2024 жылғы 15 мамырда «Тұран» университетінде «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.
Олимпиадаға қатысу үшін еліміздің 27 жетекші жоғары оқу орындарының студенттері өтінім берді, олардың ішінде тек 8 ЖОО іріктеуден өтті: Almaty Management University, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Esil University, М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Karaganda Buketov University, Қазақ тұтыну одағының Қарағанды университеті және «Тұран» университеті.
Олимпиада үш турдан тұрды:
1. «Салықтар және салық салу», «Корпоративтік қаржы», «Банк ісі», «Қаржы нарықтары және делдалдар» пәндері бойынша тестілеу;
2 . «Finance IQ» капитандар байқауы;
3. Олимпиада тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жобаларын қорғау.
Студенттердің жұмысын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері және қаржы ұйымдарының топ-менеджерлері бағалады: «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Jusan Bank» АҚ, «Kredit Seven Kazakhstan» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «ONE CREDIT» микроқаржы ұйымы» ЖШС.
Нәтижесінде, қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орынды Қазақ тұтыну одағының Қарағанды университетінің студенттері иеленді; екінші орынды М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің және «Тұран» университетінің студенттері; үшінші орынды Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Almaty Management University және Karaganda Buketov University студенттері иеленді.
Олимпиада өткізілгеннен кейін жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.
Қызметін жаңа бастаған инвесторларға кеңестер: нені білу керек?
Кредитті қайдан және қанша сомаға алуға болады? Шекті сомалар белгіленді
Цифрлық ортада туғандар, немесе балаларды кибералаяқтардан қалай қорғауға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Алаяқтар телефон нөмірлері мен SMS-ді қалайша ауыстыра алады
Салықтық шегерімдер дегеніміз не және оның көмегімен қалай үнемдеуге болады?