Брокермен жұмыс кезінде тәуекелді қалай азайтуға болады?

time 29.06.2022
aye 5415
Брокермен жұмыс кезінде тәуекелді қалай азайтуға болады?

Азаматтар қор биржасында бағалы қағаздармен мәмілелер жасауды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы бар кәсіби инвестициялық делдалдарға жүгіну арқылы ғана жүзеге асыра алады. Олар клиенттермен жазбаша түрде жасалған шарт негізінде жұмыс істейді.

Қор биржасы өз клиенттеріне инвесторлар мен эмитенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында ақпараттың барынша көп саны ашылатын бағалы қағаздар нарығында мәмілелер жасасудың ең ашық, технологиялық және нормативтік регламенттелген тәсілін қамтамасыз ете отырып, бағалы қағаздарды сатуға арналған орталықтандырылған алаң болып табылады. Қазақстанда мұндай сауда алаңы KASE – Қазақстан қор биржасы болып табылады.

Биржада сатылатын ең танымал және кең таралған бағалы қағаздар – бұл акциялар мен облигациялар.

Акция – бұл бағалы қағаз түрінде ұсынылған компания капиталындағы үлес. Облигация борыштық құрал болып табылады, оның шарттары депозиттер мен кредиттер сияқты қайтарымдылық, ақылылық және мерзімділік қағидаттарына негізделеді. Акциялар мен облигациялардан басқа, қор нарығында форвардтар, фьючерстер, опциондар және басқалар сияқты басқа да қаржы құралдары бар.

Биржа инвестормен тікелей араласпайды. Олардың арасында делдалдар бар – бұл реттеушінің тиісті лицензиясы негізінде брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын және KASE мүшелері болып табылатын ұйымдар. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызмет «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларымен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, брокер өзінің клиенті есебінен және оның мүддесі үшін уәкілетті органның лицензиясы негізінде және брокер мен клиент арасында брокерлік қызмет көрсету туралы тиісті шарт жасау талаптарымен бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға құқылы.

Егер сіз брокермен шарт жасауға шешім қабылдасаңыз, сізге, бірінші кезекте, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің www.gov.kz интернет-ресурсында осы брокердің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиясының бар екендігін тексеру қажет. Брокердің атауы және деректемелері қаржы реттеушісінің сайтында көрсетілген атаумен және деректемелермен нақты сәйкес келуге тиіс.

Брокерлік шартта нелер маңызды?

Клиенттің брокермен ынтымақтастығы олардың арасында тиісті мерзімге жазбаша нысанда брокерлік қызметтер көрсету туралы шарт (брокерлік шарт) жасасудан басталады. Брокердің ұсынылатын қызметтер үшін тарифтерін (комиссияларын) қоса алғанда, брокерлік шарттың мазмұны мен талаптарын клиент мұқият зерделеуге тиіс.

Сіз қол қойғалы отырған шарттың әр тармағын мұқият зерделеу сіздің инвестицияңыздың сақталуын қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі екендігін есте ұстаған жөн.

Атап айтқанда, брокерлік шарттың мазмұнында брокерге клиенттік тапсырыстарды беру тәсілдерін, брокердің клиенттік тапсырыстарды қабылдауын растау тәртібін, брокердің клиентке тапсырыстардың орындалуы туралы есептерді беру тәртібін, сондай-ақ брокерлік қызметтерді көрсету процесінде клиентке тиісті хабарламаларды жіберу тәртібі мен мерзімдерін көрсетудің болуына назар аудару қажет.

Толы ғырақ « Бағалы қағаздар нарығы» бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге