Бюджетті жүргізу үшін кестені қалай пайдалануға болады?
Бұл отбасылық бюджетті жүргізудің базалық кестесі, оны жеке қажеттілік үшін жеңіл оңтайландыруға болады.
Міндетті төлемдер | Алып тастауға болмайтын шығыстар: коммуналдық төлемдер (газ, су үшін ақы төлеу, электроэнергия, ҚТҚ шығару үшін ақы, күрделі жөндеу үшін ақы, телефон, интернет, балабақша, мектеп үшін ақы төлеу және т.б.) |
---|---|
Қаржылық міндеттемелер
|
Кредиттер, кредиттік карталар, қарыздар бойынша төлемдер, борыш |
Тамақ өнімдері
|
Тамақ өнімдері мен сусындарды сатып алу. Мұнда чек бойынша барлық соманы не жекелеген тамақ өнімдерін жазуға болады, әрине бұл көп уақыт алады. |
Мерзімдік төлемдер
|
Бала күтушінің, үй қызметшісінің қызметтері, сақтандыру және т.б. |
Көлік
|
Қоғамдық көлікке арналған жол жүру және біржолғы билеттер, таксимен жүру, жиһазды тасымалдау, жеткізу және т.б. |
Киім және аяқ-киім
|
Киім мен аяқ-киімді сатып алу, жөндеу жұмыстарына, киім мен аяқ-киім тігуге арналған шығыстар |
Тұрмыстық заттар
|
Сабын, тіс пастасы, сусабын, жуу және тазалау бұйымдары, ас үй керек-жарақтарын сатып алу |
Денсаулық және сұлулық
|
Дәрі-дәрмек, ақылы оқыту, ақылы анализдер, массаж, косметика және парфюмерия, шаштараз, сұлулық салондарына бару және т.б. |
Салықтар
|
Салық төлеу |
Спорт
|
Бассейнге, жаттығу залдарына, корттарға, шаңғы базаларына, жағажайға, мұз айдынына абонементтерге немесе біржолғы баруларға ақы төлеу, жаттығушының қызметіне, мүкәмалдарды жалдауға ақы төлеу, үйде жаттығуға арналған тренажерлерді, шаңғыларды, шаналарды, велосипедтерді, конькилерді және т.б. сатып алу |
Хобби
|
Хоббиға арналған шығыстар (балық, аң аулау, тоқу, тігу және т.б.) |
Ойын сауық және бос уақыт
|
Барларға, клубтарға, кафеге, дискотекаларға, кинотеатрларға бару және т.б. |
Үй жануарлары
|
Малды және құстарды күту бойынша шығыстар: емдеу, азық, көрмелер және т.б. |
Отбасы мүшелерінің жеке қажеттіліктері
|
Отбасы мүшелерінің жеке қажеттіліктеріне арналған шығыстар. Мысалы, балаларға күнделікті қажеттілігіне жұмсайтын ақша беру |
Жөндеу
|
Жөндеуге және шебердің қызметіне ақы төлеу (бояу, түс қағаздар, желім, плинтустар, лактар және т.б.) және басқалары. |
Саяжай, бақ
|
Учаске мен саяжайды, ауылдағы үйді күтіп ұстау шығыстары: мүшелік алымдар, жарналар мен алымдар, тұқымдар, көшеттер, коммуналдық қызметтер, тыңайтқыш, құралдар, мүкәмал және т.б. |
Автомобиль | Мыналарға арналған шығыстар:
|
Мереке және сыйлықтар
|
Сыйлықтар алуға және атап өтілетін мерекелерге байланысты шығыстар |
Мақсатты жинақ ақша
|
Демалысқа, оқуға арналған жинақ ақша |
Жобаларға арналған шығыстар
|
Мысалы, жеке блокты жүргізу шығыстары (хостинг, домен, фриланверлердің қызметтері және т.б.) |
Егер сізде қандай да болмасын тармақтар болмаса, оларды алып тастап, өз тармақтарыңызды қосуға болады. Төменде біз отбасылық бюджетті жүргізуге көмектесетін бірнеше кеңесті жинастырдық.
Шығыстарды ғана емес, сол сияқты кірістерді жоспарлаңыз
Бір айда сіз қанша ақша табуды жоспарлап отырғандығыңызды біліңіз. Егер сіздің кірісіңіз тұрақты болмаса, алдыңызға қаржылық мақсат қойыңыз: сіз бір айға қажетті соманы нақты білесіз.
Ондай кесте шамамен төмендегідей болуы мүмкін
Отбасы мүшелерінің тұрақты кірістері
|
Жалақы, зейнетақы, сыйлықақы, гонорарлар |
---|---|
Жәрдемақы және жеңілдіктер
|
Коммуналдық төлемдерге арналған субсидиялар, көп балалы отбасыларға арналған жеңілдіктер, әскери қызметшілердің зайыбына жәрдемақы және т.б. |
Сыйлықтар
|
Ақшалай сыйлықтардың құны |
Пассив кірістер
|
Салымдар, дивидендтер бойынша пайыздар және т.б. |
Басқалары
|
Мүлікті сатудан түскен кірістер, кездейсоқ ақша табу |
Егер сіздің бірнеше кіріс көзіңіз болса, бұл бөлімге бірнеше жолды қоса аласыз.
Ақша жинауды ұмытпаңыз
Біз, кестеге бұл маңызды іске шығыстардың міндетті бабы ретінде қарау үшін «Депозитке салым» деген тармақты қостық. Айдың басында , жалақыны алған соң барлық кірістердің кем дегенде 10%-ын сақтап қойыңыз. Егер сізге өзіңіз күтпеген қарыз қайтарылса, оны тұтастай депозитке салып қойыңыз.
Жұмсайтын ақшаңызды алдын ала жоспарлаңыз
Демалыс немесе жөндеу мәселесі сізді депозиттен ақша алуға итермелейтін төтенше жағдай болмауға тиіс. Сондықтан біз кестеге «Мақсатты жинақ ақша» деген тармақты қостық: мақсат қойып, оған қарай алға жылжыңыз. Демалысқа шетел валютасында ақша жинаңыз немесе жеке қысқа мерзімді депозит ашыңыз: бастысы, сапарға қанша ақша жинағандығыңызды нақты біліңіз.
Шығыстарыңызды күн сайын тіркеп отырыңыз
Барлық шығыстарды есепке алуды ұмытпаңыз. Кестеде «басқа да шығыстар» деген тармақ бар, бірақ бұл сома барынша аз болуға тиіс: ақшаңыздың қайда кетіп жатқандығын нақты біліңіз.
Айларды салыстырыңыз
Отбасылық бюджетте тек есепке алу ғана емес, талдау да маңызды. Шараларды уақтылы қабылдау және шығыстарды оңтайландыру үшін кестедегі көрсеткіштерді салыстырыңыз. Күнделікті қажеттіліктен өзіңізді шектемей, осыны қалай жасауға болатындығын біліңіз.
Ұсынылып отырған отбасылық бюджетті есепке алудың бірқатар артықшылығы бар:
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар
Жылдам, ыңғайлы және пайдалы: неліктен автокөлік иелері Еурохаттамаға назар аударуы керек
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?
Криптовалюта дегеніміз не және ол қайда пайдаланылады?
Бейтаныс нөмірлерден спам-қоңыраулар: оларды қалай болдырмауға болады