Zakon.kz порталы Интернет және қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша конференцияны ұйымдастырды

time 29.11.2024
aye 1856
Zakon.kz порталы Интернет және қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша конференцияны ұйымдастырды

Өзінің 25 жылдығына орай Қазақстанның жетекші Zakon.kz интернет-порталы «Интернет-алаяқтық: қарсы іс-қимыл, алдын алу, коммуникация» атты практикалық конференция өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – қаржылық алаяқтыққа қарсы күресте мемлекеттік органдардың, цифрлық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының ведомствоаралық өзара іс-қимылын күшейту.

Конференцияға ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігігің Fingramota.kz жобасының, Ұлттық Банктің, Әділет министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Бас прокуратураның, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Қаржылық мониторинг агенттігінің, Қаржы министрлігінің, Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, сондай-ақ цифрлық қызметтердің ірі провайдерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Спикерлер мен қатысушылар интернет-алаяқтыққа қарсы күрестің құралдары мен тетіктерін, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын дамыту перспективаларын, сондай-ақ халықпен алдын алу және түсіндіру жұмысының әдістерін талқылады.

Одан әрі дамытудың негізгі бағыттары қауіпсіздік регламенттері мен рәсімдерін, оның ішінде мемлекеттік органдарда күшейту, өзара оқыту және біліктілікті арттыру, сондай-ақ ақпараттық арналар мен құқықтық насихатты дамыту болып айқындалды.

«Соңғы пайдаланушылар үшін, яғни халық үшін аса сұранысқа ие және өзекті ақпаратты беру және жеткізу форматтарын әзірлеу және ілгерілету аса маңызды», - деп атап өтті Fingramota.kz өкілі Дмитрий Акмаев. «Сонымен қатар, барлық мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары азаматтар үшін ең пайдалы және қажетті ақпаратты насихаттап, сондай-ақ олардың барлық арналарын тартқан кезде материалдарды кросс-платформалық ілгерілету мүмкіндіктерін пайдалану қажет».

Өз кезегінде Zakon.kz бас директоры Михаил Коломин қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша да, Қазақстан халқының құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша да осындай іс-шаралар мен бірлескен іс-қимылдар жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

white-arrow Тізімге