Қаржы пирамидасының ерекшелігі - жылдам және жеңіл ақшаға кенелуді уәде ететіні.
Қаржы пирамидаларының қаржы ұйымы болып табылмайтынын, жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашуға және жүргізуге реттеуші берген лицензиялары жоқ екенін, тиісінше, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бақылауына жатпайтынын есте сақтау қажет.
Қаржы пирамидаларының бірнеше түрін олардың қызмет бағыттарына байланысты бөліп көрсетуге болады:
1. Ұзақ мерзімді жобаларға инвестиция салу. Осы процеске сәйкес компания (компаниялар тобы) азаматтарды инвестициялық жобаларға тарту жөніндегі қызметті жүзеге асырады. Мұндай бағдарламалардың негізгі белгілері 3 айдан 120 айға дейінгі кезеңге (орташа 2-5 жылдан бастап) тұрақты ақша салу, кіріс алуға кепілдік беру (уәде беру), сондай-ақ туристік жолдамалар мен ұтыс ойындары түріндегі бонустар болып табылады.
Қатысушы 3-4 жыл бойы ай сайын/тоқсан сайын ақша салады, осылайша компанияның алдыңғы қатысушылар алдындағы міндеттемелерін төлейді.
2. Қысқа мерзімді жобаларға инвестициялау. Пирамидалардың осы түрі халықтан қысқа мерзімде ақшаны жылдам жинап алуға бағытталған (жарнасы аз адамдар көп). Онлайн чаттарға, топтарға және арналарға шақыра отырып әлеуметтік желілерде жаппай жарнама беру жүзеге асырылады.
Бағдарламаға кіру үшін ақы төлеу (500 теңге және одан көп) және жоғары кірістілік) 100%-дан бастап) алатынына уәде беріп басқа қатысушыларды тарту (адам неғұрлым көп болса, пайда ару мүмкіндігі де көп).
1-мысал. 5 000 теңге салып, 3 қатысушы шақырған кезде, қатысушы 15 000 теңге алады (оның ішінде 5 000 теңге салынған сома, 10 000 теңге басқа екі қатысушының салымы, 5 000 теңге үшінші қатысушының ұйымдастырушыларға түсетін салымы).
2-мысал. Қатысушыға 1 000 теңге салу талап етіледі және басқа қатысушыларды шақыруы қажет. Оған әрбір қатысушыдан 500 теңге төленеді.
3-мысал. Қатысушы 5 және одан көп күнге 30% - 70% аралығында сыйақы алатынына уәде ала отырып, 20 000 теңгеден 400 000 теңгеге дейін ақша салады.
3. Желілік маркетингті заңсыз қызметті жасыру ретінде пайдалану.
Қаржы пирамидасының осы түрінің негізгі қағидаты қатысушыларды тарту болып табылады. Осы мақсаттар үшін әртүрлі сертификаттар, зергерлік бұйымдар, косметика, дене күтуге арналған тауарлары пайдаланылады.
4. Жылжымайтын мүлікті, автомобильді және басқа қымбат мүлікті сатып алуға ақша жинауға көмек.
Мұндай қаржы пирамидалары жинақтау бағдарламасына аздаған ақша жарнасын салуды қажет етеді, ол аяқталған соң көп ақша беруді уәде етеді. Мысалы, қатысушы 6 ай мерзімге 800$ салады, ол аяқталған соң 19200$ (2400%) мөлшерде сыйақы алады. Сыйақы сомасына, әдетте, шақырылған қатысушылар саны және олардың салымдарының сомасы ықпал етуі мүмкін.
200% мөлшерде және одан жоғары сыйақы төлеуді көздейтін бағдарламалар бар, бұл ретте негізгі талап қатысушы құқығын береді және (немесе) мүлікті кепілге қалдырады.
5. Эксклюзив клубқа мүшелік.
Клубтар круиздарды, жолдамаларды, бизнес жасау мен жылжыту бойынша оқытуды, маркетингті, копирайтингті, хиромантия, астрономия, психология, нумерология үйренуді және басқасын ұсынады. Қатысушы барлық қатысушыларды тартуы және (немесе) бағдарламаға байланысты белгіленген мерзім ішінде (1-3 жылдан 5-10 жылға дейін) кіру жарнасын енгізуі қажет.
