Көпшілік жағдайда айлық табысы бірдей отбасылар әртүрлі өмір сүреді. Біреулер ақшаны жинауы мүмкін, тіпті түрлі қаржы құралдарын пайдалана отырып, қаражатты көбейтеді, ал дәл сондай табыс табатын кейбір отбасы жалақыдан жалақыға деп өмір сүреді. Неге бұлай? Мүмкін, бұл қаржылық әдеттермен байланысты шығар. Fingramota.kz-мен бірге талқылап көрейік.
Қаржы – бұл ресурс, оны басқаруды үйрену керек. «Қаржылық жоспарлау» сөзінің астарында «үнемдеу» деген ғана мағына жатқан жоқ. Бұл ақшаны дұрыс басқару мүмкіндігі, яғни шығындар мен кірістерді дұрыс жоспарлай білу. Мысалы, кейбір отбасында өз бюджетін жазбаша жазып жүргізу әдетке айналған. Бұл өте пайдалы әдеттердің бірі.
Өз шығыныңды не үшін бақылап, есептеп отыру керек?
Біріншіден, ағымдық қаржылық жағдайды түсіну үшін. Сіз қолыңызда бар қаражатты жеткізіп өмір сүру мен қарыз шұңқырына түсе беру арасын және қателікті түзете білуді нақты түсінуіңіз керек.
Екіншіден, алынған ақпарат өзіңіздің қаржылық әдеттеріңізді өзгерту үшін қажет болады. Егер кейбір отбасы жалақыны бір айға созып жеткізіп, «ақшаны матрастың астында» ұстаған дұрыс деген сеніммен өмір сүруге әдеттенсе, енді бірі ақшаны ақылмен жұмсап қана қоймай, сонымен қатар пассивті табысқа мысалы, қор биржасы арқылы қосымша қаржыға қол жеткізеді. Кейбір азаматтарда өздерінің қаржылық жоспарлары болады, соның нәтижесінде олар өздерінің қаржылық мақсаттарына қол жеткізеді, ал кейбірі ертеңге жоспарлар құрмай бүгінгі күнмен ғана өмір сүріп, күтпеген қаржылық шығындарға дайын болмай шығады.
Біздің әдеттеріміз өмірдің барлық аспектісінде үлкен рөл атқарады. Олар жақсы болсын, жаман болсын сіздің қаржылық жағдайыңызға әсер етеді. Тіпті, маңызды деп есептелмеген қаржылық әдеттер уақыт өте келе сізге үлкен әсерін тигізеді, мәселен әдет алдымен сіздің даму векторыңызды сәл өзгертеді, ал біраз уақыт өткеннен кейін бастапқы бағыттан ауытқу жағдайды түбегейлі өзгертуі мүмкін. Сондықтан кішкентай әдеттер үлкен нәтижелерге әкелетініне ешқашан күмәнданбаңыз.
Жер шарының басқа бұрышындағы әдеттер
«Ескі» әдеттерді «жаңамен» алмастыруға болады ма? Иә, бастысы бұл бағытта бірінші қадам жасау.
Мысалы, басқа елде тұратын адамдардың пайдалы әдеттерін зерттеп, оны өзіңізге қабылдай ала аласыз.
World Happiness Report (2018-2020 жылдар) соңғы нұсқасы бойынша, ең бақытты халық – финдер.
Әрине, фин еліндегі табыс көрсеткіші әлемдегі ең жоғары деңгейдің бірі, алайда оларды өздерін бақытты сезінуге дұрыс әдеттерді қалыптастыратын өмір салты әсер етеді.
Финдер – өте үнемшіл және әлемдегі қаржы жағынан аса сауатты халық. Олардың өзін тәрбиелеу тәртібі мықты, олар өзінің және өзгенің уақытын ерекше құрметтейді. Тұрғындардың 90%-ға жуығы зейнетақыға қосымша табысты қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, бағалы қағаздарға инвестиция салады. Олар аяқ астынан сатып алуды ұнатпайды және қаржыға қатысты әрекеттердің бәрін мұқият жоспарлайды. Финдердің табысты әрі ауқатты болуының құпиясы олардың жоспарлай білу әдетінде жатуы да мүмкін?
Даниялықтар – финдерден кейінгі бақытты халық. Дания – ең бақытты елдер рейтингінде екінші орында. Данияда қаржылық сауаттылықты «жаялықтан» бастап үйретеді. Жаңа туған нәрестелер үшін бірден банктік шот, ал есейген балалар үшін банк картасы ашылады және бұл әдетке айналып қана қоймай, дәстүрге ұласты. Ата-аналар балаларға қаржылық жауапкершілікті арттыру үшін қалта шығындары деп ақша береді. Сонымен қатар Данияда пассивті инвестициялық құралдар да танымалдыққа ие. Даниялықтар аса сақ инвесторлар, олар тек өздері білетін салаға ғана инвестиция салады. Даниялық бақыт пәлсапасы – шамалы нәрсеге қанағат етуге және қол жетпейтін жаңа нәрсенің артынан қумау қағидаттарына негізделген.
Соңғы мысалға – «бақытты» елдер рейтингіндегі Швейцарияны алдық. Бұл ел әлемдегі жетекші қаржы орталықтарының бірі, оның тұрғындары қарызға батуды ұнатпайды және бюджетті нақты ұстануға дағдыланған. Швейцариялықтардың ұлттық ерекшелігі олардың аңызға айналған бірсөзді, тұрақтылығынан басқа, өзін-өзі тәрбиелеудің жоғары деңгейі және ұзақ мерзімді перспективада бюджетті жоспарлап, үнемі ақша жинап, оны көбейтуге тырысуында жатыр. Сондай-ақ, олар өз балаларын ерте жастан бастап ақша ресурстары шексіз емес деген түсінікпен тәрбиелейді.
Айта кетейік, Қазақстан бұл рейтингте 149 елдің ішінен 45-позицияда, ал Ресей 76-шы тұр. Тәжірибеге сүйенсек, дұрыс қаржылық әдеттер өмір сүру сапасына оң әсер ететінін көрсетуде.
Сонымен, бұл әрекеттер әдетке айналуы үшін не істеу керек:
Өзіңіздің шығындарыңызға талдау жүргізіңіз. Қаражаттың қаншалықты тиімді жұмсалып жатқанын түсіну, сондай-ақ қажетсіз шығындарды есептеу үшін әрбір сатып алынған заттарды жазып отырыңыз. Осылайша, сіз импульсивті сатып алуда үнем жасай отырып, қаражатты депозитке сала аласыз. Айтпақшы, сіз кез келген смартфонға жүктеуге болатын түрлі қаржылық жоспарлау сервистерін пайдалануыңызға болады.
Қаржы жоспарын жасаңыз және оны қатаң ұстаныңыз. Бұл өте маңызды мәселе және ол сізге қаржылық курстан өту қажеттілігін тудырмайды. Мысалы, сіз шетелде демалу үшін қаражат жинағыңыз келді. Ол үшін алдымен сізге қандай сома қажет екенін есептеп, мақсатты орындау мерзімін белгілеңіз. Бұл үшін ай сайын қанша ақша жинау керектігін есептеңіз. Өзіңіздің қаржылық мүмкіндігіңізді ескеріңіз. Алайда, мақсатты қаржы жинау процесінде сіз қатаң үнемдеп, «тиын санау» режимінен аулақ болыңыз. Өзіңізді өмірдің әдеттегі қуаныштарынан айыру, сізге көптеген жағымсыз эмоциялар мен эмоционалды дисгармонияға ұрындыруы мүмкін. Отбасылық бюджетті үнемдеу барлық нәрседен өзіңді шектеу емес, өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Мүмкіндіктер бойынша өмір сүру – бұл дұрыс қағидат. Кейде сіз өзіңізді және жақындарыңызды қуантып, марапаттап отыру қажет екенін ұмытпауымыз керек. Мүмкін бұл киноға, ойын-сауық саябағына, дәмханаға немесе театрға бару болуы мүмкін. Жоспарланған бюджет аясында ойын-сауық және жағымды сәттерге жұмсалатын шығындары алдын ала ойластырып көріңіз.
