Қаскөйлер өздерінің Желідегі профилін жиі баланың аккаунты ретінде жасырады.
Балаңыз өз құрдасыммен сөйлесіп жатырмын деп ойлауы мүмкін, бірақ шын мәнінде бұл алаяқ болып шығуы мүмкін. Мұндай виртуалды «достар» баланы ата-анасының төлем картасын суретке түсіріп жіберуге, телефонға жіберілетін SMS-кодты айтып беруге немесе зиянды қосымшаны жүктеуге көндіретін жағдайлар жиі кездеседі.
Балаңызбен диалог орнатыңыз, оның виртуалды достары туралы шынайы өмірдегі достары сияқты сөйлесіңіз. Балаға оның Интернетте жариялағанының бәрі жалпыға ортақ екенін және Дүниежүзілік ғаламторда сақталатынын, бұл деректерді кез келген адам пайдалана алатынын түсіндіріңіз. Балаңызға бейтаныс адамдарға, әсіресе Интернетте неге сенуге болмайтынын және қандай деректерді жария етпеу керектігін түсіндіріңіз.
Онлайн-алаяқтардың айласына балалар ғана емес, сенгіш ересектер де алданып қалуы мүмкін. Сондықтан қаржылық сауаттылығыңызды жүйелі түрде арттырыңыз, сонымен қатар балаңызбен жиі сөйлесіп, жеке деректерді, ақшаны ұрлаумен және сіз болмаған кезде туындауы мүмкін Интернеттегі алдаудың басқа әдістерімен байланысты әртүрлі жағдайларды бірге қарастырыңыз.
Әрбір ата-ананың білуі тиіс Интернеттегі қауіпсіздік ережелері:
«Кепілдендірілген табыс» және жылдам ақша: қаржы пирамидалары қалай жұмыс істейді және адамдар неге...
Қаржы пирамидаларын қалай тануға болады: негізгі белгілері
Микроқаржы омбудсманы: ол қандай мәселелерді қарайтын болады
Салықтық шегерімдер дегеніміз не және оның көмегімен қалай үнемдеуге болады?
Банк картаны бұғаттады: не істеу керек?
Цифрлық алдау: криптопирамидаларды қалай тануға болады