6. Бинарлы опциондарға арналған платформа.
Арнайы платформалар арқылы бинарлы опциондарға, инвестицияларға ақша тарту және т.б. Процесс төмендегідей жүзеге асырылады:
- Ұйымдастырушы әлеуметтік желілер және интернет-ресурстар арқылы бағалы қағаздар нарығындағы операцияларға үйрету үшін жеке тұлғаларды тартады.
- Бұдан әрі оқыту жүргізілгеннен кейін клиентке арнайы платформа ұсынылады, онда бағалы қағаздарды сатып алу мен сату операцияларын, бинарлы опциондармен операцияларды жасауға болады.
- Клиент демо-шотты (бастапқы үйренушілерге арналған виртуалды шот) және ақша табуға жағдай жасайтын бағдарламаны (платформаның операциялық жүйесі) пайдалана отырып операцияларды жүзеге асыруды бастайды.
- Клиент операцияларды нақты ақшаны пайдалана отырып жүзеге асырады.
Клиентке ақшалай қаражат жетіспеген жағдайда, ол әрбір шақырылған қатысушы үшін бонустар алады.
Бұл платформалардың көпшілігі шетелдік болып табылады, ал Қазақстанның аумағында тіркелген компаниялар консультациялық қызметтер ұсынады
7. Тұтынушылық кооператив нысанындағы қаржы пирамидасы.
Қазіргі уақытта банктік ипотекаға танымал баламаның біреуі тұтынушылық кооперативке (ТК) кіру болды. Заңсыз қызмет үшін тұтынушылық кооперативтерді пайдалану жағдайлары орын алған. Атап айтқанда мұндай қаржы пирамидалары өздерінің мүшелеріне басқа қатысушыларды тартқан жағдайда жылжымайтын мүлік/автомобиль сатып алу үшін бастапқы жарнаға ақы төлеу бойынша жеңілдетілген талаптарды ұсынады.
Клиент неғұрлым көп қатысушы шақырса, оған ТК қарыз бойынша жақсырақ талаптар ұсынады.
Алаяқтар адамдардың сенгіштіктерін және тез баюға деген ниеттерін пайдаланып, азаматтарды оңай адастырады.
Азаматтар нені есте ұстауы тиіс?
Қаржы пирамидасына кіру, әдетте, ерікті негізде және құқықтық ілеспе қызметінсіз болады. Яғни салынған қаражаттың қайтарылуына ешкім кепілдік бермейді.
Сондықтан егер шартқа жедел түрде қол қойғызуға және ақша енгізуге асықтырса, арандатушылыққа жол бермеңіз.
Егер Сіз қаржылық пирамиданың алдауына түсіп қалып, ақшаңызды қайтарып алғыңыз келсе, онда дереу құқық қорғау органдарына барлық құжаттарды қоса бере отырып хабарласыңыз.
Пирамида құрбандарының арасында аз сома жоғалтқан адамдар көп кездеседі. Жоғалтқан ақша мөлшері аз болғандықтан көбісі оған көп көңіл аудармайды. Бұл алаяқтардың бұдан әрі де адамдарды алдауына жол береді. Егер Сіз алданып қалсаңыз, үндемей қалмай әрекет етіңіз. Алаяқтықпен күрестегі маңызды әрекет – істі көпшілікке жария ету.
Қазақстанда қаржылық пирамиданы құрғаны және (немесе) оған басшылық еткені үшін қылмыстық жауапкершілік (ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабына сәйкес); қаржылық (инестициялық) пирамида қызметінің жарнамасын шығарғаны, таратқаны және орналастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 150-бабына сәйкес) көзделген.
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар
Жылдам, ыңғайлы және пайдалы: неліктен автокөлік иелері Еурохаттамаға назар аударуы керек
Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Криптовалюта дегеніміз не және ол қайда пайдаланылады?
Бейтаныс нөмірлерден спам-қоңыраулар: оларды қалай болдырмауға болады