Fingramota.kz қаржы пирамидасын сыртқы белгілері бойынша анықтауға көмектесетін гайд - нұсқаулық дайындады.
Жақында, ағымдағы жылдың қазан айында Алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы қаржы пирамидалары белгілерінің ресми тізбесін бекітті. Аталған жұмыс тобының құрамына ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Бас прокуратураның, Ұлттық Банктің, Ішкі істер министрлігінің, Қаржылық мониторинг агенттігінің, сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері кіретінін естеріңізге саламыз.
Жосықсыз іс-қимыл практикасының негізгі белгілері:
1. Мыналарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей:
•бағалы қағаздар нарығындағы қызметті;
•банк қызметін, оның ішінде депозиттер тарту, кредиттер беру, аударымдар мен төлемдерді жүзеге асыру және т.б. бойынша;
•микрокредиттер беру жөніндегі қызметті;
•коллекторлық қызметті жүзеге асыруға Агенттік лицензиясының/есептік тіркеуінің болмауы.
2. БАҚ-та, интернет-ресурстарда, оның ішінде әлеуметтік желілерде жоғары кірістілік, пассив кіріс алуды уәде ететін жаппай жарнама.
3. Компания клиенттерден жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті нарықтан жоғары баға бойынша (үш айдан бөліп төлеу арқылы немесе ең төменгі пайыздық мөлшерлеме бойынша) сатып алуды ұсынады, сондай-ақ керісінше клиенттерге жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті нарықтан төмен баға бойынша (міндетті аванстық төлеммен) сатып алуды ұсынады.
Толықырақ «Абайлаңыз алаяқтар» бөлімінен оқыңыздар
Қызметін жаңа бастаған инвесторларға кеңестер: нені білу керек?
Кредитті қайдан және қанша сомаға алуға болады? Шекті сомалар белгіленді
Цифрлық ортада туғандар, немесе балаларды кибералаяқтардан қалай қорғауға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Алаяқтар телефон нөмірлері мен SMS-ді қалайша ауыстыра алады
Салықтық шегерімдер дегеніміз не және оның көмегімен қалай үнемдеуге болады?