2022 жылғы көктемде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі республикалық маңызы бар үш қалада: Астана, Алматы және Шымкент қалаларында балалар киберқауіпсіздігі тақырыбы бойынша 5 – 11 сынып оқушыларына арналған арнайы оқыту жобасын іске қосты.
Ағымдағы жылдың күзінен бастап «Киберқауіпсіздік бойынша тақырыптық сағаттар» қазір Қазақстанның барлық өңірлерінде, соның ішінде облыстық аудан орталықтары мен шалғайдағы ауылдық елді мекендерде өткізіледі.
Желідегі сақтық шынайы өмірдегідей маңызды, әсіресе балаларға қатысты. Сондықтан Агенттік бос уақытын Дүниежүзілік желіде жиі өткізетін және онлайн алаяқтардың құрбаны бола алатын мектеп оқушыларының цифрлық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған оқыту іс-шараларына ҚНРДА өңірлік өкілдер басқармаларының, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ, «БЖЗҚ» АҚ, «ҚМФ-Демеу» корпоративтік қорының, «Отбасы Банк» АҚ, Алматы қаласындағы №1 Қаржылық сауаттылық мектебінің өкілдері қатысады.
Осы арнайы жоба басталған сәттен бастап, 2022 жылғы қарашадағы жағдай бойынша бүкіл ел бойынша қазақ және орыс тілдерінде орта және жоғары мектеп жасындағы 1000-нан астам қазақстандық оқушылар үшін 35-тен астам тақырыптық сабақ өтті.
Дәріскерлер атап өткендей, оқушылардың алған білімі болашақта оларды алаяқтар мен қаржы пирамидаларынан сақтандыруға, әр түрлі қаржылық қызметтер мен өнімдерде адаспауға, салмақты және дұрыс қаржылық шешімдер қабылдауға үйретуге, сондай-ақ олардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға көмектеседі.
«Киберқылмыскерлер баланы өзіне тарту үшін онлайн-тұзақты мұқият жасайды. Мұның бәрі зиянсыз лайктан немесе әлеуметтік желідегі репосттан басталуы мүмкін. Алаяқтардың мақсаты – сіз, сіздің отбасыңыз, банк карталарыңыз туралы құпия ақпаратты алу үшін сіздің сеніміңізге кіру. Олар әр түрлі сылтаулармен телефонға зиянды бағдарламаны орнатуды немесе вирус жұққан файлды достарына жіберуді сұрауы мүмкін. Интернеттегі бейтаныс адамдарға сенбеңіз, сондай-ақ оларға жеке деректерді, банк карточкасының фотосуреттерін, геолокацияны және басқаларын бермеңіз», - деп ескертеді ҚНРДА өкілдері.
Тақырыптық сағаттар барысында олар оқушыларға «Дружные ребята» және «Ұлан» республикалық газеттерінде шығарылатын қаржылық сауаттылық бойынша түрлі түсті қосымшаларды таныстырады, олармен Fingramota.kz сайтында «Балаларға арналған қосымшалар» деген бөлімде танысуға болады.
Алаяқтар трендте: алдаудың нақты жағдайлары және одан қорғану әдістері
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Несие тарихына не әсер етеді және оны қалай жақсартуға болады
Қаржылық инклюзияны дамыту – реттеушінің негізгі басымдықтарының бірі
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт