Биылғы жылдың соңғы күндері жаңа жылдық қарбалас шарықтау шегінде. Баршамыз жақындарымызға сыйлық дайындап, сыйлықтарымызды бөліп төлеуге ресімдейміз. Бөліп төлеу тауар немесе көрсетілетін қызметті бірден алып, ақысын кейінірек төлеуімен ыңғайлы.
Бұл ретте кез келген қарыз сияқты бөліп төлеудің де өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Оларды Fingramota.kz.-пен бірге қарастырайық.
Кәсіпкерлер үшін кез келген мереке күндері, әсіресе Жаңа жыл қарсаңы сатудан жақсы кіріс алу үшін тиімді маусым болып табылады. Адамдар өздеріне және жақындарына сыйлық сатып алып, алдағы демалыстарға дайындалады. Тұтынушылар қарыз алмай немесе депозиттегі ақшаны пайдаланбай, бірден үлкен соманы бермейтінін түсінсе, сатып алу туралы бірден шешім қабылдайды. Сондықтан бөліп төлеудің негізгі артықшылығы қымбат тауарды өзіңнің қаржылық жүктемеңді тепе-тең бөле отырып сатып алу мүмкіндігі болып табылады. Сонымен бірге қағазда көптеген құжаттарды ресімдеп, банк кеңсесіне барудың қажеті жоқ – барлығы банк қосымшалары арқылы ресімделіп, бірнеше минут уақытты ғана алады.
Сонымен бірге егер сіз кезекті төлемді уақтылы енгізбесеңіз, бөліп төлеу автоматты түрде тұтынушылық кредитке айналатынын ұмытпаған жөн.
Бөліп төлеудің басты артықшылықтары:
Бөліп төлеудің басты кемшіліктері:
Fingramota.kz-тің бөліп төлеуді ресімдеуге қатысты кеңестері:
Бөліп төлеудің де кредит екенін әрдайым есте сақтау қажет, оны төлемеген жағдайда сізді шартқа сәйкес сотқа тартуы мүмкін. Сондай-ақ кредитор міндеттемелердің орындалмауы туралы ақпаратты кредиттік бюроларға жіберуге міндетті болады, нәтижесінде бұл сіздің кредиттік тарихыңызға теріс әсер етеді. Сонымен бірге кредитор төлем талабын қоя алады (бұл шара шартта көрсетілген жағдайда) және белгілі бір сома борышкердің қосымша келісімінсіз банктік шоттан есептен шығарылатын болады. Сол үшін қарыздарыңызды уақтылы төлеп отырған дұрыс!
Жаңа жыл қарсаңында тиімді сауда мен көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! Қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар
Жылдам, ыңғайлы және пайдалы: неліктен автокөлік иелері Еурохаттамаға назар аударуы керек
Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма