Белгілі бір себептерге байланысты микроқаржы ұйымынан (МҚҰ) лицензияны қайтарып алатын кездер болады, бұл көрсетілетін қызметтердің уақытша немесе толық тоқтатылуын білдіреді.
Мәселен, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бұйрығына сәйкес 2024 жылғы 23 ақпаннан бастап («Hava Finance» МҚҰ» ЖШС, «POS Credit» МҚҰ» ЖШС, «SF Offline» МҚҰ» ЖШС, «Салем Кредит» МҚҰ» ЖШС, «Express Аванс» МҚҰ» ЖШС) 5 (бес) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиялардың қолданысы 3 ай мерзімге тоқтатылды.
Мұндай жағдайларда қарыз алушы не істеу керек екендігін Fingramota.kz-пен бірге қарастырайық.
«Микроқаржы қызметі туралы» Заңның 16-бабына сәйкес микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру МҚҰ-ның микрокредит беру туралы жаңа шарттар жасасуына, оның ішінде қолданыстағы шарттарды ұзартуға немесе өзгертуге тыйым салуға әкеп соғады.
Бұл МҚҰ мен қарыз алушы өз міндеттемелері мен жауапкершілігін арттырмауы үшін жасалады.
Микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған МҚҰ микрокредит беру туралы бұрын жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындауға міндетті.
Осылайша, МҚҰ лицензияның қолданылуын тоқтата тұру кезінде қолданыста болған микрокредиттік шарттар бойынша барлық шарттарды сақтауға, оның ішінде қарыз алушылардан микрокредиттерді өтеу бойынша барлық төлемдерді қабылдауға және кредиттік бюроларға ақпараттың уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл ретте қарыз алушылар алынған микрокредиттер бойынша бірдей жауапкершілікте болады және микроқаржы ұйымының алдындағы қарыздарын уақтылы және толық көлемде өтеуді жалғастыруға міндетті.
Осыған байланысты Агенттік МҚҰ лицензиясының қолданылуын тоқтата алады
«Микроқаржы қызметі туралы» ҚР Заңының 16-бабының 1-тармағына сәйкес МҚҰ лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру үшін мынадай негіздер бар:
Микроқаржы қызметі туралы Заңның 16-бабының 2-тармағына сәйкес МҚҰ-ны лицензиядан айыру үшін мынадай негіздер бар:
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру не одан айыру туралы шешім көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру не одан айыру туралы шешімнің қабылдануы туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
Микроқаржы ұйымы уәкілетті орган микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің атауынан «микроқаржы ұйымы», «кредиттік серіктестік», «ломбард» деген сөздерді, олардан туындайтын, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураны алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.
Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар МҚҰ-ның клиенттеріне не істеу керек?
МҚҰ-ның лицензиясын тоқтата тұру не одан айыру қарыз алушыларды ұйым алдындағы өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындау міндетінен босатпайды.
Сондықтан, егер сіз МҚҰ-ның қарыз алушысы болсаңыз, босаңсудың және микрокредит бойынша жоспарлы төлемді өткізудің қажеті жоқ. Егер сіз қарыз бойынша төлемдерді тоқтатып қойсаңыз, онда сізде мерзімі өткен берешек туындап, оған өсімақы (өсімпұл, айыппұл) есептелуі мүмкін.
МҚҰ алдындағы міндеттемелердің орындалуын бұзғаныңыз үшін, микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес жауапты болатыныңызды есте сақтаңыз.
Өзіңізге және өз ақшаңызға абай болыңыз және Fingramota.kz-пен бірге алаяқтықтың жаңа схемалары туралы хабардар болыңыз!
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма
Жинақтауға арналған сақтандыру – оны қалай пайдалануға болады
Zakon.kz порталы Интернет және қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша конференцияны ұйымдастырды...
Қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт