«Алдымен өзіңе төле» немесе бюджетті қалай дұрыс жоспарлау қажет

time 11.11.2021
aye 5470
«Алдымен өзіңе төле» немесе бюджетті қалай дұрыс жоспарлау қажет

«Ақшаны қалай жинап, көбейтуге болады?» деген сұрақ әрқашан да өзекті және Ұлттық валюта – теңге күнінің қарсаңында бұл сұраққа ерекше мән бергіміз келеді. Fingramota.kz қаржылық еркіндікке қол жеткізген көптеген адамдардың өмірін өзгерткен қарапайым қағидат жайында айтып береді.

Жеке қаражатты басқарудың маңызды қағидаттарының бірі дәл осылай «Алдымен өзіңе төле» деп аталады, яғни кіріс түскен бойда оның 10%-ын депозитке немесе ағымдағы шотқа салу қажет. Бұл пайдалы әдетке айналуы үшін жалақы, қаламақы алған сайын немесе басқа кез келген кіріс түскен сайын осылай істеу қажет. Тәртіпке көніп, сабыр сақтасаңыз болғаны, нәтижесі сізді қуантары сөзсіз.

Нені есте сақтау қажет?

Ақшаны неге жинауға болады? Бірінші кезекте, өзіңіздің «қаржылық қауіпсіздік жастығыңызға» – бұл қандай да бір ойламаған шығындарға арналған қаражат, кемінде 6 ай сайынғы жалақыңыздан тұратын тұрақтандыру қоры немесе «жұмсалмайтын» қор. Бұл ақшаны әншейін, қандай да бір қажет емес заттар үшін жұмсауға болмайды. Оны, мысалы, уақытша жұмыссыз қалған жағдайда, кредит бойынша міндеттемелеріңізді орындау үшін немесе өзге де маңызды жағдайларда пайдалануға болады. «Жұмсалмайтын» резервіңізді жинақтап алған соң, қандай да бір ірі заттарды сатып алуға немесе түрлі қаржы құралдарына инвестициялау үшін қаражат жинай беруіңізге болады. Алға қойған мақсаттарыңыз сізді рухтандырып, ақшаны тиімді жұмсауға көмектесуі керек.

Ақшаны қолыңызға алғаннан немесе сома сіздің картаңызға «түскеннен» кейін ақшаны бірден жинақтау керек екені есіңізде болсын. Иә, сізді төленбеген шоттар, кредиттер күтіп тұруы мүмкін, тез арада азық-түлік сатып алу керек немесе балалардың күнделікті жұмсайтын қаражатын беру керек. Бірақ сіз білген бұл қағидаттағы ең басты нәрсе – бұл өзіңіз. Ақшаға қатысты пікіріңіз бен көзқарасыңызды өзгерту керек. Алдымен өзіңіз жайлы, содан кейін басқаларды ойлаңыз. Оның үстіне, практика көрсетіп отырғандай, егер сіз, мысалы, ақшаны алған кезде, оны бірінші кезектегі және екінші кезектегі шығындарға жұмсасаңыз, онда сізде ештеңе қалмауы мүмкін.

Сондай-ақ, жүйелілікті есте сақтау керек. Егер сіз екі ай ақша жинақтап, одан кейін оны үш ай ұмытып кетсеңіз, онда «жабулы қазан жабулы күйінде қалады», ал ақша жинақтау әдеті әрі қарай дамымайды.

Толығырақ мына бөлімнен оқыңыздар

white-arrow Тізімге