Бағалы қағаздарға инвестициялау арқылы жақсы ақша табуға да, салған ақшадан оп-оңай айырылып қалуға да болатынын бірден айта кету керек. Қаржы құралының кірістілігі неғұрлым көп болса, ақша жоғалту ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.
Егер сіз тәуекелге баруға дайын болсаңыз, бос қаражатыңыз болса және кепілдендірілген депозиттер ұсынғаннан гөрі көбірек ақша тапқыңыз келсе, онда акцияларға және облигацияларға инвестиция салуды қарастыруға болады.
Жаңадан бастаушыға ең оңай жолы – биржада ұсынылған қазақстандық және шетелдік компаниялардың бағалы қағаздарын сатып алу және белгілі бір уақыт өткеннен кейін неғұрлым жоғары бағада сату. Бұл жағдайда кіріс бағамның қаншалықты өскеніне немесе бағалы қағаз индексіне байланысты болады. Алайда, мұндай табыс кездейсоқ сәттілік емес, ойластырылған әрекеттердің нәтижесі екенін есте ұстаған жөн. Инвестициядан шынымен де пайда табу үшін сізге көп күш жұмсау керек, оның қыр-сырын үйреніп, осы тақырыпты үнемі зерттеп отыру керек.
Егер жиналған ақшаңыз, мысалы банкте депозит түріндегі жинағыңыз болмаса, ешбір жағдайда соңғы ақшаңызды салуға болмайды. Биржада сақтандыру жоқ, сол себепті сіз бәрін жоғалтуыңыз мүмкін. Сонымен қатар, бағалы қағаздар құнының төмендеуі банктердің банкроттығына қарағанда жиі кездеседі.
Бастапқыда біраз ғана сомаларды инвестициялауға болады. Алайда, ол арқылы сауда-саттық жасағыңыз келетін брокердің өз комиссиясын алатынын ескеру қажет. Бұл әрбір транзакция үшін белгіленген сома не транзакцияның көлемінен пайыз болуы мүмкін. Сондықтан, егер Сіз бірден және көп салғыңыз келсе, бірінші нұсқаны ұсынатын брокерді таңдаңыз, егер жиі және аздап салатын болсаңыз – екінші нұсқаны таңдаңыз.
Есте ұстаңыз: шарт жасасу алдында брокердің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) лицензиясы бар-жоғын міндетті түрде тексеріңіз. Мұны қаржы реттеушінің www.gov.kz ресми интернет-ресурсында жасауға болады Агенттіктің сайтында көрсетілген брокердің деректемелері лицензияда көрсетілген деректемелерге сәйкес келуі тиіс. Сондай-ақ қаржылық есептілікті, биржалардағы белсенділікті қарау, сондай-ақ басқа клиенттердің пікірлерімен танысу қажет.
Осы ұсыныстарға сүйене отырып, сіз өз ақшаңызды шоттарда қорғайсыз, тіпті брокер өз қызметін кенеттен тоқтатса да - сіздің салымдарыңыз туралы ақпарат Бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде қалады.
Толығырақ «Бағалы қағаздар нарығы» бөлімінен оқыңыздар
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар
Жылдам, ыңғайлы және пайдалы: неліктен автокөлік иелері Еурохаттамаға назар аударуы керек
Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма