Бүгінде тауарларға интернет арқылы тапсырыс беру тек сәнді ғана емес, сондай-ақ өте ыңғайлы, оның үстіне көптеген адамдардың жұмыс кестесі оларға шопинг жасау үшін дүкендерге баруға мүмкіндік бере бермейді. Өкінішке орай, интернеттегі сауданың теріс жағы да бар, ол – сатушының тарапынан алдау қаупі.
Fingramota.kz алаяқтықтың интернетте сауда жасау кезінде барынша жиі кездесетін түрлері туралы айтып береді және келеңсіз жағдайлардан құтылуға қатысты қарапайым кеңестермен бөлісетін болады.
Интернет-дүкен – кепілдік емес
Бір қарағанда, интернет арқылы сатып алудың ең дұрыс әрі сенімді тәсілі – танымал интернет-дүкендерде шоппинг жасау сияқты көрінеді. Олар Қазақстанның көптеген ірі банктерінің мобильді қосымшаларында қолжетімді болады. Бұл алаңдарда тауарды алданып қалу қаупінсіз сатып алуға болатындай көрінеді, бірақ шығдығында бұл жерде де сатушылардың адалдығына толығымен сенуге болмайтынын көріп отырмыз.
Алаяқтық схемасы қарапайым болып келеді. Сатып алушы тауарға, мысалы самокатқа тапсырыс береді, ол үшін төлем жасайды, бірақ жеткізуші тауарды қажетті мерзімде жібермейді, қоңырауларға жауап бермейді және мүлдем жоғалып кетеді.
Интернет-дүкеннің қолдау көрсету қызметіне жазу арқылы алаяқты табуға тырысып көруге болады. Ол жерде тауардың сатушының кінәсінен тыс, жеткізу қызметінің тапсырыс берілген тауарды жоғалтып алуының себебінен жоғалып кету ықтималдығын анықтайды. Бұл жағдайда интернет-дүкен сатып алушыға ақшаны тез арада қайтарып береді. Бірақ курьерлік компаниялардың тарапынан жоғалту жағдайының болмағаны белгілі болса, онда полицияға өтініш жазу керек. Алданған ақшаңыздың мөлшері аз болса да, құқық қорғау органдарын алаяқтық фактісі туралы хабардар ету ұсынылады, олар осы жағдайды тергеп-тексеру барысында басқа адамды ірі көлемде алдаған алаяқтардың ісін ашуы мүмкін.
Қажетсіз проблемаларды болдырмау үшін сатып алуды жүзеге асырмай тұрып, сатушының қандай рейтингте тұрғанын, ол туралы пікірдің бар-жоғын қарастырған жөн. Осы мәліметтер негізінде қандай да тұжырымдар жасауға болады. Мысалы, егер сатушының қысқа уақыт ішінде 5-10 пікірі болса, онда бұл күдік тудыруы керек. Іздеу жүйелерінен сатушының атын іздеңіз, мүмкін сіз олар туралы қызықты деректер табарсыз, бұл сіздің келеңсіз жағдайларға тап болмауыңызға көмектеседі.
Жеке берілген хабарландырулардың тәуекелі жоғары
Жеке хабарландыру сайттары арқылы сатып алу кезінде адам жосықсыз сатушыларға кезігіп қалу қаупі бар. Мәселен, әдемі фотосуреттің артына жасырынған алаяқ өз ойын іске асыруы мүмкін. Алаяқтардың әдеттегі «жұмыс» схемасы мынадай: сатып алушы өзіне қажетті өнімді тапқан кезде, «сатушы» басқа қалада екенін және тауарды пошта арқылы жібере алатынын айтады. Бұл ретте, сатып алушыға поштаның немесе кең таралған курьерлік қызметтің жаңа сервисінің пайда болғанын, үйден шықпай-ақ сатып алу бойынша төлемді 2 рет басу арқылы жүргізуге және бірнеше күннен кейін курьермен үйге жеткізу мүмкіндігінің бар екенін айтып сендіреді, мұның бәрі комиссиясыз жүргізіледі деп нақтылайды. Ол үшін сатушы порталда сәлемдеме рәсімін өзі «жасайды» және сатып алушыға сілтеме жібереді, оны ашып, сатып алушы өз картасының мәліметтерін енгізуі керек. Деректерді енгізгеннен кейін сатып алушының картасынан тауардың сомасын ғана емес, барлық ақшаны алып алатыны түсінікті. «Сатушы» жоқ болып кетеді, сосын онымен байланысу мүмкін болмайды.
«Сатушыдан» сілтеме жасайтын порталдың өзі дизайн бойынша олардың логотиптері бар нақты пошта қызметтері сияқты жасалғандығын атап өтейік. Бұл шын мәнінде фишингтік сайт екенін браузердегі мәтіндік жол бойынша ғана білу болады. Мұндай қызметтің бар-жоғын білу үшін, ашылатын фишинг бетінде көрсетілген телефон нөмірлеріне емес, сайт жұмыс істейтін компанияның өзіне ресми телефондар арқылы қоңырау шалған дұрыс.
Шындық күткеніңіздей болмады
Алайда, алаяқтар шынайы жөнелтілімді нақты пошта арқылы жібере алады, бірақ бәрібір сатып алушыны алдайды. Хат-хабарларда алаяқ сатушы тауарды ең жақсы жағынан көрсететін фотосуреттерді жіберуі, бәрі жақсы, ешқандай бұзушылық жоқ және мүлдем жоқ, бұл тауар «пайдаланылмаған» деп сендіруі мүмкін. Сатып алушы оған фото есебі бар тауар туралы толық ақпарат берілді деп ойлап, сатып алуға келіседі, жөнелтуші шынайы жөнелтілімін қайтадан фотоесеппен жібереді. Сатып алушы келісілгендей тауарға толығымен ақы төлейді. Алайда, жөнелтілім келіп, сатып алушы тауарды қуана отырып ашқан кезде, сатып алынған тауар сыртқы жағынан соншалықты жаңа емес, мысалы, корпустың кішкене зақымдануы немесе май жағылған сияқты көрінеді. Шағымға сатушы қайтаруды қабылдамайтынын, себебі ол фотосуретті алдын-ала жібергенін және сатып алушы кемшіліктерін бірден көрмегені үшін «өзі кінәлі» екендігін айтып, жауап береді.
Нәтижесінде, ресми түрде бәрі жақсы, ақшасын төлеп қойдыңыз, тауарды алдыңыз, бірақ іс жүзінде бұл тауар сіз күткен және айтылған сапасына сәйкес келмейді. Мұндай жағдайда шығынның орнын қалай да толтыру үшін, сатып алушы сатушымен ішінара алдын ала төлем жайында келісе алады, ал қалған соманы тауарды алып, қабылдағаннан кейін аударуына болады.
Сонымен, интернет арқылы сауда жасағанда алаяқтық жағдайларға тап болмас үшін, кейбір қарапайым қағиданы сақтаған жөн.
Алаяқтардың арандатушылығына берілмей, қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!
Алаяқтар трендте: алдаудың нақты жағдайлары және одан қорғану әдістері
Жеңіл ақша және үлкен пайда: неліктен алаяқтардың уәделеріне сенуге болмайды
«Жалақыға дейінгі кредит»: мұндай микроқарыздар беру жағдайында не өзгерді
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Қаржылық инклюзияны дамыту – реттеушінің негізгі басымдықтарының бірі