Бағалы қағаздарға инвестиция сала отырып ақша табуға да, одан айырылуға да болады. Биржаның өз бұлжымас ережесі бар: кірістілік жоғары болған сайын тәуекел де жоғары. Егер сіз тәуекелге бел байласаңыз, пассив кіріс алғыңыз келсе, қаржылай қауіпсіздік жастығыңыз, сондай-ақ қосымша, бос жатқан қаражатыңыз болса, онда өзіңізді инвестор ретінде байқап көруіңізге болады.
Жаңадан бастап келе жатқан инвесторларға кеңестеріміз:
Біріншіден, мәмілелер жасайтын сенімді әрі лицензиясы бар брокерді табыңыз. Оның лицензиясын ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің www.gov.kz сайтынан тексере аласыз.
Екіншіден, тәуекелдеріңіз бен шығындарыңызды бағалаңыз. Сіздің бюджетіңізге зиян келтірмейтін және моральдық тұрғыдан жоғалтуға дайын соманы ғана инвестициялаңыз. Биржада сауда-саттық жасаймын деп кредит алушы болмаңыз!
Үшіншіден, инвестициялық стратегияны таңдаңыз. Сонымен бірге салымды жоғалту тәуекелін азайту үшін салымдарыңызды әртараптандырыңыз.
Қаражатыңызды инвестициялауға қатысты қабылданған шешімдеріңіз үшін өзіңіз ғана жауапты екеніңізді естен шығармаңыз. Брокер тәуекелдер жайында ескертіп қана қояды, ал кірістің өте жоғары болатынына және инвестицияңыздың қайтарылатынына ешқашан кепілдік бермейді. Мұндай уәдені алаяқтар ғана береді!
Толығырақ "Бағалы қағаздар нарығы" бөлімінен оқыңыздар
Авто-айлакерлік: жолдағы алаяқтар қалай жұмыс істейді және сақтандыру неге сіздің қорғаныңыз бола ал...
Қазақстан азаматтарды қаржылық алаяқтардан қалай қорғайды
«Алдымен өзіңе төле»: неге бұл қағида бәріне бірдей жұмыс істемейді
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Қарыз тұзағынан шығудың жаңа мүмкіндігі: Finkelisim платформасы кредиттерді реттеу тәсілін қалай өзг...
Проблемалық кредиттер: банк және микроқаржы омбудсмандарына жүгініңіз