2023 жылғы 13 сәуірде Fingramota.kz жобасының шеңберінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ықпал етуімен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде және «Тұран» университетінде мемлекеттік және орыс тілдерінде қаржылық сауаттылық бойынша оқыту дәрістерінің циклы басталады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қаржылық және цифрлық сауаттылық» тақырыбы бойынша оқыту дәрістерінің сериясы «Freedom Life» ӨСК» АҚ-тың жоба-менеджері Үміт Досниязованың басшылығымен өтеді.
Спикер қаржылық сауаттылық негіздері, қаржы өнімдері және оларды дұрыс пайдалану артықшылықтары, сондай-ақ онлайн сатып алу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы айтып береді.
«Тұран» университетінде «Jusan Invest» АҚ Ірі клиенттермен жұмыс департаментінің вице-президенті Әйгерім Молдабекова «Қор нарығының негіздері. Инвестиция салуды қалай бастауға болады?» тақырыбындағы таныстырылым бойынша сөз сөйлейді.
Спикер нақты практикалық кейстердің мысалдарында студенттерге қор биржасының қалай жұмыс істейтіні, акциялардың облигациялардан қалай ерекшеленетіні, бағалы қағаздардың қандай түрлері бар екендігі, брокерлік шарт жасасу кезінде жаңа бастаған инвесторға неге назар аудару керек екендігі, инвестициялық делдалды жалған брокерден қалай ажыратуға болатындығы және басқалары туралы айтып береді.
Оқыту дәрістері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде сағат 10.00-ден 11.30-ға дейін, «Тұран» университетінде сағат 14.00-ден 15.00-ге дейін (Астана қаласының уақытымен) өтеді.
Агенттік Fingramota.kz жобасы шеңберінде өткізетін барлық оқыту іс-шаралары тегін болып табылатынын атап өтеміз. Оқыту іс-шараларын өткізу мәселелері бойынша fingramota@finreg.kz электрондық поштасына жазуға немесе Агенттіктің Сall-орталығына1459 нөміріне қоңырау шалуға болады.
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар
Жылдам, ыңғайлы және пайдалы: неліктен автокөлік иелері Еурохаттамаға назар аударуы керек
Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма