтеудің өзіңізге қолайлы әдісін анықтап алыңыз;

№4 қадам.  Тараптардың жауапкершілігіне қатысты ақпаратты мұқият оқып, зерделеңіз. Кредитор алдындағы міндеттемелерді бұзған жағдайда шартта көрсетілген комиссиялар мен айыппұл санкцияларына ерекше назар аударыңыз;

№5 қадам. Кредит бойынша төлеу мерзімі өтіп кеткен жағдайда сіздің әрекеттеріңіздің алгоритмін менеджерден нақтылап сұрап алыңыз.

 

Толығырақ "Кредиттер" бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге