Қазақстандықтардың көктемнің алғашқы шаймашуақ күндерге бой алдырып, босаңсыған көңіл-күйлерін алаяқтар әккі пайдалануда, көктемгі мерекелер қарсаңында олар үйреншікті айла-тәсілдерінің екі түрін қолдануда.
Fingramota.kz олар жөнінде толығырақ айтып береді.
Қазақстанда телефон алаяқтығы жағдайлары жанданып, әлеуметтік желілерде өз оқиғаларымен бөліскен пайдаланушылар саны артуда. Қаскүнемдер өздерін банктердің, микроқаржы ұйымдарының немесе басқа ұйымдардың қызметкерлеріміз деп таныстырып, өз құрбандарына «қолдан жасалған» нөмірлерден қоңырау соғады. Мәселен, бұл қазақстандық кредиттік ұйымның колл-орталығының қысқа нөмірі болуы мүмкін – заманауи технологиялардың көмегімен оны іске асыру түкке тұрмайды. Ал алаяқтардың өздері сол сәтте басқа қалада немесе тіпті басқа елде болулары мүмкін.
Алаяқтықтың бұл түрі вишинг деп аталады (ағылш. vishing — voice phishing деген сөздерден) және азаматтарға телефон соғу арқылы қаражат ұрлау тәсілдерінің кеңінен тараған түрлерінің бірі.
Қаржы алаяқтары діттеген мақсаттарына қол жеткізу, яғни әлеуетті құрбанының дербес деректерін қолға түсіру үшін сан-қилы қулықтарға барады. Бұл ЖСН, төлем картасының немесе шоттың деректері, CVV/CVC-код, SMS-хабарламамен келетін төр таңбалы код. Оларды қолға түсірісімен қаскүнемдер картадағы немесе шоттағы барлық қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыра алады.
№1 схема Қаржы ұйымдары қызметкерлерінің шынайы құжаттарына ұқсас жағдайлар
Алаяқтар ықтимал құрбандарына өздерін қауіпсіздік департаментінің немесе түрлі банктердің, микроқаржы ұйымдарының call-орталығының қызметкерлері ретінде таныстырып, оның атына алаяқтық кредит ресімделген деп қоңырау шалады.
Мессенджер арқылы алаяқтар азаматтардың сеніміне кіру үшін жалған мөр соғылған және қолдармен өздерінің жұмыс құжаттарын, бланкілер жібереді. Мысалы, Желіге ҚР Ұлттық Банкінің қауіпсіздік қызметінің аға маманының жұмыс куәлігі шығарылады, бұл, әрине, жалған құжат.
Қазақстан Ұлттық Банкі жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейтінін және халыққа ақша аударымдарын жүргізбейтінін, оның ішінде «алаяқтарды ұстау жөніндегі арнайы операцияларды» жүргізу үшін халықты тартпайтынын еске саламыз.
Күмәнді мобильді қосымшаларды орнатпауды, дербес деректеріңізді жария етпеуді, мобильді телефоныңызға қашықтан қол жеткізуге мүмкіндік бермеуіңізді және телефонмен сөйлесу барысында алынған нұсқаулар бойынша үшінші тұлғалардың шоттарына ақша қаражатын аудармауды сұраймыз.
№2 схема. Телекоммуникациялық компаниялардың қызметтерімен байланысты жағдайлар
Алаяқтар бұрын үйіне интернет орнатқан азаматтарға хабарласып, ажыратылмаған-мыс қызметтің күшін жою қажеттігін хабарлайды. Өздерін телекомпаниялардың, байланыс операторларының қызметкерлері ретінде таныстырады. Алаяқтар SMS-хабар жіберу және дербес деректерге қол жеткізу үшін белгілі бір нұсқауларды орындау арқылы көрсетілетін қызметті қашықтан ажыратуды ұсынады.
Сонымен бірге алаяқтар әлеуетті құрбандарына хабарласып, олардың телефон нөміріне операторды ауыстыру туралы өтінім келіп түскенін айтады. Мұндай өтінім бермегенін айтқан адамға алаяқтар «қауіпсіздікті» қамтамасыз ету үшін жеке кабинеттегі құпиясөзді ауыстыруға кеңес береді.
Содан кейін құрбанына оператордың ресми нөмірінен құпиясөзді жіберуге арналған, алаяқтарға өте қажетті коды бар SMS келеді. Егер адам оны істесе, қаскүнемдер оның нөмірі мен онлайн-банкінгіне қол жеткізеді.
Fingramota.kz жалған «қаржы институттарының қызметкерлерінен», «телеком-операторларынан» телефон қоңыраулары түскен кезде әңгімені тоқтатып, осы ұйымға қоңырау шалу арқылы барлық ақпаратты өзіңіз тексеруге кеңес береді. Осы ұйымның әлеуметтік желілердегі ресми интернет-ресурста немесе ресми аккаунтында көрсетілген нөмірлерге хабарласу қажет.
Егер сіздің құпия деректеріңіз жария етілген болса, шоттарыңызды бұғаттап, қаржылық мобильді қосымшалардағы құпиясөздеріңізді ауыстырып, құқық қорғау органдарына жүгінуіңіз қажет.
Вишинг-алаяқтардың құрбаны болмас үшін Fingramota.kz-тен бірнеше пайдалы кеңес:
Егер сіздің картаңызға қатысты қандай да проблемалар пайда болса, банк оны өзі бұғаттай алады, негізінен, бұл жөнінде сізге шартта өзара уағдаласқан тәсілмен хабарлама жіберіледі.
Сақ болыңыз және Fingramota.kz-пен қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма
Жинақтауға арналған сақтандыру – оны қалай пайдалануға болады
Zakon.kz порталы Интернет және қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша конференцияны ұйымдастырды...
Қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт