Базалық мөлшерлеме дегеніміз не және оның өзгеруі неге әсер етеді

time 30.05.2024
aye 1554
Базалық мөлшерлеме дегеніміз не және оның өзгеруі неге әсер етеді

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені 25 базистік тармаққа – + / - 1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 14,5%-ға дейін төмендеткені туралы хабарлады.

Бұл нарық үшін нені білдіретіні және қаржылық қызметтерді тұтынушыларға қалай әсер ететіні туралы Fingramota.kz. айтып береді.

Негізгі немесе базалық мөлшерлеме – бұл орталық банк коммерциялық банктерге кредит беретін пайыздық мөлшерлеме. Бұл құралды қандай да бір жағдайда құрылған операциялық негіз шеңберінде әлем елдерінің реттеушілері қолданады. Қазақстанда базалық мөлшерлеме Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатының негізгі құралы болып табылады. Бұл  – нарықтық мөлшерлемелер үшін негізгі бағдар.

Біздің елімізде базалық мөлшерлеме 2015 жылғы қыркүйекте инфляциялық таргеттеу режиміне көшу туралы жарияланған кезде практикаға енгізілді, оның басты мақсаты баға тұрақтылығы және инфляция көрсеткішін белгілі бір деңгейде ұстап тұру болып табылады.

Бұрын ақша-кредит саясатының құралы ретінде ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі қолданылған, ол 2017 жылғы 1 сәуірден  бастап базалық мөлшерлеменің мәніне теңестірілді. Алайда осыдан кейін тағы төрт жыл бойы ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі ресми есептік көрсеткіш ретінде азаматтық-құқықтық және әкімшілік-құқықтық қатынастарда қолданыла берді.

Бүгінгі күні қаржы нарығында теңгемен қарыз алу құнын көрсететін көрсеткіш тек базалық мөлшерлеме болып табылады. Ұлттық Банк инфляция мақсатына жету үшін оның деңгейін өзгертеді. Базалық мөлшерлеменің өзгеруі, ең алдымен, инфляция деңгейіне, айырбастау бағамына, кредиттер  мен депозиттерге пайыздық мөлшерлемелерге әсер етеді.

Базалық мөлшерлеме төмендеген кезде не болады?

Базалық мөлшерлеме төмендеген кезде ақша арзандайды. Кредиттер  тиімдірек және тартымды болады, себебі олар бойынша мөлшерлемелер де төмендейді. Алайда, депозиттер бойынша мөлшерлемелер де төмендейді. Халық пен бизнес белсенді түрде кредит алады, сатып алу қабілеті артып келеді. 

Осылайша, экономикадағы тұтыну мен сұраныс артады. Бұл бағаны жоғарылатады және инфляция деңгейі де ұлғаяды.

Инвесторлар үшін базалық мөлшерлемені төмендету де тиімді, себебі акциялардың кірістілігі артады. Бұл бағалы қағаздар нарығының осы құралына сұранысты тудырады және акциялар бойынша баға белгілеулер өсуде. Базалық мөлшерлеме өскен кезде инвесторлардың қызығушылығы жоғары мөлшерлемелер кезінде олардың тұрақты кірістілігін ескере отырып, облигациялар нарығында көбірек болады.

Базалық мөлшерлеменің өсуі нені білдіреді?

Базалық мөлшерлеме өскен кезде ақша нарығының пайыздық мөлшерлемелері де артады, бұл қаржы нарығындағы қаражаттың қымбаттауына әкеледі. Ол халықтың сатып алу қабілетіне әсер етеді – ол  төмендейді, бірақ теңге бағамы нығаяды және депозиттер, кредиттер бойынша мөлшерлемелер өседі. Экономиканың дамуы баяулайды, ал осы факторлардың аясында инфляция деңгейі төмендейді.

Егер халық Ұлттық Банкке бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі негізгі мақсатын орындауда сенім білдірсе, инфляцияны төмендету бойынша күтулер және тұтынуды неғұрлым біркелкі бөлу төмендеу үрдісін бекітіп береді. Осылайша, азаматтардың Ұлттық Банк саясатына деген сенімі неғұрлым жоғары болса, күту және пайыздық мөлшерлеме арнасы да соғұрлым тиімді болады.

Осылайша, бағаларға қысым болған кезде базалық мөлшерлеме көтеріледі немесе жоғары мәндерде сақталады: егер инфляция өсіп, мақсаттан жоғары болса немесе болашақта оны жеделдету қаупі жоғары болса. Базалық мөлшерлеменің төмендеуі проинфляциялық қысымның әлсірегенін білдіреді.

2024 жылғы сәуірде инфляция Ұлттық Банктің болжамдарына сәйкес төмендеді. Қазақстандағы сыртқы инфляциялық ая бейтарап деп бағаланады, инфляциялық процестер баяулады, сондықтан Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлеме деңгейін төмендету туралы шешім қабылдай отырып, қалыпты ақша-кредит саясатын жүргізеді. Бұл шешімнің негізінде инфляция мен экономиканың өсуінің жаңартылған болжамдары, сондай-ақ нақты деректер мен тәуекелдер балансын талдау нәтижелері жатыр. Мәселен, 2024 жылы реттеуші инфляция дәлізін 7,5-9,5% аралығында, 2025 жылы 5,5-7,5% шегінде болжайды. 2026 жылы фискалдық ынталандырудың төмендеуіне және қалыпты қатаң ақша-кредит жағдайларының толық көрінуіне қарай инфляция 5% мақсатқа жақындайды және 5-6% аралығында қалыптасады. Қазақстан экономикасының 2024 жылға өсу болжамы 3,5-4,5% деңгейінде сақталды.





white-arrow Тізімге