Жеңіл ақша және үлкен пайда: неліктен алаяқтардың уәделеріне сенуге болмайды

time 14.10.2024
aye 2329
Жеңіл ақша және үлкен пайда: неліктен алаяқтардың уәделеріне сенуге болмайды

Сізге қаржылық ұйымның кеңесшілері жоғары табыс туралы уәделерімен хабарласты ма? Қуануға асықпаңыз - бұл қаржылық пирамида болуы мүмкін. Алаяқтар өз қызметтерін жарнамалауда еліктіретін сөздерді қолданады және азаматтардың табысты және бай болуға деген ұмтылысын шебер. 

Қаржылық пирамидалардың тұзағына түспеу жолдарын Fingramota.kz сізге ескертеді. 

Қаржылық пирамида — бұл жаңа салымшылардың ақшасы қолданыстағы қатысушыларға төленетін, бірақ нақты табыс әкелмейтін схема. Пирамиданың шыңында ұйымдастырушы тұр, ол адамдарды ертегідей табысқа уәде беріп тартады, бірақ іс жүзінде олардың ақшасын өзіне алады. Салымшылар өз төлемдерін алу үшін жаңа қатысушыларды тартуы керек. Алайда, жаңа инвесторлардың ағымы бір кезде таусылады, сонда пирамида құлайды, ал салымшылардың ақшасын қайтару үміттері күл-талқан болады. 

Қаржы пирамидалары сіздің қырағылығыңызды қалай ұйықтатады 

Қаржылық пирамидалардың жасаушылары оларды түрлі ұйымдар ретінде жасырады. Олар қазіргі заманғы трендтерді, мысалы, инвестициялық салымдардың танымалдылығын пайдаланып, «жаңадан шыққан инвестициялық жоба», «кепілді төлемдермен перспективалы бизнес» сияқты дабыралы атаулармен салымшыларды тартады, сондай-ақ «өзіңізге тұрақты пассивті табыс қамтамасыз етіңіз» деген ұрандармен қызықтырады. Бұл тартымды болашақтар салымшыларды шатастырып, олардың сыни ойлауын өшіреді. Нәтижесінде адамдар күмәнді жобаларға және түсініксіз шарттармен қауіпті IT-стартаптарға инвестиция жасай бастайды. . 

Алаяқтар өздерін тұтынушылар кооперативтері, букмекерлік кеңселер, басқарушы компаниялар, тіпті туроператорлар ретінде де таныстыруы мүмкін. Қаржылық пирамиданың тағы бір мысалы — теңіз круиздерін ұйымдастыратын компания, ол оларды жарты бағасына ұсынады, бірақ жаңа клиенттерді тарту шартын қояды. Кейде қаржылық пирамидалар несие бойынша қарыздарды жабуға, несиелік тарихты «тазартуға», сондай-ақ өте тиімді шарттармен қарыз рәсімдеуге көмектесетін компаниялар ретінде жасырылады. Оның орнына пирамиданың жасаушылары клиенттерден бастапқы жарна төлеуді және жаңа қатысушыларды тартуды талап етеді.  

Адамдар неге алаяқтарға сенеді? 

Қаржылық пирамидалар жеңіл ақша табуды уәде етеді. Олардың танымал болуының бірнеше себебі бар: 

Олар тез байып кетудің жолдарын ұсынады, алтын тауларды – жоғары пайыздар мен сыйақыларды уәде етеді;

Көбінесе инвестициялық компаниялар ретінде жасырынып, табысты ұйымның бейнесін жасайды. Алаяқтар сенімділікті арттыру үшін үлкен кеңселерді жалға алуы мүмкін;

Олар қысқа мерзімде миллионер болатынына сенуге дайын адамдардың эмоцияларына әсер етеді. 

Сондай-ақ қоғамда «кәсіби салымшы» ұғымы бар. Бұл қаржылық пирамида не екенін түсінсе де, бәрібір инвестор болатын адамдар. Олар жобаға алғашқылардың қатарында кіріп, кейін ақшаларын пайдасымен сәтті шығарып алып, сол арқылы пирамиданың «тірі жарнамасына» айналады — яғни, бұл адам шынымен уәде етілген пайданы алды деген ой қалыптастырады.  

Алайда, пайданы тек ұйымдастырушылар алады. Оларға байып кеткен инвесторлар туралы қауесет тиімді. Бұл алаяқтардың кейбір азаматтарды түсіретін тұзақтарының бірі.

Толығырақ "Абайлаңыз, алаяқтар" бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге