Несие тарихындағы ақпаратпен келіспейсіз бе? Оны даулаңыз.

Несие тарихындағы ақпаратты даулау - бұл Бірінші кредиттік бюроның (БКБ) онлайн режимде тегін ұсынатын қызметі.

Егер сіз дербес несие есебіндегі (ДНЕ) қандай да бір ақпаратпен келіспесеңіз, БКБ-ға ақпаратты жоққа шығаратын өтініш жасауға құқығыңыз бар.

  • БКБ сіздің өтінішіңізді қарастырып, сіз дауласып отырған деректерді ұсынған ақпарат жеткізушісіне сұрату жібереді;
  • Ақпаратты жеткізуші сұрауды қарастырады да, БКБ-ға жауап қайтарады;
  • Жеткізушіден алынған жауап негізінде сізге БКБ-дан тиісті нәтиже жолданады. Ақпарат жеткізушілер түзетулер енгізген жағдайда, Сізге түзетілген ДНЕ беріледі.

Қызмет тегін көрсетіледі.

Сіздің несие тарихыңыздағы ақпаратты даулауға берген өтінішіңіздің мәртебесін www.1cb.kz БКБ порталында қадағалау қажет.

Несие тарихындағы ақпаратты даулау үшін не қажет?

  • Сізде кемінде 10 күн бұрын алынған несие туралы нақты есеп болуы тиіс. ДНЕ-ті ЭСҚ болған жағдайда, www.1cb.kz сайтында онлайн алуға болады;
  • Мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелген қолданыстағы телефон нөмірі.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Ақпарат берушілер кредиттік тарихтағы кез келген деректер өзгерген немесе алынған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде кредиттік бюроға хабарлауға міндетті. Коллекторлық агенттік - 30 күнтізбелік күн ішінде хабарлауға міндетті.
Ақпаратты даулауға өтініш бергім келеді
+7


«Бірінші Кредиттік Бюро» ЖШС (БКБ) орталықтандырылған түрде ақпаратты жинауды, сақтауды және өңдеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы несиелік тарихты қалыптастыруды және несиелік бюролар туралы заңға сәйкес несиелік есептерді ұсынуды және несиелік тарихты қалыптастыруды жүзеге асыратын ұйым болып табылады. Заңнамада белгіленген тәртіппен несиелік тарих БКБ кредиттік тарих деректер базасына ақпарат берушілер - банктер мен қаржы институттары т. б. берген ақпарат негізінде қалыптастырылады.