Көп елдердің азаматтары меншікті қаражаты жетпеген кезде қаржы ұйымдардың көмегіне жүгінеді. Нәтижесінде елдегі кредиттеу жылдан жылға өсуде. Мұның жақсы немесе жаман екенін, қашан кредит алуға болатынын, ал кредитті алмай-ақ қоюға болатынын әркім өзі шешеді.
Алайда, жалпы ұсынымдар бар, оларды басшылыққа ала отырып одан әрі жағымсыз салдарларды болдырмауға болады. Тіпті шағын кредит болса да, - бұл қаржылық міндеттеме, ол өмір сүру сапасына әсер етпей қоймайды.
Өз мүмкіндігіңізді бағалаңыз. Пандемия Қазақстанның әрбір азаматының әдеттегі өмір сүру тәртібіне өз түзетулерін енгізді. Онлайн режимде жұмыс істеу және оқу заманауи техниканы сатып алуға не ауыстыруға мәжбүрлейді. Сондықтан, дербес компьютер немесе ноутбук, смартфон және басқа техника сатып алу, сондай-ақ үйде жұмыс істеу және оқу үшін қолайлы жағдай жасау – халықтың көпшілігі үшін маңызды мәселе. Егер техникалық құрал сатып алуға ақша жетпесе, - бұл проблеманы кредиттің көмегімен шешуге болады, әсіресе, егер бұл өте қажет болса.
Толығырақ мына бөлімнен оқыныздар
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма
Қаржылық күнтізбе: жыл бойы шығындарды ақылмен жоспарлау және шектен шықпау?
Кредит ресімдеген кездегі қателіктер мен лайфхактар
«Стоп кредит»: кредиттік алаяқтықтан қорғану