Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) екінші деңгейдегі банктермен тоқсан сайынғы кездесу өткізді. Кездесуге сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында SREP әдіснамасы бойынша қадағалау процесі шеңберінде банктерді жыл сайынғы бағалау, банктердің AQR активтердің сапасын бағалау қорытындысы бойынша түзету шараларының жоспарларын орындауы, жүргізілген AQR қорытындысы бойынша реттеушілік бастамалар мәселелері, қаржылық технологияларды дамыту мақсатында банктердің банк қызметіне жатпайтын рұқсат берілген қызметінің тізбесін кеңейту және тұтынушылық кредиттеудегі тәуекелдерді реттеу мәселелері талқыланды.
2021 жылғы наурызда Агенттік Банк секторының қадағалау саясатының 2021 жылға арналған негізгі басымдықтарын алғаш рет әзірлеп, жариялады және ағымдағы жылға арналған Қадағалау әрекеттерінің бағдарламасын (Supervisory examination program, SEP) бекітті. Бұл бағыт қадағалау әрекеттерінің негізгі бағыттарын белгілеу арқылы SREP толық ауқымды іске асырылуын, оларды жүргізу басымдылығын, қадағалау қызметінің қарқындылығы дәрежесін айқындайды. Бұл мәселені қарау қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін SREP бағалау қорытындысы бойынша банктерге қадағалау шешімдерін және қадағалап ден қоюдың реттеушілік шараларын қабылдау арқылы 2021 жылғы SREP бағалау циклы аяқталатыны айқындалды. 2022 жылғы қаңтардан бастап SREP жаңа циклы басталады, банк секторының әлеуетті тәуекелдерін талдауды ескере отырып, Қадағалау әрекеттерінің 2022 жылға арналған бағдарламасы әзірленетін болады.
Кездесуде сондай-ақ AQR қорытындысы бойынша түзету шараларының жоспарларын орындау мәселелері талқыланды, олар банктердің негізгі бизнес-процестерін озық халықаралық практикаға сәйкес айтарлықтай өзгертеді. AQR қорытындысы бойынша түзету шараларының жеке жоспарлары үш жылға есептелген және әрбір жеке банкке орта есеппен 2,5 мыңға дейін түзету іс-шараларын қамтиды.
Сонымен қатар, Агенттік AQR қорытындысы бойынша әзірлеген реттеу сипатындағы өзгерістер қаржы активін жіктеу бойынша талаптарды жетілдіру (AQR нәтижелері бойынша құнсыздану триггерлерін нақтылау), кепілдік қамтамасыз етуді бағалауға қосымша талаптар белгілеу және провизияларды есептеудің ішкі модельдеріне қойылатын талаптарды белгілеу бөлігінде талқыланды. Аталған түзетулердің қабылдануын ескере отырып, ағымдағы жылдың соңына дейін банктер қарыздардың құнсыздану триггерлерін пысықтайды және қарыз алушылардың төлем жасау қабілеттілігін талдау процестерін, бөлшек қарыздарды бағалау модельдерін жаңартады деп күтілуде.
Бәсекелестікті қолдау, инновацияларды ілгерілету және жаңа технологияларды енгізуді қамтамасыз ету мақсатында банк қызметінің түрлерін кеңейту жөніндегі ұсыныстар қаралды. Қарау қорытындысы бойынша банктер мен банк холдингтерінің қаржы саласындағы қызметті және (немесе) қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың капиталына қатысу мүмкіндігін заңнамалық деңгейде көздеу жоспарлануда. Бұл банктердің қаржылық емес ұйымдардың капиталына қатысу мүмкіндіктерін кеңейтеді және қаржылық технологиялар мен экожүйелерді дамытуға байланысты қызмет салаларын барынша қамтуға мүмкіндік береді.
Кездесуге қатысушылар сондай-ақ тұтынушылық кредиттеудегі тәуекелдерді реттеу тәсілдерін талқылады. Қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Агенттік қарыз алушылардың борыш жүктемесінің коэффициентін есептеуді қатаңдату, қарыздар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәсілдерін жетілдіру, сондай-ақ пруденциялық реттеу шеңберінде кепілсіз тұтынушылық кредиттер бойынша тәуекел-саралау коэффициенттерін ұлғайту бөлігінде нормативтік құқықтық актілерге түзетулер ұсынды.
Қаржы қоғамдастығымен тоқсан сайынғы кездесулер Агенттік қызметінің ашықтығы мен транспаренттілігі және тәуекелге бағдарланған қадағалауды, реттеуді іске асыру және қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың басынан бастап өткізіледі.
Ақпарат көзі: ҚНРДА сайты
Балалардың цифрлық қауіпсіздігі: киберқылмыскерлерден оларды қалай қорғауға болады
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!
Квишинг: алаяқтар казақстандықтардың гаджеттеріне қалай шабуыл жасайды
Инвестициялаудың қандай түрін таңдау керек: пассивті және активті инвестициялау бойынша гайд