«Күміс теңге» операциясы» атты танымдық қаржылық детективінің кезекті шығарылымының тақырыбы балалар киберқауіпсіздігіне атрналған.
Басты кейіпкерлер Мұрат, Ерке және Алишаның шытырман оқиғалары жалғасады! Күзгі демалысқа ауылға келіп, балалар онлайн-сатып алуды өз бетінше жасауға тырысады. Желіде кездестірген Ақша жегіш олардың жеке және төлем деректерін алдамшы жолмен иемденуге тырысады, бірақ оларға Қорған деген тасбақа кедергі келтіреді.
Шығарылымда «Интернеттегі қауіпсіз онлайн сатып алу» оқыту комиксі және «Онлайн сатып алу проблемасыз» деген экономикалық ойын бар, бұл балаларға көңілді уақыт өткізуге және өткен материалды бекітуге мүмкіндік береді.
Балаларға арналған қаржы детективі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржылық сауаттылық бойынша арнайы қосымшасы аясында «Дружные ребята» және «Ұлан» республикалық газеттерінде шығатынын еске саламыз. Ол бастауыш және орта мектеп жасындағы балаларға арналған.
Детективтің барлық шығарылымдары біздің сайтымызда, «Балаларға арналған қосымшалар» деген бөлімде мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылған.
Толығырақ «Балаларға арналған қосымшалар» деген бөлімнен оқыңыздар
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
«Алдымен өзіңе төле»: неге бұл қағида бәріне бірдей жұмыс істемейді
Назар аударыңыз! Алаяқтар хабарламамен шабуылдайды: белгісіз eSIM сұраныстары немен қауіпті
Егер коллекторлар сізді мазалай берсе, не істеу керек және қайда бару керек?
Гаджетіңізді кибершабуылдардан қалай қорғау керек
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық