Инвестициялық сауаттылық жөнінде журналистерге реттеушінің өкілдері айтып берді

time 20.10.2021
aye 6874
Инвестициялық сауаттылық жөнінде журналистерге реттеушінің  өкілдері айтып берді

2021 жы лғы 20 қазанда KASE Fingramota.kz жобасының аясында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және Қазақстандағы Internews Network халықаралық ұйымының өкілдігі мен бірлесіп ұйымдастырған «Қ ор нарығы: сауатты ақпаратт андыру» атты журналистерге арналған вебинар болып өтт і.

Қор нарығы – бұл өз заңдылығымен өмір сүретін үлкен бір әлем. Оның заңдылықтарын түсіну үшін нарық архитектурасын, оны кім реттеп отыратынын, биржада  «күйіп кетпес» үшін инвесторларға нені білудің маңызды екендігін нақты түсіну қажет. Егер инвестициялық делдал алаяқ болып шықса не істеу қажеттілігін, өзіңнің қаржылық және инвестициялық сауаттылығыңды қалайша арттыру үшін не істеу керектігін білу қажет. Бұл жөнінде және көптеген басқа да сұрақтарға БАҚ өкілдеріне онлайн-тренинг барысында Агенттіктің және Қазақстан қор биржасының өкілдері жауап берді.

Агенттіктің Қаржылық сауаттылықты арттыру басқармасының бастығы Сәуле Ынтықбаева Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, атап айтқанда Fingramota.kz жобасы жөнінде ақпарат берді. «Қаржылық сауатты болу дегеніміз тек базалық қаржы процестерінің не екенін түсініп қою емес, ол жеке қаражатыңды тиімді басқаруды, ақшаға жауаптылықпен қарау, бюджетті жоспарлай білу, сондай-ақ түрлі қаржы құралдарына, оның ішінде бағалы қағаздарға сауатты инвестициялауды білдіреді», - деді ол.

Оның айтуынша, өткен жылғы әлеуметтанушылық зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстанда қаржылық сауаттылық деңгейі 39,07%-ды құрады.

«Қазақстанның барлық өңірлерінен 10 мың респондент қатысқан, әлеуметтанушылық зерттеу көрсеткендей, сауалдарға жауап бергендерің  31,8%-ы акциялар мен облигациялар сияқты қаржы өнімдері туралы аздап хабардар, ал  олардың 26,5%-ы бұл ұғымдармен біраз таныс. Қазақстандықтардың 19,5%-ы үшін бұл өнімдердің мазмұны беймәлім және респонденттердің тек 22,3%-ы ғана акциялар мен облигациялар туралы жақсы біледі. Соңғы екі жылда оларды пайдаланғандар сауалдарға жауап бергендерің  3,3%-ын құрайды», - деді ол және тұтынушылар арасында танымалдығы ең төмен бағалы қағаздар нарығының өнімдері екенін қоса айтты.

С. Ынтықбаева журналистерді Fingramota.kz қаржылық сауаттылық бойынша бірыңғай медиапорталдың жұмысымен таныстырды, оның  бөлімдерінің бірі бағалы қағаздар нарығына арналған, 2020 жылғы наурызда пандемия және ТЖ кезінде іске қосылған және өзінің тиімділігін көрсеткен жедел желінің жұмыс тәжірибесін ескере отырып, ағымдағы жылғы мамырдан бастап жұмыс істейтін қаржылық қызметтерді тұтынушылар үшін құрылған call-орталық туралы айтып берді. Call-орталық арқылы Агенттікке 3 мыңнан астам қоңырау келіп түсті және өңделді.

  Сондай-ақ, ол өткен жылдың маусым айында іске қосылған «Fingramota Online» мобильді қосымшасының көмегімен реттеушіге қалай жүгіну керектігін және ол арқылы Агенттікке 5 мыңнан астам сұрақ келіп түскенін айтып берді.

«Біз жұртшылықпен орнықты байланысты қолдауға үлкен мән береміз, бұл бізге нарықта болып жатқан үрдістерден хабардар болуға мүмкіндік береді. Біз үшін кері байланыс өте маңызды. Сондықтан біз ашықтық және байланыстың жеделдігін жақсарту саясатын ұстанамыз және журналистердің  барлық сауалдарына жауап беруге дайынбыз», – деп атап өтті С. Ынтықбаева.  

Спикер Тұжырымдама аясында іске асырылып жатқан басқа да жобалар туралы қысқаша айтып өтті, олардың ішінде «OYLA» балалар ғылыми-көпшілік журналының арнайы қосымшаларының, «FinIQ» қаржылық сауаттылық бойынша 20 сериялы онлайн-шоудың, оқыту бейнероликтері мен ақпараттық графикалардың шығарылымдары бар. 

«Біз Қазақстанның барлық өңірлерінде қаржылық және инвестициялық сауаттылық бойынша семинарлар, дәрістер, вебинарлар және оқыту форматындағы басқа да іс-шаралар өткіземіз, қаржылық қолжетімділікті және қаржылық инклюзияны арттырумен айналысамыз. Бағалы қағаздар нарығындағы қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша жеке ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, мысалы, жалған брокерлердің кім екенін, жаңа бастаған инвестор үшін қандай тәуекелдер бар екенін және өзін, сондай-ақ өз ақшасын қалай қауіпсіздендіру жолдарын айтамыз», – деп сөзін жалғастырды С. Ынтықбаева.

Вебинарға Агенттіктің Бағалы қағаздар нарығын дамыту басқармасының бас маманы Ерлан Исмаилов қатысты. Ол қор нарығындағы ағымдағы ахуал туралы және Агенттіктің институционалдық және бөлшек инвесторлардың рөлін күшейту бойынша жүргізіп жатқан жұмысы жөнінде  айтып берді. «Брокерлердің мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, биометриялық сәйкестендіру арқылы брокерлік шарттарды қашықтан жасау, сондай-ақ банктердің өз клиенттеріне брокерлік көрсетілетін қызметтердің толық спектрін көрсету мүмкіндігі енгізілді, - деді ол. Осы шаралардың нәтижесінде ағымдағы жылғы 9 айда нарықта 64 мың жаңа бөлшек инвесторлар пайда болды, бұл 2020 жылы 15 мыңды құраған инвесторлар өсімінен 4 есе көп».

Вебинарға қатысушылардың Қазақстанның қор нарығын дамыту бойынша реттеуші тарапынан не атқарылғаны жөніндегі сұраққа ол былайша жауап берді: «Экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері жөніндегі заң шеңберінде институционалдық инвесторларды күшейтуге қатысты азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жеке басқарушы компаниялардың басқаруына беру мүмкіндігі жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда азаматтардың 5,4 млрд теңге соманы құрайтын зейнетақы жинақтары жеке басқаруға берілді».

«Сондай-ақ инвестициялық қорлар үшін қаржы құралдарының тізбесі кеңейтілді. Қазіргі уақытта инвестициялық портфельді басқарушылардың басқаруында 950 млрд теңге бар. Сонымен қатар, инвесторларды қорғауды қамтамасыз ету үшін Агенттік тұрақты негізде жосықсыз компаниялар туралы ақпаратты шоғырландырып, жариялап отырады», – деп атап өтті қаржы реттеушісінің өкілі.

Журналистер, өз кезегінде, бағалы қағаздар нарығында инвесторлардың құқықтарын қорғауды күшейту бойынша, атап айтқанда реттеушінің қандай шараларды жүзеге асырып жатқаны жөнінде сұрақ қойды.  

«Біріншіден, Forex нарығында реттелмейтін делдалдар тарапынан алаяқтық әрекеттерді болдырмау үшін берілген нарықта тек қана лицензияланған брокерлердің қызмет көрсетуін қарастыру қажет. Пандемия кезінде мұндай делдалдардың қызметі жандана түсті. Агенттікке азаматтар реттеушінің лицензиясы жоқ әрі оффшорлық аймақтарда тіркелген «инвестициялық компаниялар» мен «FOREX брокерлердің» әрекеттеріне қатысты өтініштер келіп түскен. Қазіргі уақытта брокерлер және инвестициялық портфельдерді басқарушылар өз клиенттеріне инвестициялық ұсынымдар ұсынуда. Агенттік берілген қызметті реттеуді және инвестициялық ұсынымдарды тиісті түрде ұсынбағаны үшін лицензиаттарды жауапкершілікке тартуды ұсынады. Клиентке инвестициялық кеңес берушінің кесірінен зиян келтірілген болса, ол зиянды азаматтық тәртіпте өтеуге тиіс болады, - деп жауап берді Е. Исмаилов. – Екіншіден, жосықсыз мінез-құлық пен нарықтық асыра пайдаланылулардың жолын кесу мақсатында күдікті мәмілелер мониторингі ғана емес, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің, бірінші кезекте брокерлердің, сондай-ақ қаржылық құралдардың бағасына, сұранысына немесе ұсынысына қатысты жалған белгілерді жасауға бағытталған өзге тұлғалардың да әрекеттерін талдау да жүргізілетін болады. Үшіншіден, инвестициялық басқарушылар мен брокерлердің клиенттерінің активтерін осы ұйымдардың міндеттемелері бойынша тыйым салу мен өндіріп алудан қорғау енгізіледі».

Онлайн-тренинг Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 338 қаулысымен қабылданған Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020 - 2024 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының шеңберінде өткенін атап өтеміз.

 

white-arrow Тізімге