Қазіргі уақытта Жанболат Мамай әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде қарыздардың барлық түрлері бойынша «кредиттік рақымшылық» жарияланыпты-мыс деген дәйексіз ақпарат таратуды жалғастыруда.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (Агенттік) Ж. Мамайдың бұл мәлімдемелері дәйексіз екендігін және өзінің жеке саяси мақсаттарын іске асыру үшін азаматтарды адастыратынын мәлімдейді.
Агенттік қазіргі уақытта Қазақстанда 2004 – 2009 жылдар аралығындағы кезеңде теңгемен ипотекалық қарыз, сондай-ақ 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін валюталық ипотекалық қарыз алған халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан ипотекалық қарыз алушыларға көмек көрсету үшін Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын (Бағдарлама) іске асыру жалғастырылып жатқандығын хабарлайды.
Мұндай қарыз алушыларға қолдауды банктер олардың қаржылық және әлеуметтік жағдайын жан-жақты талдау негізінде жеке тәртіппен көрсетуде, оның нәтижелері бойынша банктер қарыз алушыға қажетті қолдау көрсету туралы шешім қабылдайды.
Кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға қолдау көрсету үшін ағымдағы жылғы қазаннан бастап берешекті реттеудің бірыңғай тәртібі енгізілгенін хабарлаймыз. Кредиттер бойынша мерзімін өткізу туындаған жағдайда, қарыз алушылар банкке немесе микроқаржы ұйымына өтінішпен жүгінуі қажет, онда олардың өтініші қаралып, проблемалық берешекті қайта құрылымдау талаптары ұсынылады.
Азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан дәйексіз мәліметтерге сенбеуді және ресми әрі тексерілген дереккөздерінен ғана алынған ақпаратты басшылыққа алуды сұраймыз.
Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының талаптары мен нәтижелері туралы толығырақ ақпаратты Агенттіктің ресми сайтынан алуға болады.
Қаржы пирамидаларының заманауи схемалары: франшизалар, мессенджерлер және мөлшерлемелер
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Түрксіб ауданының жастары үшін қаржылық сауаттылық бойынша семинар өткізілді
Микроқаржы омбудсманы: ол қандай мәселелерді қарайтын болады
Банк омбудсманы: ол не үшін қажет және оған қандай жағдайда жүгінуге болады