Еурохаттама
бұл не және оны қалай қолдануға болады
Кім және қалай өтінім беру керек?
ЖКО-ға қатысушының екеуі де ұялы телефондарына «Еурохаттама» қосымшасын немесе сақтандыру ұйымының қосымшасын жүктеп алуы немесе сақтандыру ұйымының сайтына жазуы тиіс. Тіркеу рәсімінен өтіп, оқиғаның фотоматериалдарын салу қажет.

Маңызды: сақтандырушылар соқтығысу фактісі мен шығын мөлшерін растайтын қосымша материалдарды сұрамауы үшін сапалы түсірілген фото жіберілуі керек.
Фотосуретті сәтті жүктеп, декларацияны толтырғаннан кейін бұл құжаттар сақтандыру компаниясына жіберіледі. Зардап шегушілерге сақтандыру жағдайының тіркелгені туралы SMS-хабарлама келуі тиіс.

Егер SMS келіп түссе, бұл сақтандыру ұйымының өтемақы алуға өтініш қабылданғанын білдіреді. Осыдан кейін ғана автокөлік иелері ЖКО орнынан кете алады.
Өтінім беру мүмкін болмаған жағдайда не істеу қажет?
Егер қосымшаны орнату немесе пайдалану кезінде қиындықтар туындаса, қазақстандықтар өздерінің сақтандыру ұйымымен кеңесе алады немесе «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-тың байланыс орталығына
+7 (727) 339 31 88, немесе 2570 нөмірі бойынша қоңырау соға алады.
Осы цифрлық өнім жөнінде тағы нені білу қажет?
«Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Еурохаттама бойынша сақтандыру төлемі жүзеге асырылғаннан кейін пайда алушы (зардап шегуші) сақтандырушыға сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібі кезінде өтеудің шекті мөлшерінен асатын зиянды өтеу туралы қосымша талаптар қоюға құқылы емес.

100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде сақтандыру төлемін жүзеге асырғаннан кейін сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөніндегі міндеттемесі тиісінше орындалған болып есептеледі.
Даулардың пайда болуы
  • Сақтандыру ұйымымен даулар туындаған жағдайда зардап шегуші сақтандырудың барлық түрі бойынша азаматтар мен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін қарайтын сақтандыру омбудсманына жүгіне алады. Сақтандыру омбудсманы сақтандыру ұйымдарының клиенттеріне өтеусіз негізде қызмет көрсетеді.
  • Омбудсманның шешімі сақтандыру ұйымдары үшін міндетті болып табылады. Мұндай шешімді орындамау уәкілетті органның сақтандыру ұйымдары мен олардың басшыларына қатысты қадағалап ден қою шараларын қолдануына негіз болады.