ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ашық нормативтік құқықтық актілер порталында ашық талқылау үшін Банк тік қызметтер д і көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк тік қызметтер д і көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларына өзгерістер жобасын орналастырды.
Жобаны Агенттік өзінің кредиттік өнімдерін жарнамалау кезінде қарыздар туралы және қарыз алушылардың кредит бойынша өз міндеттемелерін уақтылы орындамағаны үшін жауапкершілігі туралы толық ақпаратты ашу, сондай-ақ жалған қарыздарды алаяқтық тәсілмен ресімдеу фактілеріне уақтылы ден қою жөніндегі банктер тарапынан жұмысты күшейту мақсатында әзірледі.
Реттеуші банктер өздерінің жарнамаларында банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда қарыз алушыға қауіп төндіретін салдарлар туралы хабарлауды ұсынады. Борышкердің кредиттік тарихының бұзылуынан басқа, банктер айыпақы: айыппұлды, өсімпұлды есептеуге, берешекті сотқа дейінгі өндіріп алуға және коллекторлық агенттікке реттеуге беруге, сотқа талап арызбен жүгінуге және т. б. құқылы.
Түзетулердің жеке блогы қарыз алушыларды қорғауға бағытталған және банктік қарыздарды алаяқтық тәсілмен ресімдеуге байланысты іс-шараларға арналған.
Дропперлік = қылмыс!
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Тұтынушылық кепілсіз онлайн-қарыздар беру кезінде «шешім қабылдау» кезеңін енгізу жөніндегі шаралар...
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Жаңа қағидалар: коллекторлар бұдан былай борышкерлермен қалай жұмыс істейді