Картаны алаяқтардан қалай қорғауға болады

time 3.06.2024
aye 3178
Картаны алаяқтардан қалай қорғауға болады

Интернет-алаяқтар сіздің шотыңызды, әсіресе сіз фишингітік сайттың «тұзағына» түсіп қалсаңыз лезге бір тиынсыз қалдырады. Бұл қаржылық алаяқтықтың көп түрлерінің бірі, қаскүнемдер Сіздің төлем карталарыңыздың деректемелерін алу мақсатында белгілі интернет-дүкендердің, банк сайтының не әлеуметтік желінің фишингтік сайт деп аталатын, солардың клонын жасап шығарады. Соған пошта мекенжайларының базасы арқылы сілтемелерді таратып жатыр, олардың ішінде Сіздің мекенжайыңыз да болуы мүмкін.

Фишингтік сайттармен қалай күресудің жолын білу үшін Интернет жайлы, оны пайдалану және ақпаратты қорғау әдістемелері туралы біраз білгеніңіз жөн. Сонымен, мысалы интернет-дүкен туралы сөз қозғалған болса, оның мекенжайы http://-тен емес, https://-тен басталатына қараңыз. Алғашқыда сіз, тіптен фишингті білмей қалсаңыз, қаржылық тұзаққа түспеудің қарапайым базалық ережелері бар. Біріншіден, егер сіз, дегенмен сол сайтқа кіріп кетсеңіз, өзіңіздің жеке деректеріңізді, оның ішінде CVV-кодты (картаның сыр жағындағы үш мәнді нөмірі) қоса, төлем картаңыздың деректемелерін енгізуді сұрағанынан абай болуыңыз қажет. Сол кезеңде-ақ дереу тоқтатып, пароліңізді өзгерте отырып сайттан шығып кету керек.

Кибералаяқтардың құрықтарына түспеу үшін, бірнеше ережелер есте сақтаңыздар: 

· өз дербес деректеріңізді еш жерде көрсетпеңіз; 

· сайтта рәсімдеген кезде зер салыңыз; 

· адрестік жолында сілтеменің дұрыстығын тексеріңіз; 

· https қорғалған желілерін пайдаланыңыз; күдікті хаттарды іріктеу; 

· банк аккаунттарға кіру үшін Wi-Fi ашық рұқсат нүктелерін пайдаланбаңыз; 

· өз құпия деректеріңіз: төлқұжат деректер, аударма деректемелерді (әсіресе аудару жасаудың құпия коды).

Сол сияқты алаяқтар банктердің клиенттеріне ұялы телефондарына жиі қоңырау шалады және банк қызметкері деп өздерің таныстырады. Бұл ретте олар банктік терминологиясын пайдаланып сауатты және сенімді түсіндіреді. Мысалы алаяқтар төлем картасы бойынша күдікті операциялар анықталғаны туралы және оның «бұғаттау» үшін карта иесінің деректерін: ЖСН, картада көрсетілген телефон нөмірін, банктік карта нөмірін, ағымдағы немесе жинақ шоттың нөмірін енгізу қажет деп мәлімдейді. Клиент деректемелерді көрсеткен кезде олар ақша аудармасын бұғаттау үшін деп клиенттің нөміріне жіберілген SMS-хабарламадан кодты айтуды немесе оны тондық режимде алуды сұрайды. Мәліметті алғаннан кейін әдетте алаяқтар клиенттің интернет-банкингінде телефон нөмірін ауыстырады және шоттардан ақша алады.

Мұндай жағдайда не істеу қажет? 

Дұрысы – тұтқаны қойып, әңгімені тоқтату және ақпаратты нақтылау үшін қызмет көрсететін банкке қоңырау шалу. Банктің жақын маңдағы бөлімшесіне барып, шотыңызға алаяқтық шабуылдар жасауға әрекет ету туралы өтініш жазған жөн.

Банк қызметкерлері іс-қимылдарының регламенті бар, соған сәйкес банктердің қызметкерлері ешқашан карта не алынған SMS бойынша деректер беруді талап етіп клиентке бірінші болып қоңырау шалмайды.

Егер алаяқ сіз туралы жеткілікті түрде ақпаратқа ие болса, ол сіздің атыңыздан тауарлар мен қызметтерді сатып алуы, жаңа шоттар ашуы, ақша аударуы немесе кредит алуға өтінім беруі мүмкін.

Мына жағдайларда:

· өз шоттарыңызда қалыптан тыс белсенділікті байқасаңыз;

· өз шоттарыңызға қашықтан кіре алмасаңыз;

· сіздің картаңызды қызмет көрсетуге қабылдамаса, өз банкіңізге жедел хабарласыңыз.

Осындай қарапайым, алайда тиімді ережелерді сақтау ақшаңызды алаяқтардан қорғауға мүмкіндік береді. Достарыңыз бен туған-туыстарыңыз ешқашан алаяқтардың қармағына ілінбеуі үшін, олармен осы ақпаратты бөлісіңіздер.

Fingramota.kz-мен бірге қаржылық сауаттылықтарыңызды арттырыңыздар!


white-arrow Тізімге