Депозит - бұл ақшаңызды үнемдеуге және көбейтуге көмектесетін сенімді қаржы құралы.
Қазақстанда жеке және заңды тұлғалар үшін банктік салымдарды ашу және жүргізу бойынша қызмет көрсететін екінші деңгейдегі 22 банк жұмыс істейді. Олардың барлығы, екі ислам банкін қоспағанда, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылады. Кепілдік беру жүйесіне сонымен қатар депозит ашып, автоматты түрде қатысушы болатын, тіпті банктегі шотында немесе төлем карточкасында ақшасы бар тікелей салымшылар (жеке тұлғалар) да кіреді. Депозиттерге кепілдік беру жүйесінің үшінші қатысушысы, аккумуляторы және операторы «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (ҚДКҚ) коммерциялық емес ұйымы болып табылады..
ҚДКҚ-та кепілдік өтемақыны төлеуді қамтамасыз ету үшін негізінен қатысушы банктердің тоқсан сайынғы жарналары есебінен арнайы резерв құрылады. Бұдан басқа, қолданыстағы заңнамаға сәйкес төлемдер үшін ҚДКҚ жарғылық капитал мөлшерінің 70%-на дейін пайдаланылуы мүмкін. Қазіргі уақытта ҚДКҚ резерві жеке тұлғалардың барлық депозиттері бойынша кепілдік өтемақыны төлеуге жеткілікті. Осылайша, шоттардың 99,8%-ы толық көлемде кепілдендірілген.
Кепілдіктердің ең жоғары сомасы қандай?
Ең жоғары кепілдік берілетін сома валютаға және депозит түріне байланысты болатынын ескеру қажет. Осылайша, ҚДКҚ мыналарға кепілдік береді:
Кепілдік әрбір жеке адамға емес, оның ақшасы сақталатын әр банкке қолданылатынын білу маңызды. Яғни, егер Сізде бір банкте бірнеше депозиттер болса, есептік/ағымдағы шоттарда ақша қалса, шетел валютасында салым болса - осының бәрі жинақталады (барлық депозиттер бойынша сыйақымен бірге) және жалпы кепілдік өтемақы сомасы депозиттің әрбір түрі бойынша шектері ескеріле отырып - 15 000 000 теңгеден аспай төленеді. Осылайша, егер депозиттегі және шоттардағы қаражат кепілдікті өтеудің ең жоғары сомасынан асып кетсе, кепілдік сомалары шегінде әр түрлі банктерде ақшаны сақтаған дұрыс.
Бұрын айтып өткендей, депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қорғауына банктік депозиттер ғана жатпайды. Қор жеке тұлғалардың, оның ішінде дара кәсіпкерлердің барлық ағымдағы шоттарындағы ақшаларға, оның ішінде төлем карточкаларына ең жоғары кепілдендірілген сома шегінде кепілдік береді. Бұл кепілдікке депозиттер бойынша есептелген және капиталдандырылған пайыздар да жататынын ескеру қажет. Яғни кепілдіктің дәл шекті сомаларын орналастырудың қажеті жоқ - болашақ пайыздар жинақтауға қор қалдырған дұрыс.
Жеке тұлғалардың металл шоттарында сақталған қаражат, банктік ұяшықтарда орналастырылған ақша мен құндылықтар, депозиттік сертификаттар кепілдікке жатпайды.
Кепілдікпен өтемақы сомасының мөлшеріне салымдар және шоттардағы ақша ғана емес, сондай-ақ егер мұндай болса, салымшының қаржылай қаражаты әсер ететіндігін ерекше атап өткен жөн. Мысалы, салымшыда 20 000 000 теңге мөлшерінде жинақ депозиті бар, ағымдағы шоттарда 500 000 теңге мөлшерінде ақша қалды, сондай-ақ 2 500 000 теңге мөлшерінде оның өтелмеген кредиті бар. Мұндай жағдайда бірінші кезекте берешек өтеледі, содан кейін өзара есеп айырысу арқылы өтемақы сомасы қалыптастырылады. Мәселен, өтемақы сомасы 18 000 000 теңгеге тең болады.
Егер банк барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айрылатын болса, ҚДКҚ банк салымшыларының алдындағы міндеттемелерді қабылдайтындығын атап өткен жөн. Лицензияны уәкілетті орган – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қайтарып алады.
2020 жылы қандай жаңалықтар енгізілді?
Егер бұрын банк дәрменсіз болған кезде, салымшылар банкті тарату бойынша сот процестерінің аяқталғандығын күту керек еді, олар түрлі себептер бойынша 3-4 айға созылатын еді, 2020 жылдың басынан бастап, заңға өзгерістердің күшіне енуіне байланысты өздерінің барлық шотынан кепілдік берілген соманы банк лицензиядан айырылған сәттен бастап 35 жұмыс күні ішінде алуға болады.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген тағы бір жаңалық депозит бойынша өтемақы кепілдігіне қатысты. Заңға түзетулер болғанға дейін салымшы депозиттің балансына қосылған капиталдандырылған сыйақы ғана өтелуге және егер бұл банк шартында көзделген жағдай да ғана тиіс болатын еді. Есептелген, бірақ капиталдандырылмаған пайыздар кепілдік объектісі болған жоқ және оларды мәжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясы өтеді. Заңға түзетулер енгізілуіне байланысты сыйақының барлық түрі, оның ішінде капиталдандырылғаны және есептелгені кепілдікке жатады және қор ең төменгі сома шегінде өтейді.
Кепілдік өтемақыны қалай алуға болады?
Салымшыларға кепілдік өтемақыны төлеу банкті барлық банктік операцияларды жүргізуге лицензиядан айырған күннен бастап 35 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады. Банкі лицензиядан айыру туралы сол күні Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Қазақстан Ұлттық Банкінің және ҚДКҚ ресми сайтынан, сондай-ақ әлеуметтік желілерден білуге болады.
Бұл ретте, банкті лицензиядан айырған күннен бастап 20 жұмыс күні дәрменсіз банктің одан кейінгі тағдыры туралы шешімге бөлінеді. Осындай банктің шоттарындағы, карточкаларындағы депозиттер, ақша басқа банкке (алушы банк) ішінара немесе толық көлемде берілуі мүмкін. Егер осындай шешім қабылданса, онда кепілдік өтемақы жүргізілмейді, ал салымшылар мен шоттардың иелері олардың қаражатын бір банктен басқасына аударылғаны туралы хабардар етіледі. Егер осындай шешім қабылданбаса және қаржы реттеушісі – Агенттікпен 20 жұмыс күні ішінде келісілмесе, онда салымшылармен ҚДКҚ есеп айырысады.
Тиісінше, 15 жұмыс күні Қор конкурстық негізде агент банкті таңдайды, ол арқылы өтініштерді қабылдау жүзеге асырылады, дәрменсіз банк салымшыларының тізілімін қалыптастырады және кепілдік өтемақыларды жүзеге асырады.
Салымшылар кассадан қолма-қол ақша алуға, ақшаны қолданыстағы банктік депозитке аударуға немесе агент банкте жаңа депозит алуға құқылы.
Агент банкке өтініш бермеген салымшылар агенттік келісімді қолдану мерзімі ішінде ҚДКҚ-ға тікелей өтініш беруге құқылы. Қор кепілдік өтемақы төлеуге арналған құжаттарды қарайды және ақшаны қолма-қол ақшасыз төлеммен өтініште көрсетілген деректемелер бойынша аударады.
Депозитті дұрыс таңдаңыз
Соңында, біз депозиттердің түрлері бойынша шағын шолу жасағымыз келеді. Сіздің мақсатыңызға байланысты депозит түрін таңдауға мән беру қажет: қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді. Алайда, дұрыс және негізделген шешім қабылдау үшін депозиттік өнімнің бір түрінің екінші түрінен қандай айырмашылықтары бар екенін түсінуіңіз керек.
1) Жинақ – ішінара ақша алу құқығынсыз. Банкке алу күніне дейін 30 күн бұрын хабарлай отырып, барлық соманы мерзімінен бұрын алуға болады. Бұл ретте есептелген сыйақы төленбейді немесе жылдық 0,1%-дан аспай төленеді. Жинақ депозиттері толықтыру құқығымен және толықтыру құқығынсыз болады. Жинақ депозитінің пайыздық мөлшерлемелері толықтыру құқығымен түріне қарағанда, толықтыру құқығынсыз түрі бойынша жоғары болады. Алудың қатаң шектеулері теңгемен депозиттердің барлық түрлері бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесімен және ең жоғары кепілдік сомасымен өтеледі.
2) Мерзімді – қаражатты ішінара алу құқығымен банктік салым. Банкке алу күніне дейін 7 күн бұрын хабарлай отырып, барлық соманы мерзімінен бұрын алуға болады. Ішінара алған жағдайда сыйақы сомасы төмендейді (банктердің шарттары әр түрлі болуы мүмкін). Сондай-ақ, депозиттің алдыңғы түрі сияқты мерзімді салымдар толықтыру құқығымен және толықтыру құқығынсыз болады. Толықтыру құқығынсыз депозит бойынша сыйақы толықтыру құқығымен ұқсас салымға қарағанда, әдеттегідей жоғары болады.
3) Мерзімсіз – ақшаны ішінара, толық алу және сыйақыны жоғалтпай толтыру құқығымен салым. Мерзімсіз депозиттер, сондай-ақ талап етілгенге дейін депозиттер деп аталады, олардың мөлшері ҚРҰБ-тың базалық мөлшерлемесіне байланысты болатын ең төменгі сыйақы мөлшерлемеге ие. Бұл ретте сыйақы мөлшерлемесі инфляцияны өтейді.
Осылайша, депозиттің шарттары қаншалықты қатал болса, соғұрлым жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі жоғары болады. Осыны негіздей отырып, қай өнімнің Сізге тиімдірек және пайдалы болуына қарай таңдау жасауыңыз керек.
Егер Сіздің қолыңызда ірі ақша сомасы болып, оның Сізге жұмыс істеуі үшін барынша қауіпсіз және пайдалы «іске жұмсай алатын» болсаңыз, бір жылға және одан да ұзақ мерзімге толықтыру құқығынсыз жинақ депозитін таңдай аласыз. Сіз үшін сыйлық сыйақының барынша жоғары пайызы болады.
Ымыралы шешім – мерзімді депозиттер – орта мерзімді мақсаттар (тұрмыстық техника, гаджеттер, саяхат) үшін тиімді, себебі мерзімсіз депозиттерге қарағанда, мерзімді депозиттер (12 айға арналған депозиттер) бойынша сыйақы мөлшерлемесі жоғары, ал жинақ салымымен салыстырғанда – неғұрлым жоғары мобильді.
Алайда салымның ең мобильді түрі – шоттардағы ақша қалдығынан қандай да бір дивидендтерге ие болуы үшін, сонымен қатар оларды Сіз кез келген сәтте пайдалана алатын мерзімсіз депозиттер бойынша ақша қаражатын әрқашанда уақытша сақтау ретінде пайдалануға болады.
ҚДКҚ және депозиттер туралы бірқатар пайдалы фактілер:
«Жаңа жылдық фейктер»: мереке қарсаңындағы қарбаласта алаяқтардың қақпанына түспеу жолдары
AQYL дегеніміз не және білім беру депозитін онлайн қалай ашуға болады
Егер сізде бірнеше кредитіңіз болса: оларды мерзімінен бұрын қалай дұрыс өтеуге болады
Онлайн-сақтандыру дегеніміз не және сақтандырушылар балаларға қандай өнімдерді ұсынады?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Криптовалюта дегеніміз не және ол қайда пайдаланылады?