Желідегі жарқын және түрлі-түсті безендірілген, селт еткізер тақырып, сіз оның егжей-тегжейін білу үшін тақырыпты ашқыңыз келеді. Алайда, қолданушылар осылай жасай отырып, алаяқтардың құрбаны болу тәуекеліне барады. Fingramota.kz толығырақ айтып береді.
Кликбейт (ағылшын тілінен «click» «шерту», «bait» «жем» деп аударылады) – бұл маркетингтік құрал, ол әдетте таңқаларлық тақырып немесе фотосурет, бейнеролик, пайдаланушылардың қызығушылығына арналған баннер. Жаңалықтың немесе оқиғаның жалғасын оқу үшін сіз осы тақырыпты басуыңыз керек және дереккөзге автоматты түрде сілтеме жасалады.
Кликбейт қолданушылардың эмоцияларына жүгінеді, оны алаяқтар белсенді қолданады. Шабуылдаушылардың басты міндеті – ықтимал құрбандардың басқаруды жеңілдету үшін олардың екіұшты сезімдерін ояту. Бұл тітіркену, таңғалу, елжіреу, ашулану, аяушылық, құмарлық және басқалар болуы мүмкін. Кликбейт-тақырыптар жасау үшін, әдетте, ақпаратты «сатуға», ресурсқа арналған трафикті арттыруға, ал алаяқтық жағдайында пайдаланушылардың дербес деректерін алу үшін зиянды файлды таратуға мүмкіндік беретін арандатулар пайдаланылады.
Алаяқтық кликбейт мысалдары: «Тек бүгін ғана! IPhone жарты бағамен, бұл үшін ... жетіп жатыр», «Адам сенгісіз! Жаңа жыл құрметіне сыйлықтар таратылады!», «Бұл сенсация! Жатар алдында ... ішсеңіз, тұмау мен коронавирус қорқынышты болмайды» және т.б.
Алаяқтар электронды поштаға, банктердің, танымал блогерлердің, дүкендердің және басқа ұйымдардың атынан түрлі мессенджерлерге кликбейтті тақырыптары бар хаттар жібереді. Кейбір тақырыптар сіз көргіңіз келетін бейнероликтермен бірге жүреді, бірақ оны көру үшін гаджетке арнайы қосымшаны орнату керек. Оған сілтеме, әрине, көрсетілген. Егер пайдаланушы оны жүктеп алса, онда ол маңызды деректерді ұрлай алатын зиянды бағдарламаны орнатады және оның көмегімен алаяқтар гаджетті қашықтан басқара алады.
Пайдаланушылар толығырақ мағлұмат алу үшін алаяқтардың тақырыбына басқан кезде олар фишинг сайтқа түседі. Мұндай интернет-ресурс түпнұсқа сайттың клоны, мәселен жаңалықтар порталының, техника дүкенінің, кез келген басқа онлайн-дүкеннің, сондай-ақ танымал әлеуметтік желілерге кіру беттері болып табылады. Кейбір пайдаланушылар ойланбастан, әдеттегідей өз аккаунтына кіретін қимылдар жасап жіберулері мүмкін, мұндай жағдайда олардың есептік деректері хакерлердің қолына түседі.
Егер бұл онлайн-дүкеннің жалған беті болса, онда пайдаланушылардан өздерінің банктік деректерін енгізу сұрайды, және тапсырысты ресімдегеннен кейін мыс, кибералаяқтар барлы төлем ақпаратына ие болады.
Толығырақ «Абайлаңыз, алаяқтар» бөлімінен оқыңыздар
Балалардың цифрлық қауіпсіздігі: киберқылмыскерлерден оларды қалай қорғауға болады
Несие тарихына не әсер етеді және оны қалай жақсартуға болады
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?