Өмірдегі жағдайлар әртүрлі. Егер кенеттен қаржылық жағдайыңыз кредит бойынша төлемді уақтылы төлеуге мүмкіндік бермесе, ең бастысы заң бойынша әрекет ету қажет. Қалай әрекет ету керектігі Fingramota.kz-те айтылады.
Біріншіден, сіз шарттық қарым-қатынас ресімдеген кредит ұйымына ресми өтініш жазу керек. Бұны кешіктірілген күннен бастап 30 күннен кешіктірмей жасаған, тіпті ең жақсысы - ол басталғанға дейін жасау керек. Өтініште міндеттемелердің орындалмау себебін көрсету және шарт талаптарын өзгерту бойынша өз ұсыныстарын ұсыну қажет.
Бұл мүмкін:
- сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуі;
- қарыз валютасының өзгеруі;
- негізгі борыш, сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыру;
- берешекті өтеу әдісін немесе берешекті өтеу кезектілігін өзгерту;
- шарттың қолданылу мерзімін өзгерту;
- мерзімі өткен негізгі борышты, сыйақыны кешіру, айыпақыны жою. Кіріс нөмірі бар өтінішіңіздің көшірмесін міндетті түрде алыңыз.
Осыдан кейін қаржы ұйымы сіздің ұсыныстарыңызды 15 күн ішінде қарайды және жазбаша нысанда жауап береді. Кредитор Сіздің ұсыныстарыңызбен келісуі, балама нұсқаларын қарастыруы немесе бас тартуы мүмкін.
Толығырақ «Кредиттер» бөлімінен
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар
Жылдам, ыңғайлы және пайдалы: неліктен автокөлік иелері Еурохаттамаға назар аударуы керек
Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма