Автокөлікті зияннан қорғауға және осылайша көзделмеген шығыстарды болдырмауға КАСКО көмектеседі. Fingramota.kz сақтандырудың осы түрі туралы жан-жақты айтып береді.
Жолда автокөлік иелері жүргізу стажына және тәжірибесіне қарамастан түрлі жағдайларға ұшырауы мүмкін.
КАСКО – бұл жол-көлік оқиғасы (ЖКО), (ахуалға және жүргізушінің кінәсіне қарамастан), айдап әкету, үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеті тәуекелдерін және т.б. жабатын ерікті сақтандырудың түрі. Көптеген жүргізушілер үшін КАСКО қорғау синонимы және олардың автоларының қауіпсіздігі болып табылады. Мұнда азаматтық-құқықтық жауапкершілік (АҚЖ) ретінде жүргізушінің құқығы емес, автомобильдің өзі сақтандырылатындығын білген жөн.
Мәлімет үшін: Қазақстанда автокөлік сақтандыру қызметін 17 сақтандыру компаниясы көрсетеді.
КАСКО-ның автокөлікті міндетті сақтандырудан айырмашылығы неде?
Мысал бойынша талқылайық. Мәселен, жүргізуші ЖКО кінәлі болып табылатын болса, осының салдарынан басқа адамдар зардап шекті. Бірақ жүргізушіде азаматтық-құқықтық жауапкершілік (АҚЖ) полисі және КАСКО бар.
АҚЖ полисінің көмегімен автокөлік иесі зардап шеккен адамға келтірілген зиянды өтей алады, ал КАСКО бойынша – сақтандырушы иесінің кінәлі болуына қарамастан және автомобиль соғылса да өтемақыны өтейді.
КАСКО қандай жағдайларда зиянды жаба алады?
КАСКО-ны ресімдеу кезінде сіз өзіңіздің «темір тұлпарыңыз» бойынша сақтандырылатын тәуекелдерді таңдай аласыз, ең бастысы – оларды дұрыс таңдау. Мысалы, сіз автомобильді айдап әкетуден сақтандырғыңыз келсе, бірақ автомобиль табылған болса, онда автомобильді бүтіндей сақталған түрде қайтаруға ешкім кепілдік бермейді. Қандай да бір қосалқы бөлшектердің жетпеуі мүмкін, өкінішке орай, автосақтандыру бұл тәуекелді өтей алмайды, себебі белгілі бір опция таңдалған жоқ.
Егер бөтен адам сіздің машинаңызға қандай да бір жолмен зиян келтірсе, терезеге сызат түсірсе немесе сындырса, не ол майысса, КАСКО полисі шығындарды жабады және сақтандырушы өтемақы төлейді. Сақтандыру шартының талаптарында көрсетілген «Үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері» тармағы көрсетілген жағдайларға да қолданылады.
Сақтандырушының лицензиясын қалай тексеруге болады?
КАСКО полисін сатып алу алдында сақтандыру компаниясын таңдауды анықтап алу қажет. Сақтандырушының лицензиясының болуын тексеріңіз. Бұны ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында www.gov.kz «Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі» бөлімінде жасауға болады.
Шартқа қол қоймас бұрын неге назар аудару керек?
Сақтандыру шартына қол қоймас бұрын, әрбір тармақты мұқият зерделеу қажет. Ол сіздің келешектегі сақтандыру компаниясымен қарым-қатынасыңызды реттейтін болады.
Шартта көлік иесі қандай жағдайларда төлем алатындығы, қандай мөлшерде және қандай жағдайлар сақтандырумен қамтылмайтындығы нақты көрсетілуі керек. Сондықтан шарттың талаптарын мұқият оқып шығыңыз.
Қандай жағдайлар сақтандыру жағдайлары ретінде танылмайтынына назар аударыңыз. Шартқа қол қоймас бұрын, компания өкілінен әртүрлі жағдайларда залалды өтеу рәсімін нақтылаңыз, мерзімі туралы сұраңыз.
Сондай-ақ, менеджерден сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін, франшизаның болуын, өтемақы үшін қандай құжаттар қажет екенін, сақтандырушыға жазбаша өтінішті қай уақытта жіберу керектігін тексеріңіз.
КАСКО полисінің құны неге байланысты?
Полистің бағасы көптеген факторларға байланысты: сақтандыру сомасы мен мерзімінен бастап Сіз полиске қосатын тәуекелдерге дейін.
Автомобильдерді сақтандыру кезінде компаниялар көлік құралының түрін, оның нарықтық құнын және жүргізушінің тәжірибесін ескереді. Сонымен қатар, тарифті есептеу кезінде автомобильдің құны, оның түрі, маркасы, моделі, жүргізушінің жасы, апаттылық дәрежесі және т.б. ескеріледі. Автокөліктің шығарылған жылы да полистің құнына әсер етуі мүмкін. Сонымен, егер машина 2020 немесе 2021 жылғы болса, тиісінше жөндеу қымбат болады. Ал жөндеу жұмыстары қаншалықты қымбат болса, сақтандырушылар үшін тәуекелдер де соншалықты көп болады. Мұнда КАСКО полисінің бағасы айтарлықтай мөлшерде болуы мүмкін. Сақтандыру компаниялары маркалардың «айдап әкетуші ұрылардағы» танымалдығына да назар аударады. Автомобиль моделі неғұрлым танымал болса, тариф соғұрлым жоғары болады. Бұдан басқа, сақтандырушылар тұрақ орнын (бақылау камералары бар тұрақта немесе аулада) және автокөлікке сигнализация орнатылғанын ескереді. Сақтандыру құнын онлайн-калькулятор арқылы есептеу өте ыңғайлы.
КАСКО-ны қалай ресімдеуге болады?
Қазір мұны үйден шықпай-ақ, қашықтан жасауға болады. КАСКО полисін дербес онлайн бойынша ресімдеген кезде Сізге техпаспорт, жеке куәлік және жүргізуші куәлігі қажет болады.
Және тағы да – өзіңізбен бірге міндетті түрде өз сақтандырушыңыздың байланыс нөмірі, сондай-ақ полис нөмірі мен қолданылу мерзімі болсын.
Fingramota.kzмен бірге қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!
Алаяқтар трендте: алдаудың нақты жағдайлары және одан қорғану әдістері
Жеңіл ақша және үлкен пайда: неліктен алаяқтардың уәделеріне сенуге болмайды
«Жалақыға дейінгі кредит»: мұндай микроқарыздар беру жағдайында не өзгерді
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Қаржылық инклюзияны дамыту – реттеушінің негізгі басымдықтарының бірі