2021 жылғы 11 маусымда Nur Otan партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтармен қашықтан тілдесу арқылы кездесу болып өтті, оны ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова өткізді.
Карантиндік шектеулерді ескере отырып, қаржы реттеушісінің басшысы қазақстандықтардың өтініштеріне онлайн-форматта жауап берді. Азаматтардың негізгі сұрақтары кредиттер бойынша борыш жүктемесін азайтуға, проблемалық қарыздарды қайта қаржыландыруға, кредиттер бойынша мерзімі кейінге қалдырылған төлемдерге пайыздар есептемеуге, ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға, сондай-ақ микрокредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені азайтуға қатысты болды.
Қарағандыдан, Нұр-Сұлтаннан, Тараздан және Екібастұздан алты өтініш беруші қаржы реттеушісінің басшысына өз проблемаларын шешуге көмек сұрап жүгінді. Әрбір өтініш бойынша нақты түсіндірулер берілді.
Қаржылық реттеушінің төрағасы Агенттіктің барлық айтылған проблемалардың заңнама нормалары мен белгіленген мерзімдер сақтала отырып орындалуын бақылауда ұстайтынын атап өтті.Тиісті тапсырмалар осы мәселелерге жетекшілік ететін департаменттерге берілді, қаржы реттеушісінің басшысы азаматтардың барлық айтылған мәселелерін жеке бақылауына алды.
Қаржылық қызметтерді тұтынушылармен өзара іс-қимыл жасау шеңберінде Агенттік жұмысы азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін коммуникациялық арналардың барынша қолжетімді болуын қамтамасыз етуге және оларды дамытуға бағытталғанын атап өту қажет. Агенттік құрылғаннан бері шамамен 25 мың өтініш қаралды, олар бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау шаралары қабылданды. Өтінішті кеңсе мен колл-орталықтан басқа Агенттік Төрағасының Ашық диалог порталындағы және egov электрондық үкімет порталындағы блогына беруге болады. Агенттіктің және Fingramota.kz жобасының аккаунттары танымал Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде бар.
Қаржы пирамидаларының заманауи схемалары: франшизалар, мессенджерлер және мөлшерлемелер
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Түрксіб ауданының жастары үшін қаржылық сауаттылық бойынша семинар өткізілді
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Микроқаржы омбудсманы: ол қандай мәселелерді қарайтын болады
Банк омбудсманы: ол не үшін қажет және оған қандай жағдайда жүгінуге болады