Соңғы жылдары бизнес-құрылымдар интернет арқылы сатудың жаңа арналарын аша отырып, онлайн-сауда индустриясын белсенді дамытуда. Ендігі жерде тауарлар мен қызметтерді сатып алу интернетке қол жетімділік болса болғаны кез-келген ыңғайлы жерден мүмкін болады. Электрондық коммерцияның дамуымен қатар киберқауіпсіздік пен желідегі алаяқтыққа байланысты тәуекелдер де артты.
Fingramota.kz онлайн сатып алу кезінде негізгі сақтық шаралары жөнінде еске салады.
Желіде қандай тәуекелдерге тап болуға болады?
Фишинг — бұл пайдаланушылардың дербес деректерін алуға бағытталған алаяқтық схема. Алаяқтар сырт көзбен қарағанда шынайы интернет-дүкендерден немесе төлем беттерінен айырмашылығы жоқ жалған сайттар жасайды. Деректерді енгізгеннен кейін (логин, құпия сөз немесе банк картасы туралы ақпарат) қаскүнемдер сіздің ақшаңызға немесе жеке ақпаратыңызға қол жеткізе алады.
Көп жағдайда фишингтік сайттарға сілтемелер электрондық пошта, әлеуметтік желілер немесе жарнамалар арқылы таратылады. Фишингтік сайттардың белгілеріне мыналар жатады: қате URL мекенжайлары, SSL сертификатының болмауы (https), орфографиялық қателер және қызықтыратын ұсыныстар.
Екінші қатер – Malware зиянды бағдарламалық қамтылым болуы мүмкін. Ол дербес деректерді ұрлау, шпиондық бағдарламалар орнату немесе құрылғыны толығымен бұзу үшін қолданылады. Көбінесе ол компьютерге немесе смартфонға күдікті сілтемелерге өту, пираттық БҚ жүктеу немесе вирус жұққан USB-құрылғылары арқылы түседі.
Зиянды БҚ мынадай түрлері болады:
Трояндар – заңды бағдарламалар ретінде жасырылады, алайда орнатқан кезде пайдаланушының деректеріне қол жеткізеді.
Бопсалаушылар – сатып алуды талап етіп, құрылғыға немесе файлдарға кіруді бұғаттайды.
Шпиондық бағдарламалар – пайдаланушы хабардар болмаған кезде ол жөнінде ақпарат жинайды.
Тағы бір тәуекел - төлем ақпаратына рұқсатсыз қол жеткізу. Бұл электрондық коммерциядағы ең қауіпті тәуекелдердің бірі. Бұзулар сайттардың немесе төлем платформаларының осал тұстарын пайдаланып жүзеге асырылады. Бұл ретте төлем карталарының, PayPal шоттарының немесе басқа қаржы сервистерінің деректері бұзылуы мүмкін.
Тағы бір жанама қауіп - қоғамдық Wi-Fi желісін пайдалану кезінде төнуі мүмкін. Мұндай желіге қосылған кезде сізден құрылғыңызға кіруге рұқсат сұрауы мүмкін, одан кейін оған әртүрлі зиянды бағдарламаларды орнатып қана қоймай, сіздің құпия сөздер мен пин-кодтар енгізуге дейінгі барлық әрекеттеріңізді толығымен қадағалап отырулары мүмкін. Болашақта қаскүнемдер тіпті құрылғының өзін иемдену әрекеттерін жасаулары мүмкін, бұл кем дегенде қысқа мерзімге банктік операциялар жасауға, шоттарыңыздан ақшаны шығаруға және барлық байланыстарға, хат-хабарларға және құжаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Толығырақ "Абайлаңыз алаяқтар" бөлімінде оқыңыз
Сауда алаңдарындағы алаяқтық: онлайн сатып алуларды қалайша қауіпсіз жасауға болады
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Қазақстанда азаматтардың банкроттығы: ол қалай жұмыс істейді және қандай жаңалықтар енгізілді
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық