Қаржылық алаяқтығы – «арнайы операция» және қорқыту. Шынайы оқиға

time 26.04.2024

Біздің Fingramota.kz интернет-ресурсымыздың жазылушысы өзі тап болған кезекті алаяқтық схема жөнінде айтып берді. Таяуда оған өздерін ҚР Ұлттық Банкінің қызметкерлеріміз деп таныстырған бейтаныс адамдар телефон соққан. Оның немен аяқталғаны және алаяқтардың   тағы қандай алаяқтық схемаларын қолданатындары жөнінде өз материалымызда айтып береміз.  

Алаяқтар адамдарды қалай адастырады? 

 Алаяқтар енді азаматтарға өздерін мемлекеттік органдар, полиция, прокуратура, ҰҚК және т.б. қызметкерлеріміз деп таныстырып, телефон соғып қана қоймай, бір адамды таңдап алып, соның қыр соңынан қалмай шабуыл жасайды. Әлеуетті құрбанын анықтап, оның банктер мен МҚҰ-ғы кредиттерінің болуын қоса алғанда, телефон нөмірлері жөнінде ақпаратты қолға түсіргеннен кейін қылмыскерлер өздерінің «операциясын» жүзеге асыруға кіріседі. 

Осындай жағдай біздің жазылушымыздың басынан өтті. Ешнәрседен бейхабар адамға «құқық қорғау немесе арнайы органдардың» жалған қызметкерлері телефон соғады, олар ҚР Қылмыстық кодексінің баптарына сілтеме жасап, конфиденциалдық талаптарын сақтауды сұрайды.

«Арнайы операциялар» немесе «сот алдындағы талқылаулар»  жүргіземіз-мыс деген сылтаумен қаскүнемдер өз іс-әрекеттерінің заңдылығын растау ретінде қоңырауларды өздерінің «әріптестеріне» немесе Ұлттық Банктің жалған қызметкерлеріне ауыстырады.


Қылмыскерлер жақсы «қаруланған»: алдын ала өздері оның атынан әрекет етіп отырған ұйымның фирмалық бланкісінде брендбуктың логотипін және элементтерін, мөрлерді, уәкілетті тұлғалардың қолтаңбаларын қолдана отырып, өздері туралы және ықтимал «жәбірленушінің» кредиттері туралы ақпарат жібереді. Бұл –ұйымның «қаржылық бақылау» өкілі ретіндегі алаяқтың «өкілеттіктерін», сондай-ақ қарыз алушы-жәбірленуші мен бұрын банктік қарыздар немесе микрокредиттер ресімделген банктер/МҚҰ арасында жасалған жалған кредиттік шартты растайтын анықтама.  Мұндай құжаттарда көбінесе кредиттік қарыздың болуы немесе өтелуі, сондай-ақ ақша қаражаттарының қозғалысы туралы толық ақпарат қамтылады.   

Алаяқтарға не қажет?  

Қаскүнемдердің барлық әрекеттері өздерін аңғал адамдардың есебінен байытуға бағытталған.

Әлеуметтік инженерлер қазақстандықтардың сеніміне ие болуға, олардың назарын аударуға тырысады, сондықтан қажет болған жағдайда олар үнемі психологиялық қысым көрсетіп, қорқытуы да мүмкін.

Қылмыскерлер жәбірленуші адамды асықтырады және оның «құтқарушы кредитті» рәсімдеуін талап етеді. Алаяқтардың нұсқауларын орындай отырып, кейбір азаматтар кредит алу үшін өз еркімен банк филиалдарына барады, сөйтіп ақшаны алаяқтық шоттарға аударады.

Алаяқтар ұялы телефонға келіп түсетін SMS-кодтарды өздеріне жіберуді, зиянды сілтеме бойынша өтуді, мессенджерде жаңа функцияларды іске қосуды, олардың құрылғыларына, содан кейін мобильді қаржы қосымшаларына қашықтан қол жеткізуді қамтамасыз ететін AnyDesk, TeamViewer сияқты қосымшаларды жүктеуді сұрауы да мүмкін. Оларға сенуге болмайды!

Өзіңізді алаяқтықтың бұл түрінен қалай қорғауға болады?

Әңгіме ақша туралы болғанда, әрдайым мұқият болу керек.

Құқық қорғау жүйесінің (ІІМ, ҰҚК, Бас прокуратура) қызметкерлеріміз деп таныстырған адамдардан, Ұлттық Банктің жалған қызметкерлерінен телефон қоңыраулары келіп түскен кезде әңгімені тоқтатып, қандай да бір талқылауға немесе «арнайы операциялар» жүргізуге қатыспаған жөн.

Есіңізде болсын: Қазақстанның құқық қорғау органдары мұндай «арнайы операциялар» жүргізбейді, ал Ұлттық Банк жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейді және халықпен ақшалай есеп айырысуды жүргізбейді, сондықтан оның өкілдері мессенджерлер арқылы жалған ақпарат пен жалған құжаттарды жібермейді.

Егер сізге мемлекеттік органдардан және басқа ұйымдардан түрлі құжаттар жіберілсе, онда бұл хабарларды бұғаттаңыз, күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, бұл – фишинг.

Түрлі сылтаумен кредит алуды талап ететін үшінші тұлғаларға сенбеңіз. Егер сіз әлі де банк бөлімшесінде немесе МҚҰ-да болсаңыз, онда кредиттік ұйымның қызметкеріне өзіңіздің жағдайыңызды, белгісіз адамдар тартып отырған «арнайы операция» туралы айтып беріңіз.

Туыстарыңызға, достарыңызға, әріптестеріңізге қоңырау шалып, олармен кеңесіңіз. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің call-орталығының «1459» байланыс нөмірін есте сақтаңыз, орталық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша кеңес береді.

Басқа азаматтар хабардар болу үшін осындай жағдайларды көпшілікке жариялаңыз, аттарынан алаяқтар іс-қимыл жасаған ұйымға олар туралы хабарлаңыз, әлеуметтік желілерге посттар жариялаңыз, ол ақпаратпен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің «Fingramota Online» мобильді қосымшасы арқылы бөлісіңіз.

Егер өзіңіз немесе жақындарыңыз алаяқтардың әрекеттерінен зардап шеккен болса, оларға дербес деректеріңізді, төлем карталарыңыздың толық деректерді, ақша берген болсаңыз, онда дереу құқық қорғау органдарына, сондай-ақ карта мен шоттарыңызды бұғаттау үшін банкке тиісті өтінішпен жүгініңіз.

Сақ болыңыз және Fingramota.kz-пен бірге қаржылық сауаттылықтарыңызды арттырыңыздар!

white-arrow Тізімге