Кредиттік тарих: оны кім және қаншалықты жиі жаңартады

time 27.10.2022
aye 4307
Кредиттік тарих: оны кім және қаншалықты жиі жаңартады

2022 жылғы 1 қазаннан бастап заңнамаға түзетулер күшіне енді, оған сәйкес қарыз алушылар туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беру және жаңарту мерзімдері өзгерді.

Бұл өзгерістер 2022 жылғы шілдеде Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының күшіне енуінің нәтижесі болды.

Мәселен, 2022 жылғы 1 қазаннан бастап кредиттік серіктестіктерді және коллекторлық агенттіктерді қоспағанда, ақпарат берушілер кредиттік бюроларға берілген жаңа қарыздар туралы мәліметтерді бір жұмыс күні ішінде, ал кредиттік тарих субъектілері туралы кез келген ақпаратты кейіннен жаңартуларды 10 жұмыс күні ішінде беруге міндетті. Бұрын олар ақпаратты айына екі рет – 15 жұмыс күні ішінде жаңартып отыратын.

Бұл ретте кредиттік бюроларға 10 жұмыс күні ішінде:

- коллекторлық агенттіктерді;

- тауарларды және көрсетілетін қызметтерді кредитке беретін не төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынатын, жүйеленген белгілерін Үкімет айқындайтын ДК немесе заңды тұлғаларды;

- коммуналдық қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерді қоспағанда, барлық ақпарат берушілер мәлімет береді.

Олар үшін кредиттік бюроларға ақпарат беру мерзімі кредиттік тарих субъектісіне қатысты кез келген деректер өзгерген немесе алынған күннен бастап 30 күнді құрайды.

Заңнамалық жаңалықтар кімге тиімді?

Ең алдымен, өзінің кредиттік тарихын үнемі қадағалап отыратын қарыз алушыларға тиімді. Олар жеке кредиттік есепте алаяқтық кредитті уақтылы  тауып, дер кезінде оны даулауы мүмкін. Кредиттік тарихтағы ақпаратты  даулау жөніндегі қызмет қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі www.fingramota.kz. медиа порталында қолжетімді. Кредиттік тарихыңыздағы ақпаратты даулауға өтініш беру үшін өзіңіздің деректеріңізді арнайы нысанда: ЖСН және телефон нөмірін көрсетуіңіз керек. Өтініштерді өңдеу заңнамада белгіленген мерзімде жүзеге асырылады. Ақпаратты даулау туралы өтініш берілген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде және кредитордан алынған жауаптың негізінде өтініш берушіге кредиттік бюролардан тиісті жауап жіберілетін болады.

Қазақстанда екі кредиттік бюро – Мемлекеттік кредиттік бюро (МКБ) және Бірінші кредиттік бюро (БКБ) жұмыс істейтінін еске саламыз, олар кредиттік тарихты қалыптастырады, бірақ дербес кредиттік есептерге өзгерістер енгізбейді. Мұны ақпарат жеткізушілер, яғни банктер, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар және тауарларды кредитке немесе бөліп-бөліп сататын өзге де тұлғалар жасайды.

Толығырақ "Кредиттер" бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге