«Күміс теңге» операциясы» атты балаларға арналған қаржы детективінің кезекті шығарылымы қаржыны жоспарлау тақырыбына арналған.
Бас кейіпкерлер Мұрат, Ерке және Алиша ақшаның қайда кететінін, кіріс және шығыс дегеннің не екенін, үнемдеуді қалай үйренуге болатынын және көптеген басқа нәрселерді анықтайды.
Шығарылымда оқыту комиксі, «Кірістер және Шығыстар» экономикалық ойыны, қаржылық сөздік пен жас оқырмандарға өткен материалды бекітуге мүмкіндік беретін «Сұрақ-Жауап» тесті бар.
Балаларға арналған қаржы детективінің ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржылық сауаттылық бойынша арнайы қосымшасы аясында «Дружные ребята» және «Ұлан» республикалық газеттерінде шығатынын еске саламыз. Ол бастауыш және орта мектеп жасындағы балаларға арналған. Детективтің барлық шығарылымдары www.fingramota.kz сайтында, «Балаларға арналған қосымшалар» деген бөлімде мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылған.
Балалармен бірге бірлесіп оқу үшін ұсынылады!
Толығырақ «Балаларға арналған қосымшалар» бөлімінен оқыңыздар
«Ақшаңызды қайтарамыз»: алаяқтар құрбандарын жаңа тұзаққа қалай тартады
Қалта ақшадан алаяқтарға дейін: қазіргі заманғы оқушы нені білуге тиіс?
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Авто-айлакерлік: жолдағы алаяқтар қалай жұмыс істейді және сақтандыру неге сіздің қорғаныңыз бола ал...
Бизнес-жоспар құрған кезде нелерді ескеру қажет
Назар аударыңыз! Алаяқтар хабарламамен шабуылдайды: белгісіз eSIM сұраныстары немен қауіпті