Қаржылық қауіпсіздік жастығын жасаңыз. Өмірде әртүрлі форс-мажорлық жағдайлар болуы мүмкін және қиын әрі күтпеген жағдайдан «қалқып шығу» үшін қосымша қаржы жинағы болуы керек. Бұл мақсаттағы жинақ қаражат мүмкіндігінше алты жалақы көлемінде болған дұрыс. Қаражатты алып пайдаланбайтын жерде, дұрысы депозитте сақтаған жөн.
Кредиттермен, әсіресе кредит карталарын пайдаланғанда абай болыңыз. Көп жағдайда кредит карталары бізді міндетті емес шығындарға итермелейді. Қалтаға сай келмейтін нәрсені сатып алу үлкен құмарлыққа айналды. Ал оның құны жоғары пайыз төлеуге алып келеді. Егер сіз кредит және/немесе кредит картасы қажет деп шешсеңіз, қарыз шартын міндетті түрде оқып шығыңыз. Барынша тиімді ұсынысты таңдаңыз. Кэшбэкті қолданыңыз. Ақы төлеу мерзімін кешіктірмеңіз. Жалпы кез келген ақша немесе тауар кредиттерімен абай болыңыз. Кредиттің ең жақсы баламасы –бөліп төлеу.
Кез келген шартқа қол қоймас бұрын оны мұқият оқыңыз. Бұл өте практикалық және прагматикалық әдет. Кейін жағымсыз жағдайларға тап болмау үшін шартқа қол қоймас бұрын оның барлық тармақтарын мұқият оқып шығыңыз. Қажет болса, менеджерден талдау үшін уақыт сұрап, шартты үйге алып кетіп, заңгерден кеңес алыңыз.
Пассивті табыс табыңыз. Бұл сіздің күнделікті әрекеттеріңізге қарамастан үнемі келіп түсетін қаражат және сіз оны өз мақсаттарыңызды жүзеге асыруға жұмсай аласыз. Пассивті табыстың нұсқалары ретінде банкке салым немесе бағалы қағаздарға инвестиция салу қарастырылады. Жылжымайтын мүлік пен зияткерлік меншік те пассивті табыс әкелуі мүмкін.
Түрлі тәуекелдерге дайын болыңыз. Өмірді, денсаулықты, жылжымайтын мүлікті сақтандыру бойынша түрлі бағдарламаларды зерттеңіз. Бұл жерде сақтандыру талаптары барлық шығындарды жабуы үшін тағы да сақтандыру шартын жақсылап оқып, ой елегінен өткізу керек.
Өзіңіздің қаржылық сауаттылығыңызды тұрақты түрде арттырыңыз. Қаржы жағынан сауатты азаматтар мысалға алғанда қаржы алаяқтары қандай әдістер мен тәсілдер қолданатынын, қаржы пирамидасының белгілерін жақсы біледі, қаржы әлемінің бағыттарын бағдарлай алады және қаржы өнімдері мен қызметтерінен хабары болады. Балаларыңызға қаржылық сауаттылықтың қыр-сырын үйретіңіз! Оларға қалта шығындары үшін ақша беріңіз және оны қаржылық мақсаттарыңызға жетуге үйретіңіз! Арнайы әдебиеттерді оқыңыз, ілім үйрететін фильмдер мен бейнероликтерді көріңіз, қаржылық сауаттылық бойынша курстардан немесе тренингтерден өтіңіз және www.fingramota.kz сайтында жарияланған материалдарды қарап отырыңыз!
Алаяқтар трендте: алдаудың нақты жағдайлары және одан қорғану әдістері
Жеңіл ақша және үлкен пайда: неліктен алаяқтардың уәделеріне сенуге болмайды
«Жалақыға дейінгі кредит»: мұндай микроқарыздар беру жағдайында не өзгерді
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Қаржылық инклюзияны дамыту – реттеушінің негізгі басымдықтарының бірі