Құрметті достар!
Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасының іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Fingramota Online» мобильдік қосымшасын іске қосты.
«FinGramota Online» мобильдік қосымшасы халықтың ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен қаржы реттеушісінің қызметі, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және қаржылық сауаттылықты арттыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауы үшін ыңғайлы интерактивті құрал болып табылады. Пайдаланушылар сұрақ қойып, жедел түрде жауап ала алады.
Мессенджердің көмегімен пайдаланушылар өздерінің қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар ретіндегі құқықтарының бұзылуына, қаржылық өнімдерді пайдалану талаптарына, сондай-ақ қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл етуге қатысты сұрақтарды 24/7 режимінде қоя алады, қаржылық алаяқтық жағдайлары және қызметінде қаржы пирамидаларының белгілері көрініс табатын күмәнді ұйымдар туралы хабарлай алады.
Тіркеу процесі қарапайым және 2 минутқа дейін уақыт алады, қолайлы және түсінікті интерфейс пайдаланушыларға мобильдік қосымшаны жеңіл басқаруға, сондай-ақ өз өтініштерінің тарихын көруге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге қосымшаға күн сайын жаңартылатын жаңалықтар легі енгізілді. Осылайша, «Fingramota Online» пайдаланушыларына алғашқылардың қатарында қаржы реттеушісінің қызметі туралы, қаржы нарығындағы ахуал туралы, заңнамалық бастамалар және Қазақстанның қаржылық заңнамасындағы өзгерістер туралы жедел ақпарат қолжетімді.
Қосымша мемлекеттік тілде және орыс тілінде мынадай сілтемелер бойынша:
App Store-де: https://apps.apple.com/kz/app/fingramota-online/id1134502211
Play Market-те: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.nationalbank.appeals қолжетімді.
Сонымен қатар мобильдік қосымшаның веб-нұсқасы қолжетімді: http://online.fingramota.kz/ru
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар
Жылдам, ыңғайлы және пайдалы: неліктен автокөлік иелері Еурохаттамаға назар аударуы керек
Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма